Курстық жұмысының мақсаты: Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды қарастыру, Қазақстандағы білім беру жүйесі мен оның қазіргі жағдайын талқылау.
Курстық жұмысының міндеті:Қазақстанның білім беру жүйесінің қазіргі күйін сипаттау. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, қазақстандық білім беру жүйесінің осал жерлерін көрсетіп, олардан арылу мақсатында жүзеге асырылуы тиіс іс-шараларды бекітуді және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, олардың бізге сай келетін тәсілдерді айқындатуды, жеке қазақстандық білім орындарының білім сапасын өрбіту жолдарын анықтауды атауға болады.
«Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі» атты диплом жұмысы екі тараудан құралған. Бірінші тарауда Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі қазіргі ахуалды көрсетілсе, ал келесі тарауда түрлі елдердегі білім беру жүйесі туралы көрсетіледі.
Ақпарат көздері:Негізгі ақпарат көздері ретінде Қазақстан Республикасы және қарастырылған мемлекеттердің Заңдары, Елбасының соңғы екі Жолдауы мен олардың ресми комментарийлері, жоғары білім беру, менеджмент салаларындағы маман-ғалымдардың монографиялары, мақалалары, халықаралық және қазақстандық конференциялардағы баяндамалары, оқулықтары, қазақстандық және шет елдегі жоғары білім беру сапасын бағалаумен айналысатын агенттіктердің, кеңестер мен орталықтардың әдістемелік құралдары, жолсілтемелері мен интернет-сайттары, сөздіктер мен энциклопедиялар, Қазақстан Республикасы статистикалық Агенттігінің жинақтары мен интернет-сайты, жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету желістерінің сайттары қолданылған.
Зерттеу объектісі:Аталған тақырыптағы диплом жұмысының зерттеу объектісі болып кең мағынада жалпы қазақстандық білім беру жүйесі мен білім беру сапасын бағалау, ал тар мағынада нақты білім орындарында қолданылатын білім беру сапасын бағалау механизмдері. Айтып кететін жайт, білім беру жүйесінің сапасын бағалау тәсілдері әлеуметтанудан басқа педагогика, психология, және т.б. сияқты ғылымдармен де зерттеледі.
Зерттеу пәні:Білім беру жүйесін сараптама жасау мәселесі қоғамдық өмірдің көптеген мәселелерімен байланысып, ұдайы өзара әрекетте болып отырады. Мәселен, білікті мамандарды дайындау, тұлғаны қазіргі кездегі өмір жағдайларына бейімдеу, еліміздің интеллектуалды потенциалын арттыру. Сонымен қатар, жоғары білім беру сапасын бағалау арқылы студенттердің әлеуметтік мобильдігін арттыруға, яғни халықтың жалпы әлеуметтік тұрмыс-жағдайын жақсартуға мүмкіндік артады. Осылайша, зерттеу пәні болып білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың қоғамның ең алдымен әлеуметтік дамуына әсері, бағалау механизмін жетілдірудегі бағалау субъектілерінің атқаратын рөлі.