І. Кіріспе І. Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы


Қазақстандағы білім беру жүйесі



бет7/10
Дата25.01.2023
өлшемі369 Kb.
#62962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -bilim-beru-aleumettik-institut-retinde (1)

2.1 Қазақстандағы білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандарт негізінде айқындалып, оны оқу орындары жүзеге асырып, тиісті мекелер арқылы басқарылады. Білім берудің сипатын мемлекеттің әлеуметтік эоконмикасы, саяси құрылысы, тарихи-мәдени жағдайы мен ұлттық ерекшкеліктері айқындиды.
Білім беру саласындағы қоғамның талабы мемлекеттің білім беру саясатындағы принциптер негізінде жүзеге асырылады.
ҚР-ның Ата заңы – конститутциясы бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы саясаттың негізгі қағидаларын орнатты:

  1. Қазақыстан Республикасы азаматтары білім алуға тең құқылы.

  2. Әр бір азамат үшін интелектуалдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің саласының қол жетерлік болуы.

  3. Білімнің зайырлығы.

  4. Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау.

  5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

  6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.

  7. Білім беру үйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиалық бағытта болуы.

  8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.

  9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

  10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.

  11. Білім беру саласының информатикаландырылуы.

Бұл принциптер білім беру саясатын айқындайтын басты да негізгі бағдар болып табылады, демек, еліміздегі оқу орындарының мән-мазмұндық бағдарын сипаттайтын қағидалық таным.
Қазақстан Республикасында білім беруді ұйымдастыру жүйесі Білім жөнінде заңын басшылыққа алып, оның меншігіне, типіне, түріне қарамастан оқу бағдарламалары,мемлекеттік білім беру стандарты, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың негізінле құрылады. Ұйымдастыруда басшылыққа алынатын міндет жеке тұлғаның білім алуы, дамуы, кәсіби қалыптасуы, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды қабылдап, ғылыми-техникалық жетістіктерінің негіздерін игеруді қалыптастырып, қажетті жағдайда олады жасай алуы көзделеді.
Білім беру мекемелерінің типтік жүйесінің жалы сипаты:

  • Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі;

  • Жапы білім беретін орта оқу орындары

  • Бастауыш мектеп;

  • Орта оқу орындары: лицей, гимназия, жалпы орта мектеп, кәсіптік орта мектеп;

  • Колледж т.б.



  • Жоғары мектептер: университет, академия, институт, консерватория.

Қазақсан Республикасында мектепке дейіегі, иектептен тыс, арнайы және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беріп, тәрбиелеу мекемелері бар. Сондай-ақ шетелдік ұйымдар мен қорларының қаржысымен ашыған оқу орындары және діни бірлестіктерге қарасты медресе т.б. білім-тәрбие беретін мекемелер өз істерін жалғастыруда.
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа моделін құрып, оны сынақтан өткізу мен өмірге енгізудің ауқымды жұмыстары жүріп жатыр, оның негізгі принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтары, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруде қойылған талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмұны, технологиясы оның нәтижесіне қарап бағаланатығын және ондай жетістіктен сырт қалуға болмайтындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Білім берудің бүгіні мен болашағы білімді алып, білік пен дағдылық машыққа жеткізумен шектелу емес, оны іргері дамытып жетілдіру және өздігінен іздеп тауып, уақытқа лайықты пайдалана дербестік көрсету қажетігі көзделуде. Осы орайдан техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі Лиссабон декларациясын қолдаған. Бүкіл дүние жүзілік конференцияның Болоньиядағы келісіміне ТМД елдерімен бірге Қазақстан да мақұлдап қол қойды.
Тәуелсіздікке жеткенге дейін кеңестік жүйедегі білім беру кеңістігінде болған Қазақстан тиісті деңгейде табысқа жетіп игілікті нәтижеге ие болды. Бірақ ол өмірлік өлшем емес, уақыт мәресінін қарағанда түрлі кедергілер мен кемшіліктер болды, оның бастылары деп мыналарды айтқан жөн: білім беру шектен тыс саясаттандырылды, өмірден және әлемдік тәжірибелерден алшақ болды, тарихи-мәдени құндылықтар, этнопедагогикалық тағылымдар ескерілмеді, білімнің мазмұнындағы біркелкілік жаттандылыққа ұрындырды. Бұл ағаттықтардан айығу үшін түрлі реформалар қажеттігі туды. Сонымен бірге Қазақстан демократиялық жолға түскендіктен өтпелі кезеңде барлық әлеуметік-экономикалық түбегейлі өзгертулер білім саласында қайта құру қажеттігін туғызды. Осы орайдан тиісті басқару мекемелері мен мамндар ғылым мен техниканың жетістіктерін, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын, дамыған елдердің үздік тәжірибелерін ескере отырып оқу орындарының жүйесін жетілдірудің тиімді жолдарын ұстануда. Негізгі ұстаным білім мен тәрбиені гуманизациялау, гуманитаризациялау және демократияландыру идеасына бағытталуда.
Білім беру жүйесіндегі жобалар мен жоспардың өмірге үйлесімді деңгейде жүзеге асуы мұғалімнің мультимедиялық (көп жақты) ақпараттық құрылымды игеріп, оны нақты жағдайға байланысты қалдана білуімен шарттас. Ал оны жүзеге асыратын ұстаздар. Олай болса мұғалім – білм-тәрбие беріп, оны жетілдіру саласының жаңа тұрпатты маманы. Білім – тәрбие берудің қай саласында, қай жүйесінде болмасын оның күрделі де бір-бірімен матасқан түйіндерін шешетін де, жүзеге асыратын да мұғалім. Сондықтан оның алған білімі, жинақтаған тәжірибесі, әдістемені меңгерудегі шеберлігі және басқару жүйесіндегі адамдармен ортақ тіл табысып, шәкірттердің арман-мүддесіне лайықты іздене білуін дұрыс ұғына алуы кезек күттірмейтін қажеттілік.[2;155-157б.]
ҚР-ның білім беру жүесіне сипаттама беру үшін бірнеше мәліметтер келтірейік. Айталық, білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақы қоры 2000 жылдан 2004 жыл аралығында 51,8 млрд теңгеден 133,6 млрд теңгеге өскен, ал осы салада жұмыспен қамтылғандар 2001 ж. 576,3 мың адамнан 2004 ж. 666,2 мың адамға көбейді.Сонымен қатар білім алған жылдардағынаұты шығындарды (ағымдық бағада) есептеудің білдіретін қарапайым нұсқасы бар.
Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2001 жылғы 6698,8 мыңнан 2005 жылғы 7261,0 мың адамға дейін өскен (алдын ала берілген мәліеттер бойынша) [20;6б]. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде еңбекке қабілетті талғалардың саны басым, соның ішінде 16-24 жас – 15,8%, 25-34 жас- 29,1%, 35-44 жас- 26,1%, 45-54 жас – 20,6%, 55 жас және одан жоғары- 7,1% құрайды [20;185-186 б]. Берілген бұл уақытта ҚР-сы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар тұлғаның өсті: мысалы, егер 2002 жылы олардың үлесі 20,2% болса, 2004 жылы – 23,3%-ті құрады [20;187б]. Бұл білім денгейінің табиғи көрсеткіштері.
Қазіргі таңда бір ғана адамның ғана емес бүкіл қоғамның тағдыры ғылыми-біліми әлуетпен анықталады. Мысалы, дамыған елдердің ұлттық кірісінің өсімінің 60%-ы осы ғылыми-біліми әлеуетке тәуелді екен. Биылғы Жолдауда да Президент: «заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды» міндет етті. Сол сияқты, адам капиталын қалыптастыру барысында «әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту үшін, 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынса, үстіміздегі жылы 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің құрылысын, ал 2009-2010 жылдары тағы да 69 мың оқушы орынға арналған 102 мектептің құрылысын аяқтау» жоспарланған.
Индустриялық-инновациялық дамуымыздың маңызды шарты болып отырған ғылыми интеллектуалдық әлеуетті қалыптастыру ғылым мен білім жүйесіне жұмасалатын салымдармен тікелей байланысты. Ал сол маңызды шарт саналатын «адам капиталын» қалыптастыруға тікелей ат салысатын білім саласының қызметкерлерінің еңбек ақысы республика бойынша орта деңгейден 41,9 %-ға, денсаулық саласында істейтіндердікі 48,8%-ға төмен екен.
Қазақстан Республикасы халқының жалпы біліми деңгейінің жоғары болуы –инновациялық экономиканы қалыптастыруға тікелей ықпал ететін ұлттық артықшылықтардың бірі. Сөйте тұрса да, республикада қалыптасқан білім беру жүйесі әзірше елдің мамандарға деген қажеттілігі мен олардың даярлық деңгейінің сәйкестілігін қамтамасыз ете алмай, ал экономиканың шикі затқа бағытталуы ғылыми мазмұнды кәсіптер түрінің дамуына жайлы жағдай туғызбай отыр.
Адам капиталындағы білім деңгейінің жаңа сапасын қажет ететін инновациялық экокномика бұл процесті білімнің барлық бағыттарын қамтитын біліми мәдениеттің тұтастық аясында ұйымдастыруды өзгерту керектігін көрсетіп отыр. Адам капиталын инвестициялау тұрғысынан қазақстандық білім жүйесінің инновациялық кезеңге өтуге байланысты болып жатқан өзгерістерге толығынан сәйкестенбеуінің мынадай себептерін атауға болады:
Біріншіден, Қазақстандық білім жүйесінде және білім беру процесінің мазмұнында дәстүрлі оқыту технологиясының басымдылығы. Ал постиндустриялық дамуға байланысты ашық информаиялық жүйенің тез дамуы мен тез таралуы жағдайында білім жүйесінің де өзгеруі қажет.
Екіншіден білім жүйесінің технологиялық прогреске және постиндусриялық мамандарды даярлауға деген қырсыздығы. Ал, бұл әрекеттегі алғырлық еңбек нарығы мен мамандарға деген сұраныстан туындайтын біліммен тәжірибенің өзара ұштасуының сипаты мен тұрақтылығына байланысты. Біздің елде бұл ұштасу әлсіз және кешенді институттандырылмаған.
Үшіншіден, ақпараттық қоғам деңгейіне сай басқарушы және оқытушы мамандар жетіспейді.
Төртіншіден, Қазақстандық білім жүйесін дамытып жетілдіруге негізделген тиімді институционалдық жағдай жасаудағы мемлекеттік тетіктің жетіспеушілігінен кәсіптік білім саласында мемлекеттің, бизнестің және оқу орындарының өзара байланыс үлгілерін қалыптастыратын ұлттық білім доктринасы әлі қабылданбай жатыр. Жалпы, білім беру процесін заман талабына сай жандандыру – еліміздің бәсекеге қабілеттілігі көрсететін, оның халықаралық аренада орнын анықтайтын бірден бір фактор.
Ғылыми-интеллектуалдық әлеуетті қалыптастыру мынадай үш процес нәтижесінде жүзеге асады:
1.Ғылыми интеллектуалдық әлеуеттің өзіндік дамуын қамтамассыз ететін инвестициялық салымдар салу;

  1. Ғылым мен білім беру жүйесін нысаналы түрде дамытып, ғылыми-интеллектуалы әлеуетті мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік беретін жан-жақты салымдар салу;

  2. Студенттердің біліміне деген қажеттіліктерді қалыптастырып, оларды теңбекпен қамтудың нақты тетіктерін, білімді, қажетті мамандарға қолдау қорларын жасақтау.

Бірақ, біздің елде ғылым мен жобалық жұмыстарға жұмсалатын шығынның деңгейі республикадағы ЖҚӨ-ге шаққанда 0,3 % -ға да жетпейді.Ал АҚШ,Германя,Жапоняда бұл шығын ЖҚӨ-нің 3 пайызын, Ұлыбританиа мен Францияда 2 кетуіне әкеліп паиызды құрайды.
Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85% білім беру бағдарламаларымен қамтылған 4,5 млн дерлік адам білім алуда.Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді.Білім және ғылым жүйесімен республика халқының 30%-ға жуығы қамтылған.Республика халқының 99,5%-ы сауатты. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінде 14-орынды алды.
Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің (АДИ) орнықты артуы нәтижесінде 20- тұғырға алға басты және 73-орын алады,сөйтіп Белорусь пен Ресейден басқа, бүкіл ТМД елдерінің алдына шықты. Бұл ретте өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында АДИ төмендеуінің тек 11%-ы ғана білім беру денгейінің төмендеуіне байланысты болды (52%-ы күтілген өмірдің сүру ұзақтығының кемуін және 37%-ы ЖІӨ –нің төмендеуіне негізделді). Барлық білім беру деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамтамасыз етілген. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің жай – күйіне Қазақстанда жүріп жатқан демографиялық процестер өзінің елеулі әсерін тигізуде.
Орын алған балабақшалар санының төмендеу үрдісіне 2000 жылы түбегейлі өзгеріс жасалды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер санының өсуі байқалуда. 2008 жылы 1 қазанда ол 2000 жылғы 133,2 мың балаға қарағанда 324,3 мың баланы құрып отыр.
2008-2009 оқу жылында жалпы саны 2515,5 мың оқушыны қамтыған 7620 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Олардың ішінде 4301 мектеп-шағын кешенді мектептер(40 оқушыға дейінгі континентті құрайтын бастауыш мектеп.100 оқушыға дейінгі континентті құрайтын негізгі мектеп және 280 оқушыға дейінгі континентті құрайтын орта мектеп). Сапасыз білім беретін жоғары оқу орнының артық желісі 2007-2008 жылдары 176-дан 144-ке дейін қысқарды.
Халық олимпиадаларда Қазақстанның оқушылары жеңіпалған медальдардың саны жыл сайын өсуде. Тек 2008жылдың өзінде 72 алтын, 80 күмісжәне 100 қола медаль жеңіп алды.
Республикада балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың қамтуы орта есеппен 35,6%-ды құрайды. Бұл бізге жақын көршілерден(Ресей-64,5%)гөрі едәуір төмен.
1-ден 6 жасқа дейінгі 900 мыннан астам бала ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектепке дейінгі оқыту мен тәбиелеудің, мектеп алды даярлықпен қамтудың төменгі көрсеткіштері«бастауыш оқытумен қамту» ЖБИ –да байқалады.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептер базасының материалдық-техникалық жай-күйіқазіргі заманның талаптарға әлі де жауап бере алмай отыр: жалпы саны 7620 мектептің 63,0%-ы типтік ғимараттарда, 37,0%-ы бейімделген. 202 мектеп авариалық жағдайда тұр. Мектептің 22,7%-ы күрделі жөндеуді қажет ет еді. Мектептің 86,0%-ы 1990 жылға дейін салыған. Мектептің 65,5%-ы екі, ал 86-і үш аусымды жұмыс істейді . Еліміздің өңірлерінде білім берудің бюджетін қалыптастыру кезін де мектептердің оқу-материалдық базасының мазмұны мен дамуына қажеттілігі іс жүзінде дұрыс есепке алынбайды, нәтижесінде авариялық жағдайда тұрған мектептер саны азаймай отыр. Ауылдық мектептердің көпшілігі бейімделген ғимараттарда орналасқан. Республикамызда 2000-2007 жылдары бұл үлес өзгермей отыр және 2008 жылда ол мектептердің жалпы санының 37%-ын құрап отыр.
2008 жылы оқушы орындарының жетіспеушілігі-120186 бірлікті құрады. Республика өңірлеріндегі 156.1 млрд.теңге сомаға 242 мектеп салу (және 2008 жылдың бюджетін нақтылағаннан кейін 8 мектеп) орын жетіспеушілігін кемітеді, бірақ проблеманы толығымен шешпейді.
ЖБИ көрсеткіші бойынша «Орта білім берумен қамту» 134 орынның ішінде Қазақстан 51-орын алады.
12- жылдық мектепке көшу жағдайында жоғары деңгейде (бейінде) оқу үшін оқушылардың 30%-ына дейін оқуын жалғастырады және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіпке ие болады. Осыған байланысты қосымша кәсіптік лицейлер мен жатақханалар салу қажет.
ЖБИ көрсеткіші бойынша Қазақстан «Жоғары біліммен қамту» бойынша 134 орынның ішінде 36- орынға ие. Сонымен қатар «Мектеп менеджментінің сапасы» бойынша – 82 – орында.
Қазақстандық жоғары оқу орындарын басқару жүйесі еліміздің экономикасының озық дамуын қамтамасыз етуде оларға әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік тапсырыс көлемінің 50% ғана экономика салаларының қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Компьютерлік техниканы оның физикалық және моральдық тозуын ескере отырып, жыл сайын жаңартып отыру керек. Бүгінгі таңда мектептерде 29664 (24%) компьютер ауыстыруды қажет етеді. Әлемдік көрсеткіштерге (1- компьютерге 5-6 оқушыдан) жету үшін мектептер қосымша 396500 компьютер алу керек, яғни 3,2 есе көп.
Басқарудың тепе-теңсіздігі қол жетімдігі бойынша айтарлықтай өңірлік саралауға әкеп соқтырады. Мысалы, мектепке дейінгі білім берумен қамту Алматы облысында 8,7% - дан, Қостанай облысында 84,3%-ды құрайды. Техникалық және кәсіптік білім беруде қамту коэффициенті өңірлер бойынша 3 – еседен артық ерекшеленеді: Жамбыл облысында 2,9 % - дан, Павлодарда 8,7 %-ға дейін, 1 оқушыға жұмсалатын шығыс 2 есеге дерлік ерекшеленеді (ОҚО 45,5 мың теңгеден СҚО 88,6 мың теңгеге дейін). Бұл ретте шығыстардың көптігі білім сапасына кепілдік бермейді, оған ҰБТ нәтижелерімен 1 оқушыға кеткен шығынды салыстыру дәлел. Облыстардың рейтингтік баллы 42 көрсеткіш бойынша 2,5 есеге ерекшеленді.
Қоғамның әл-ауқатының өсуіне байланысты білім беру жүйесіне деген талаптары да өсуде. ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес орнықты даму үшін білім беруге жұмсалатын шығындар ЖІӨ-нің 6-7%-ын құрауы тиіс. Қазақстанның шығыстары ЖІӨ-нің 3,6%-ынан аспайды.
Қазақстандағы 1 оқушыға жұмсалатын шығыстар Қытай, Түркия, Ресей сияқты 3-топтағы елдердің (ЖІӨ жан басына шаққанда 10000 АҚШ долларынан кем елдер) шығыстардағы неғұрлым едәуір айырма.
Білім беру жүйесіндегі орташа жалақының 2006 жылғы қазандағы 25 мың теңгеден 2007 жылғы қаңтардағы 29 мың теңгеге дейін ұлғаюына қарамастан, ол сол кезеңде республика бойынша орташа жалақының 64%-ын құраған болатын. Ал 2007 жылғы қарашада ол республика бойынша орташа жалақыдан 60,5%-ға дейін төмендеді.
Заман талабы отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім үрді­сі­не интеграциялануын талап ете­ді. Мұның өзі тек біздің қалауы­мыз емес, ол бүгінгі күннің шын­дығы.
“Қазақстан Республика­сын­дағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырым­дама­сы­ның” мазмұны білім беру жүйе­сі­нің ырғақты дамуын және әлем­дегі жаһандану мен ақпарат­тану үрдісінің ерекшелігіне қабі­лет­ті болуы керек деген түсінік бар екенін көрсетті.
Әлемдік білім жүйесіне инте­гра­циялау қажеттілігін жоғары мек­тептің қазіргі деңгей құры­лым­дары мен біліктілікті түпкілікті қайта қарастырмайынша тиімді іске асыра алмаймыз. Осыған байланысты еліміздің жоғары білім беру жүйесіне мамандарды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу аса маңызды да өзекті мәселе.
Білім беру жүйесіндегі жасал­ған реформалаудың алғашқы қадам­дары жаңа өзгерістердің пайда болуына алып келді.
Білім беруді жетілдірудің негізгі мақсаты – біздің мамандардың әлемдік талапқа, бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. Сондықтан, дүние жүзіндегі жоғары білім жүйесінің даму тәжірибесін зерттеу және ұлт­тық білім беру жүйесін халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр.
Жоғарыда айтқан білімді дамыту тұжырымдамасына сәйкес өндіріс пен нарықтың өзгеріп тұратын жағ­дайында қалыптасқан, жоғары білім­ді мамандардың жаңа моделін дай­ындау – бакалаврлық, магистрлік және докторлық оқу бағдарламалары арқылы іске асырылады. Ол осы үш деңгейлі білім тиімді жұмыс істе­ген­де ғана қамтамасыз етіледі. Осы ба­ғытты іске асыру үшін Тараз мемле­кеттік университетінің ғалымдары Ph.D докторларын дайындайтын мемлекеттік білім стандарттарын әзірлеуге қатысты.
Университеттің алыс және жа­қын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен, ғылыми орта­лық­тарымен іскерлік және шығарма­шы­лық байланыс орнатуы, оған аймақ­тағы білім, ғылым және мәдени саясатты іске асыратын үлгілі орталық болуға мүмкіндік береді.
Бакалавриат-магистратура-док­торан­тура (Ph.D) арқылы кәсіптік ма­мандарды дайындаудың үш дең­гейлі жүйесінің жұмыс істеуі – оған жоғары білім сатыларын стандарт­тауға негіз болатын, білім кредиттері жүйесіне негізделген жаңа техно­ло­гияны енгізуді талап етеді.
Аталған кредиттік жүйе бойынша көптеген еуропалық және амери­ка­лық жоғары оқу орындары жұмыс іс­тейтіні белгілі. Алдыңғы қатарлы білім ордаларының мамандар дай­ын­даудағы көпжылдық тәжірибесі білім үрдісінің жаңа сапасын жүйелі түрде қалыптастыруға өте қажетті құрал болып табылады. Біздің университет, білім беру үрдісі сапасының қажетті деңгейін іс жүзінде қамтамасыз ететін, оқу үрдісіне кредиттік жүйені енгізуге арналған ғылыми экспериментке белсенді түрде қатысуда. Оқу-әдістемелік және нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындаудағы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің тәжірибесі мен жетістіктері Білім және ғылым министрлігінде жоғары бағаланып, университетте кредиттік оқыту жүйесінің басқа оқу орын­дарына оқу-әдістемелік көмек көр­сететін республикалық консалтинг­тік орталығы ашылды.
Кредиттік жүйе білім беру үрді­сінің демократиялығымен сипат­талады, ол әрбір білімгердің өсуіне, ерекшелігі мен қабілеттерін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа жүйенің не­гізгі артықшылықтарының бірі таңдау еркіндігі – білімгерлер, білім стан­дарттарының мамандар дайын­даудың сапасына қоятын талап­тарына сәйкес келетін, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай қалып­тас­тыра алады. Осы жүйенің дамуы жалпы мемлекеттің дамуы мен ай­мақ­тық ерекшелікті ескеру арқылы, ғы­лыми білімнің өзгеруіне байла­ныс­ты жаңа пәндер енгізіліп, білім­герлердің өзі таңдайтын пәндер санының көбеюімен байланысты екені белгілі.
Көріп отырғанымыздай, оқыту­дың кредиттік жүйесі білім беру үрдісіне икемділікпен қарауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Оның үстіне енгізіліп отырған жүйе Қазақ­стан­ның дәстүрлі білім беру жүйесіндегі құн­дылықтардың сақталуына мүм­кін­дік жасайтынын атап өткім келеді.
Барлық жаңа тірлік сияқты, оқы­тудың кредиттік жүйесі дәстүрлі жүйенің қалыптасқан түсініктерінің өзгеруін талап ететіні белгілі. Оқу үрдісіндегі білімгер мен оқыту­шы­ның өзара қатынасы мүлдем өзге­ре­ді. Білімгердің өзінің жеке дайын­ды­ғына көп уақыт бөліп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы, оның жо­ға­ры сапалы және алға қойған мақ­сат­қа жетуге деген тұрақты қызығушы­лығы болуын талап етеді. Осының өзі ағылшын тілінен аударғанда “сенім” дегенді білдіретін “кредит” сөзінен туындап отыр. Сонымен, оқытудың кредиттік жүйесіне өту білімгер мен оқытушының ара­сын­да, жаңа білімді игеру бары­сында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқыту­шы тек ақпарат көзі ғана емес, ол білімгердің ақпаратты іздеп тауып, қайта бағалап, іс жүзінде пай­далануға үйретуі қажет. Сондықтан оқытушылар сабаққа тындырымды дайындалуға көбірек уақыт бөліп, өзінің біліктілігін жоғарылату жолында үздіксіз ізденісте болуы тиіс.
Оқытудың кредиттік жүйесінің тағы да бір айта кететін тиімді ерек­шелігі – ол оқыту бағдар­ла­маларын халықаралық талаптарға сай сәйкестендіруге мүмкіндік ту­ғызып, білімгерлердің білімін бақылау мен бағалау үшін нақты көрсеткіштер енгізген. Осыдан барып жас мамандардың халық­аралық еңбек нарығына қатысу мүмкіндігі туындайды.
Осы аталған білім саласындағы реформаларды жүргізуге түрткі болған жәйт – ол республи­ка­мыз­дың Болонья декларациясына қосылуы. Осының өзін еліміздің қоғамдық өмірінің барлық сала­сында жаңа биіктерге көтерілуге берілген тарихи мүмкіндік ретінде қарауға болады деп ойлаймын.
Әлбетте, ұлттық білім жүйесін реформалаудың үрдісі тек қана отандық және шетелдердің білім саласындағы ең үздік жетістіктерін тиімді ұштастыра алғанда ғана нәтижелі болары сөзсіз.[31;]
Қазіргі таңда жас жеткіншектер мен студенттерге сапалы білім беру – қоғамның интеллектуалды ресурстарын қалыптастырудың аса маңызды факторларының бірі. Еңбек рыногы жоғарғы оқу орнын бітіруші түлектердің біліктілігіне, олардың болашақта атқаратын қызметінің дайындық деңгейіне өте қатаң талап қоюына байланысты
жоғары оқу орындары да білім берудің сапасын арттыруды күн тәртібіне басты міндет етіп қойды. Болшақ мамандардың сапасын арттыру оқыту үдерісінің жаңғырту жүйесінде негізгі буын ретінде қаралады. Қазіргі кезде қоғамның жаңа технологияны игеру және ақпаратпен қамтамасыз ету саласында айтарлықтай ілгері қадам басқаны белгілі. Экономикада белгілі бір салаларда жетістікке жетуіміз әлі де шешімін таппай жүрген әлеуметтік мәселелерді тиянақты шешуде сапалы білім жиынтығының дұрыс жолға қойылуын талап етуде.
Болашағынан зор үміт күтетін кез-келген тәуелсіз елдің, азат өмір сүру жолындағы кез-келген ұлттың ең қастерлі міндеті- өткен тарихымен үндес бола алатын, жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет