І. Кіріспе І. Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы


I.4. Білім мен ғылым –Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудағы негізгі тұтқа



бет9/10
Дата25.01.2023
өлшемі369 Kb.
#62962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
I.4. Білім мен ғылым –Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудағы негізгі тұтқа
Білім мен ғылым –Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудағы негізгі тұтқа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кезекті 2008 жылғы 6- ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты екендігін айқындайтын негізгі факторлардың бірі ретінде ғылым мен білімнің дамуына баса назар аударады.
Жолдаудағы білім беру саласының басты міндеті ретінде білім берудің тиімді инфроқұрылымын жасауды аяқтау; ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тарту қажеттігі; «тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру үшін мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық тәсілдерін қолдану және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне аса көңіл бөлу бағытына тоқтала келе қазіргі әлемдік өркениеттің ағымына ілесу үшін, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы басты тірегіміз ғылым мен білім жетістіктері екенін атап өтті.
«Бәсекеге қабілетті ұлт туралы айтқанда ұмытылмайтын бір тиісті нәрсе-бәсекеге қабілеттілік. Бұл-ең алдымен өзіңнің барлық артықшылықтарыңды
пайдалана білу деген сөз, бірақ оларды өзіміздің кім екендігімізді ұғынғаннан кейін барып қана анықтауға болады»,-дей келе Н.Ә.Назарбаев,- «Біз-ғасырлар бойы әлемдік өркениеттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз.Ұлы Дала қашан да әртүрлі мәдениеттер,тілдер,әскерлер,діндер,тауарлар және идеялар тоғысқан қиылыста тұрды.Мыңдаған жылдар бойы Дала халықтардың генераторы болды.Ал ХХІ ғасырда ол ерекше сападағы адамның генераторына, жаңа идеялардың генераторына айналуы тиіс.Біздің табиғатымызға біткен далалық ойлау машықтары, ғаламдық трендтер- икемділік пен жүйелілікті барынша толық бейнелеп көрсетеді»,-деді.
Бүкіл дүние жүзінде, білім беру саласында «Бүкіл өмір бойы білім алу» тұжырымдамасы енгізілуде.Бұл үздіксіз білім алуға және жеке қабілетті үнемі жаңартып тұруға негізделген.
Бүгіндері күн тәртібінде, елімізде іске асырылып отырған жаңарулардың мазмұнына сәйкес, қазақстандық және қоғамдық сананы қалыптастыру қажеттігі шықты.Бұған жалпы адамзаттық мәдениеттің, қазіргі заманғы білімнің және ұлттық дәстүрдің элементтерінің кіру қажеттігі күмәнсіз.Демек, үнемі өзгеріп отырған әлемге және білім беру саласындағы
жаңа әлуметтік талаптарға қарамастан, білім беру жүйесінің міндеті сол күйінде-толыққанды және бәсекеге белсенді азаматты тәрбиелеу, білім берудің ролін экономикалық пайда табудың тұрғысынан емес, сонымен бірге- ойлайтын, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін және еліне жаны ашитын азаматтарды қалыптастыру түрінде қалып отыр. Бұл қасиеттер әрбір адамның бойына жанұя, мектеп, университет сияқты әлеуметтік институттарда сіңірілуі тиіс.
Өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдардың болуы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құру жолындағы ең үлкен кедергі болуы мүмкін . 2003 жылы қабылданған идустриялық – инновациялық дамудың стратегиясы бізге бұл мәселені шешуге көмектеседі . Аталмыш стратегияны іске асыру барысында экономиканың кадрлық және технологиялық деңгейін анықтайтын негізгі фактор ретіндегі жоғарғы
мектеп жетілдіріледі .Оны іске асырудың іс жүзіндегі нәтижесі, ғылыми – технологиялық прогрестің болашағы бар тенденцияларына жауап беретін ғылыми зертеулерді қамтамасыз етуі және оның алға оза отырып дамуы болып табылады. Міне сондықтан да біз білім беру мәселесіне ерекше қараймыз .
« Мен қоғам дамуының білімге негізделген дұрыс бағытын таңдай алғанымызға сенімдімін , елдердің салыстырмалы артықшылықтарын, табиғатының байлығымен және арзан жұмыс күшімен анықтау бірте – бірте азайып , оның орнына техникалық инновациялармен және білімді нақты пайдаланудың мысалдарымен анықтау бірінші орынға шығуда» ,-дей келе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев ,- «Елімізде өздеріне жауапкершілік ала алатын жас адамдардың жаңа буыны - ірі проблемаларды шеше алатындай болулары және өзгерген экономикалық және технологиялық жағдайларға бейімделе білулері тиіс, сондай-ақ олардан ғаламдық трендтерді екі қадам бұрын сезіне отырып , қалыптасқан жағдайларда тиімді түрде пайдалана білу талап етіледі », - деп атап көрсетті .
Қытай даналығы : «Адамның өмірінде шек бар, білімге ондай жоқ»,-десе, қазақ даналығы : «Жеті тілді білуге ұмтыл және жеті ғылымды меңгер»-дейді.
Күшті және гүлденген мемлекет болу және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін біз интеллектуалдың элитаға, жоғарғы технологияға , еліміздің ғылыми әлеуметіне сүйенуіміз қажет . Тек өзінің интеллектуалдық әлеуметінің арқасында ғана әрбір ел әлемдегі өзінің лайықты орнын ала алады .
Қазіргі таңда әлемдік алдыңғы қатарлы мемлекеттер өз ара интеллектуалдық байлығымен бәсекеге түсуде . Себебі дамыған мемлекеттер ұлттық байлығының 75% -ына интеллектуалдық капитал арқылы жетуге мүмкіндік алуда . Осы себептерге де байланысты Қазақстанда соңғы он жылда білім беруді қаржыландыру 7- есеге өскен .
Барлық білім ордаларын компьютерлендіру толық іске асырылып, интернетке қосылу мүмкіндігі жасалуда .
2000-шы жылдан бері қарай Қазақстан Республикасының ғылымына да қаржыландыру 7-есеге көбейтілді. Ғылыми – техникалық даму бағытында да ірі инфраструктура қалыптасуда.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысмен «Интеллектуалды ұлт -2020» идеясын іске асыру қолға алынуда . Бұндағы
басты үш бағыт белгіленген:
Біріншіден білім беру бағытындағы инновациялық жетістіктерді дамыту.Бұл жастардың білім жетістіктерін өз бойларына жақсы сіңіруі үшін жаңа шешімдер қабылдану, технологиялар мен жаңашыл методикалар, сонымен қатар оқытудың жаңашыл формалары мен мааандықтарды дамыту.
Екінші басты кезең - әлем елдерінің басты назарындағы аса мықты информациялық төңкерістерге қол жеткізу. Осы бағытта басқа жетекші мемлекеттердің қатарыннан қалыспас үшін ақпараттық – технологиялар паркі базасында Алматыда, ірі өңірлік ІТ – университетінің жобасын құру арқылы , әлемдік деңгейдегі шетелдік ірі оқу орындарының жетекші мамандарын қатыстыру арқылы, сонымен қатар ақпараттық –технология идустриясын қалыптастыру, интернет – компаниялардың қарыштай дамуына ықпал ету, электрондық коммерцияның дамуына басты назар аудару:
Үшінші кезең, жобаның сәтті дамуына ықпал етуші күш ретінде, мемлекет басшысы жастардың рухани тәрбиесіне баса назар аудару қажеттігін көрсетіп айтты.
-Білім немесе кәсіптіп тәжірибе басты құралға айналу үшін, олар ұлттық санаға, адамгершілік құндылықтарына қоғам алдындағы міндет түсінігіне, әлеуметтік ынтымақтастыққа, сонымен қатар ұрпақтар жауапкершілігіне толы болғанда ғана , бұл іс өрлей алға басатындығын ел басымыз атап көрсетті .
Қазақстан Республикасының болашақ экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынар тағы бір міндеттің бірі білім беру бағдарламасындағы озық ойлы ұсыныстар мен мақсаттарды іске асыру.Соның бірі ретінде халықаралық бағдарлама орталығында әлем халықтарының мектебін құру. Осы мақсатта биылғы жылдан бастап
Астана қаласында әлемдік деңгейдегі университеттің құрылыс жобасы басталуда. Онда алдыңғы қатарлы шетелдік жоғарғы оқу орындарының филиалдары жұмыс істейтін болады. Бұл да бір Қазақстан Республикасын
ХХІ-ғасырдың мықты да гүлденген, мәдениеті жоғары дамыған алдыңғы қатарлы елдері арасынан көру мақсатындағы жасалынып жатқан істерінің бірі.
Мемлекеттің инновациялық дамуының тактикасы мен стратегиясы сол елдің интеллектуалдық байлығына тікелей байланысты екендігін әлем елдері толық дәлелдеген.Осы бағытта елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың инициативасымен жасақталған «Болашақ» оқу бағдарламасы сол кезеңдегі аяғына жаңа тұра бастаған тәуелсіз еліміз үшін білім саласындағы
революцияға пара-пар еді. «Болашақ» бағдарламасы оқу-білім саласындағы жаңа модернизация мен ұмтылыстарға бастама болды.1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясы «Болашақ» бағдарламасына жаңа серпін берді.Еліміздің экономикасы өрлеу үстінде.Бұл болашақшылар санының артуы мен географиялық шеңберінің кеңеюіне әсер етуде.Қазіргі таңда жыл сайынғы стипендианттар саны 3 мыңға дейін жетіп, білім беруші мемлекеттер саны 32-ге жетті. «Болашақ» бағдарламасы өзінің 15 жылдық кезеңінде елімізді бірнеше жүздеген аса жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз ете алды.Бүгінгі таңда шет елдерде 20 мыңнан астам таңдаулы жастарымыз білімін шыңдап жатса,Ресей өлкесінде 15 мыңға таяу жас кадрлар даярлануда. «Болашақ» бағдарламасының 15 жылдығы форумында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, бұл бағдарлама бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру бағытындағы біздің еліміздің білім жетістігіндегі алға бастар жобамыздың бірегейіне айналуы тиіс. Алдағы кезеңде «Болашақ» шет елдерде білім алу құралына ғана айналмай, Қазақстан территориясындағы шет елдік дарынды жастарды тартушы оқу орындарын қалыптастыруға да негіз болуы қажеттілік. Бұл елімізге шет елдік талантты жастардың көптеп келуіне және көршілес мемлекеттер арасындағы аймақтық лидерлікке бағыт береді, сондай-ақ бәсекеге қабілетті елдер қатарынан орын алуға нақты сенімділікті арттырады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей: мемлекеттің гүлденуі жаһандық экономикадағы оның қоры мен өндіруші күшіне ғана емес адами факторына, оның ғылым мен білім жетістіктеріне тікелей байланысты. ХХІ-ғасырда мемлекеттер жетістіктері бірінші кезекте интеллектуалды көшбасшы ұлтты қалыптастырумен анықталады.
«Интеллектуалды ұлт көшбасшылығы» дегенге не жататындығын сараптайық. Бұл ең біріншіден мемлекеттің адамдар капиталы: оқу-білім сферасындағы көшбасшылығы, әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабылеттілік, ұлттың сапалы технология құра білу мүмкіндігінің болуы, интеллектуалды меншік пен оны сапалы қолдану, жоғары мәдениет және әр азаматтың әлеуметтік жауапкершілікті терең түсінуі. Өз кезінде әлеуметтік жауапкершілік пен қоғам алдындағы жеке қажеттілігін аса түсіне білу Жапония халқын мемлекетті инновациялық жетістіктердің көшбасшына айналдырғанына тарих куә.
Әлемдік экономиканың ықпалды күшіне айналуға барын салушы АҚШ-тың өзі интеллектуалды көшбасшы ұлт қалыптастыруға барын салуда.
Мәселен АҚШ халқының саны әлем халқының 5%- на ғана таяу, әлемдік ІЖӨ(ВВП) бойынша 20%, ал әлем бойынша ғылыми-ізденістік, тәжірибелік- конструкторлық жобаларға (НИОКР)-әлемдік шығынның 40%-ын ұсынады. Екінші эшоландағы елдердің де қазіргі кезеңдегі ұмтылысы интеллектуалды потенциалды қалыптастыру. Мәселен, Канада 2010-жылға қарай ғылыми-ізденіс саласына деген шығынды екі есеге арттыра отырып, алдыңғы қатарлы 5-елдің қатарына енуге тырысуда. Венчурлық капиталдың көлемін АҚШ-тың деңгейіне жеткізу арқылы, студенттер мен аспиранттар санын жыл сайын 5%-ға арттыру мақсатын алға қоюда.
Интеллектуалды көшбасшы ұлт қалыптасуы үшін бірінші орында жоғарғы білімнің сапалылығы басты қажеттілік. Халықты жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етуден көшбасшылық орында Ресей (60%), Израиль мен Канада (42%), АҚШ (40%), Жапония ( 38%), Швеция мен Финляндия (36%), тұр. Америка халқы жұмысшы күшінің 60%-ға жуығы жоғары білімділер қатарын құраса, мемлекеттің алға қойып отырған мақсаты оны 90% - ға жеткізу.
Интеллектуалды көшбасшылықтың тағы бір факторы – ғылыми әдістемедегі жетістіктер, инновациялық жаңашыл енгізулер, ХХІ- ғасыр өндірістегі ғылым жетістіктерін дамыту ғасыры болмақ. Ғылым аумағының кеңейуі,ғылыми ақпараттардың тасқындап дамуы мен сол арқылы жаңа технологиялық алға басулардың аса ірі толқындары ел болашағы үшін қарекет етуші патриоттарды ғылым мен білім саласындағы
жедел жетістіктерге жету жолдарын саралауға мәжбүр етуде.
Мемлекеттегі ғылым дамуына ІЖӨ-нің қомақты үлесін бөлу алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігіне тән. Мәселен: Швейцария, Израиль, Франция,Сингапур, Жапония елдері. Соның ішінде Швейцария ғылыми ізденістердің әр саласына бастама беруге ІЖӨ-нің 30% - ын аударуда. Осы шағын ғана жоғарғы кірісті мемлекет ең көп Нобель сыйлығының лауреаттары мен патенттер отанына айналған.
Ақпараттық – коммуникациялық технология саласындағы Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан елдері «қуып жетуші» елдер қатарынан «көшбасшы» елдер қатарына енуіне де ғылым мен білім жетістіктеріне ықпал ету арқылы жеткені аян.
Ғылыми –ізденістік тәжірибелік – конструкторлық жобаларға (НИОКР) Қытайдың қаржылай шығыны елді әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетіп, иық тірестіруге алып келді. 2020 - жылдары Қытай ғылыми – ізденістік тәжірибелік – кострукторлық жобалардың әлем бойынша 20% - ына ие болса, Азия елдері бойынша 45%, АҚШ – пен салыстырғанда 28% - ға артпақ.
Интеллектуалдық мәселесін өзімнің ғылыми зерттеулеріне арқау еткен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің ректоры академик Т.С.Садықов өз ойын былайша түйіндейді: «Ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай жоғары мектептің ұлттық моделін қалыптастыру жолында естен шығармауға тиіс нәрсенің бірі, біздің ойымызша, әлемдік қауымдастыққа мүше көптеген мемлекеттер ұстанатын жаңа әлуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыру. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті нарық еркіндігі мен қауымдастық қатынастардағы гуманизм».
Осылайша интеллектуалдық белсенділік – білім мен ғылым жетістіктері мемлекет пен халық игілігіне кеңінен пайдалану жолдары арқылы игерілсе Қазақстан Республикасының халқы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алатындығы ақиқат.
ХХІ ғасырдыр өмір заңдылығы формуласы –« just in time knowledge» – яғни « білім жетістігін дәл уақытында қолдану» болып табылса,Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің халықаралық қатынастар факультеті осы өмір заңдылығы формуласының нақты орындалуына барынша атсалысуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет