3. Жадыңызды жақсартудың жолдары Есте сақтау қабілеті неге жоғалады?
"Есте сақтау — тұлғаның бет-бейнесі" деген тұжырыммен келіспейтін жан жоқ болар. Есте сақтау қабілетіміз нашарлай түскен сайын, жан дүниеміз де беймаза күйге енеді. Бұған сену қиын, дегенмен, есте сақтау қабілетінің төмендей бастау мерзімі біз ойлағаннан да ерте екен. 20 жаста-ақ адам есіне сақтайтын жайттар азая түседі. Бұдан кейін адам ойы көп ақпаратты сақтай алмай, жаңаны ойда ұстай алмай, көнені еске түсіре алмайтын дәрежеге жетеді.
Жоғалтқанның орнын толықтыру
Адам санасынан мүлде жоғалмайтын да зерделер бар. Мәселен, бірнеше жылдан кейін өзіңізге жүзуді үйреткен жаттықтырушының есімін ұмытсаңыз да, жүзуді дәл солай ұмытып кете алмайсыз. Мынадай мысал бар: бір кездегі атақты биші Вацлав Нижинский қартайған шағында тым толып кетіп, ауруға шалдығады. Бірде күтпеген жерден әйгілі секіруін жасап, жиналған жұрттың жағасын ұстатқан. Ол секіруді атақты биші жас шағында сахнада орындаған. Сонда, әйгілі балет бишісінің бұлшықеттері қанша уақыт өтсе де, би қимылдарын ұмытпаған. Олай болса, қимыл мен іс -әрекеттер біздің жадымызда ұзақ уақыт сақталып қалады екен.
Күйзеліс
Қысылтаяң жағдайлар кезінде, адам ағзасы кортизол гормондарын белсенді түрде шығарады. Бұл кезде, мидың есте сақтау қабілетіне әрекет ететін жасушалары езіліп кетеді де, ойда жинақталған ақпарат жойылады. Мысалы, егер емтихан тапсыру алдында қатты қобалжыған болсаңыз, тапсыру кезінде қарапайым ғана сұрақтың жауабын таппай дал боласыз. Сонда, қобалжудың әсерінен есте сақталған дүниенің жоғалатын болғаны. Бұндай «қорқыныш» әсерін жою үшін оның пайда болуының алдын алу керек, сол кезде барып, есте сақтау тұрақталады. Жаңа медициналық сараптаулардың нәтижесінде күйзелістің миға кері әсері бірнеше мәрте дәлелденген. Сондықтан да, күйзелістің тууына жол бермей, сабырлық сақтап жүрген жөн.
Миды ақпаратпен толтыру
Гай Юлий Цезарь бір уақытта хаттарды оқып, оларға жауап беріп және дәл сол мезетте әскербасыларының баяндамаларын тыңдап үлгереді екен. Алайда, бұндай әрекетке талпыныстардың соңы жақсылыққа әкелмейді. Бір мезгілде, бірнеше ақпаратты мида тоқу жоғарыда айтып кеткен күйзелістен де ауыр нәтиже тудырады. Миға күш түсіріп, біраз шаруаны бір сәтте шешемін деп, жапа шегіп қалудан сақ болыңыз. «Сабақты ине сәтімен» демекші, ойға түйген жайттарды да кезек-кезегімен ойда саралап, өткендерін мидан шығарып тастауға ұмтылу керек. Елестетіп көріңіз: іші киімге толған шкаф делік. Егер байқаусызда есігін ашып қалсаңыз, ішіндегі киімдердің бәрі сыртқа қарай ағылады. Галстук пен шұлық, көйлек пен жейде — бір-бірімен қабысып, пішінін жоғалтады. Келісесіз бе, бұндай шкафты көргенде мазаңыз қашады, солай ма? Егер бұл киімдер бірізділікпен шкаф ішінде жиналып тұрса, шкаф та бүтін, киімдеріңіз де бүтін...
Ми іші де дәл солай. Үш істі бір мезетте тындырамын деп қарбаласқанша, ойды жинақтап, рет-ретімен әрекет етсеңіз болды.
Есте сақтаудың дұрыс жолы
Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. «Міне менің көлігім. Оны дүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған....» Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады.
Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар болады, бұл кезде түсірілген суреттер кейін болған жайтты қайта еске түсіреді. Қазір, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, сағат санап түсетін ақпаратты есте ұстай алмай, техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ұстауға да, қолдануға да ыңғайлы фотоаппараттың көмегімен оқиғаларды сурет етіп жазсаңыз, ұтылмайсыз. Тойлар мен маңызы бар іс-шараларды міндетті түрде суретке түсіріп жүру, кейін сол суреттердің арқасында өткен қуанышты оқиғаны қайта еске алу. Бізден кеңес: егер есте сақтап қалу үшін өте маңызды жайттар көз алдыңызда өтіп жатса, суретке түсіру пернесін басудан қысылмаңыз.
Еске түсіру
Кейде, әр түрлі жағдайларға байланысты өткінші құбылыстар өздігінен еске оралады. Ал, еске түсіру қатты қажет болған кезде, есімін таппай, не болмаса өткен оқиғаны еске түсіре алмай, қиналып жататын кездер болады. Бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Мәселен, бүгін Арманмен кездесесіз делік. Кездесу орнын белгілеп қойған болсаңыз да, есіңізден әп сәтте шығып кетіп, қайда барарыңызды білмей тұрсыз. Осы бір сәтте Арман сүйіп оқитын ақынды еске түсіріңізші. Ол — Абай. Демек, кездесуге белгіленген орын Абай даңғылы болды. Осылай, егер жадыңызда сақтап қалар дүниелер болса, басқа бір жағдайлармен байланыстыра отырып есте сақтаған, кейін осы жағдайды еске түсіре отырып, оқиғаны да миға сол қалпында оралтуға болады. Белгілі жағдайлар еске түскенде, ұмытқан нәрсе де өздігінен ойға келеді.
Мнемозиннің сырлары
Мнемозин сөзі жат көрініп отырған болар. Бұл дегеніміз, есте сақтау қабілетінің құдайы екен. (Богиня памяти). Жылдар бойы адамдар есте сақтау қабілетін жақсарту үшін небір амал-әрекеттерді ойлап көрген. Ол үшін мнемоникалық техниканы да ойлап тауып, оған гректің бір құдайының есімін берген. Ол жолдардың барлығы, белгілі бір жағдайды еске түсірумен байланысты. Адамның компьютерден де айырмашылығы да сол, ол ойында тек керекті мағұлматтарды сақтай алады. Тәжірибе үшін, әр түрлі он сөзді алып, олардың әрқайсысына әңгіме құрап көріңізші. Кез келген затты бір-бірімен байланыстыра беруге болады. Мәселен, «музыка» мен «бензин» сөздерін алайық. Бір-біріне байланысы жоқ сөздер бола тұра, бұл екі сөзді байланыстырып жіберуге болады: «музыканың әуені естілмесе де, құйылып жатқан бензиннің дыбысы музыка болып естілді» - десек, бензин мен музыка бір-бірімен байланыса кетті.
Ойлау жүйесіне арналған жаттығулар
Балалық ермектер. Біздің есте сақтау қабілетімізді бала кезден бастап жаттықтыруға дағдыландырған. Сәби уақыт өте ақырын кеңістік пен уақыт мезгілдерін ажырата алатын болады. Таң, түс, кеш мезгілдерін білгеннен кейін, ертең мен кешені, бүрісікүнді ажырата бастайды. Аз-аздан ата-аналар балаларын есте сақтау қабілетінің жақсаруына одан әрі әрекеттер жасай түсіп, «Әже соңғы рет үйге қашан келген еді?» немесе «Циркте қандай аңдарды көрген едік?» деген сияқты сұрақтарды қояды. Сұрақтарға ойша жауап іздеген бала миына бұл жатты,у болып тиеді. Ал есейген шақта адамға дәл осындай ой жаттығулары аса қажет. Күнделікті жатар алдында, өткен күніңізге талдау жасап көріңіз: кіммен кездестіңіз, қандай сөздер айтылды, қандай әуендерге құлағыңыздың құрышы қанды. Осының бәрін еске түсіру арқылы сіз миыңызды жаттықтырасыз.
Жоғарыда көрсетілген кеңестерге мән беріп, шешім қабылдасаңыз, ми қызметіңіздің белсенділігін арттырып, есте сақату қабілетіңізді жақсарта аласыз. Есте ұзақ сақталатын қуаныштарыңыз көп болғай!!!
Есті дамытуға арналған жаттығулар • Аутотренинг: «Мен бәрін орындай аламын» Мен барлығын жақсы кӛремін, сол үшін кӛздеріме рахмет. Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет. Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рахмет. Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет. Мен барлығын білемін, сол үшін басыма рахмет. "Мен қапқа салдым" ойыны Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту. Нұсқау: Жүргізуші ойынды бастап "мен қапқа салдым" дейді. Келесі ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. "Мен қапқа банан мен алма салдым." Келесі ойыншылар осы айтылғандарды қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады. Ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойында кімнің жеңгені немесе кімнің жеңілгені маңызды емес, ең бастысы бала бұл ойында есте сақтау қабілетін еркін дамытса болғаны. «Құрама сөз» Қысқа мерзімдік естіп, есте сақтаудың сӛздегі кӛлемдігін дамыту Балалар сіздер менің айтқанымды қайталап отырыңыздар. Бір сӛз оқылады содан соң екеу,үшеу солай жалғаса береді.Сӛздерді есте сақтаңыздар 1.От 2.От, үй 3. От,үй,ат 4.От,үй, ат, балық 5. От,үй, ат, балық ,бор 6. От, үй, ат, балық,бор, тау 8 7. От, үй, ат, балық,бор, тау,бал 8. От,үй, ат, балық ,бор, тау,бал,қайың (топпен) «Фотоаппарат» Қысқа мерзімдік кӛру арқылы есте сақтауды дамыту Алдымен балаға ӛзін фотоаппарат ретінде сезінуін ескерту, содан соң балаға үстел үстіндегі заттарды есте сақтап қалуын ескертеді. Бір-екі минуттан кейін баланың кӛзін жұмып, ойында қалған заттарды айтқызу. (топпен) «Барлаушы» Ӛзгерісті тез аңғаруға үйрету Ойыншылардың ішінен бір барлаушы шығады. Жүргізуші «Қозғалмаңдар» деген бұйрық берген кезде барлаушыдан басқа ойыншылар әр түрлі қалыпқа еніп тұрып қалады. Ал барлаушы болса, осы тұрған қалыптарын, реттерін мұқият есіне сақтап қалуы керек. Ойыншылар да ӛздерінің тұрған қалыптьарын естеріне сақтаулары керек. Сосын барлаушыны бӛлмеден шығарып жібереді де, оқушылар киімдерін, орындарын, қалыптарын т.б. ауыстырады. Қайтып келген барлаушы сол ӛзгерістерді табуы керек. (топпен) «Иә және жоқ деп айтпаңдар» ойыны Мақсаты: «баланың ауызша айтылған нұсқауды есінде сақтап, тапсырманы орындау барысында ережеге сай» мінез кӛрсетуін бағалау. Орындау ережесі. Баламен келесі әңгімелесу жүргізіледі: «Сен ойнағанды жақсы кӛресің бе? Қандай ойындарды ойнағанды жақсы кӛресің? Біз қазір жаңа ойын ойнаймыз. Мен саған әртүрлі сұрақтарды қоямын, ал сен оларға жауап бересің. Бірақ есіңе сақта – саған «жоқ», «иә» - деп айтуға болмайды. Мысалы, - «жоқ, білмеймін», «жоқ, болмайды», «жоқ, істемеймін». Есіңе сақтадың ба? Ал қандай сӛздерді айтуға болмайды? (Егер де бала «тыйым салынған» сӛздерді 9 есіне түсіруге қиналса, онда нұсқауды қайта түсіндіру керек). Балаға 25 сұрақ қойылады, олардың жауабын зерттеуші баланың кӛзінше бағаламайды және оларға деген қатынасын білдірмейді. Тапсырмалар. 1. Сенің атың кім? 2. Сен қызсың ба әлде ұлсың ба? 3. Сен мектепке барып жүрсің бе? 4. Сен балмұздақты жақсы кӛресің бе? 5. Сен кӛк түсті балмұздақты кӛрдің бе? 6. Балмұздақ ащы ма? 7. Түнде күн жарқырайды ма? 8. Сенің үстінде кӛйлек бар ма? (шалбар) баланың үстінде жоқ киімінің аты аталады. 9. Қыста шӛп ӛседі ме? 10.Шӛп қызыл түсті ма? 11.Сен кіммен тұрасың? 12.Сенің әкең қуыршақпен ойнағанды жақсы кӛреме? 13.Сен тӛбеде жүре аласың ба? 14.Сен ұша аласың ба? 15.Сенің атың..... (басқа атпен атау) ма?. 16.Сен дәрігерге барғанды жақсы кӛресің бе? 17. Дәрігердің халатының түсі қандай? 18. Дәрігер балалардың шашын ала ма? 19. Сен ертегі тыңдағанды жақсы кӛресің бе? 20. Сен қандай ертегілерді жақсы кӛресің? 21. Бармалей ӛте мейрімді ме? 22. Ал Мыстан - кемпір мейрімді ме? 23. Мысық тышқаннан қорқа ма? 24. Сен қазір ұйқтап тұрсың ба? 25. Сиырлар аспанда ұшады ма? 10 Есті дамыту 1-минут ішінде оқылған 20-сӛзді есте сақтау керек 1-4 сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті 1 сынып оқушылары 20-сӛздің 1-10 ға дейінгі сӛзді есте сақтайды 2-3 сынып оқушылары 12-14 сӛзді есте сақтайды 4 сынып оқушылары 15-18 сӛзді есте сақтайды XXI гасыр - психология гасыры ", - деп Эйнштейннің айтып кеткеніндей, қазіргі кезде барлық білім беру салалары психология ғылымына аса ден қойып отыр. Республикамыздағы әрбір мектепте кем дегенде 1 психологтан бар. Осы мамандардың қызметіне аз да болса өз қолғабысымызды тигізу мақсатында, сіздердің назарларыңызга "Психодиагностика " жаңа айдарын ашып отырмыз. "Психодиагностика " мектептегі психологиялыққызметтің бір саласы болып табылады. Түрлі психологиялық зерттеу әдістемелері тек психологтарға ғана емес, барлық оқырман қауымға (атааналарға, ұстаздарға, оқушыларға және т.б.) өздерінің қабілеттерін, икемділіктерін, жеке-дара тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға, туындаған психологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға боладыЖаттығу. Кроссвордтар мен түрлі логикалық есептерді шешіп, немесе қара ӛлең атаулыларын жатқа оқып, шет тілдерінен сабақ алу – есте сақтау қабілетінің ең мықты қалыптасуының себепкері екен. Бұл – миға жұмыс берудің ең оңай тәсілдері саналады. Жүзім шырыны. Егер біздің ағзамызға осы бір сусынды сіңірер болса, есте сақтау қабілетіміз 20 пайызға жоғарылайды. Ескертетін жайт, шырын – күлгін түстес болуы қажет. Оның құрамында миға пайдалы аксидонттардың үлесі зор. 16 Физикалық белсенділік. Жүгіру мен жүру, би жаттығуларына қатысып неғұрлым денені кӛбірек қозғалтатын әрекеттерге бару – есте сақтауды күшейтеді.Мұндай қарқындылық ми қабатына кислород түсіріп ӛз әсерін беретін кӛрінеді. Дыбыстап сөйлеу. Әдетте, ақпараттарды дыбыстап қайталап отырсақ – ол жазу процесіне қарағанда жиі есте сақталады. Мәселен, телефон нӛмірі, мекен-жай немесе есімдер тізімі. Ұйқы. Ұйқы – денсаулық кепілі. Ұйқы процесі жақсы адамдар ұзағырақ ӛмір сүретін кӛрінеді. Ұйқы кезінде біздің ағзамыз тыныштыққа құрылады. Ұйқы уақытында гормондар кӛлемі жылдам ӛзгеріске түсіп отырады. Ұйқысы жақсы адамның есте сақтау қабілеті ӛте қатты дамыған. Релаксация. Медитация,йога, массаж секілді адам ағзасын тыныштыққа бӛлейтін іс-әрекеттер бұл тарапта ӛз септігін тигізеді. 17 Көздің жаттығуы. Егер адам баласы күн сайын таңертең кӛзді оңға, солға, жоғары,тӛмен қаратып 30 секундтай жаттықтырып тұрса, есте сақтау қабілеті 10 пайызға кӛтеріледі. Бұл – дәлелді қажет етпейтін факт. Ми қабатының екі бӛлігі де бірбірімен тығыз байланыста болып, есте сақтауға ӛз әсерін тигізеді. Ассосациялар. Кез-келген объектіні есте сақтап қалу үшін белгілі бір түске, я болмаса иіске, дәмге байланысты дүниелерді ерекше есте сақатаған дұрыс. Ол – әлгі объектіні жылдам еске түсіруге кӛмегін береді. Тамақтану. Денсаулық пен дұрыс тамақтану – есте сақтау қабілетінде үлкен рӛл атқарады. Әрине, бұл азықтар – антиоксиданттарға жатады. Жаңғақ, қаражидек, ӛрік және цитрусты ӛнімдерді тұтыну – әсіресе тиімді. Витаминдер. Бұл жердегі кӛшбасшы – «В» витамині. «В 12» витаминінің жетіспеуі -есте сақтау қабілетін толығымен бұзады (балық, ет, жұмытрқа, құс ӛнімдері т.б). Мидың жұмыс жасауындағы ең жақсы кӛмекші. Одан бӛлек «С» және «Е» витаминдері де қолайлы. Ми тарапына жасалынатын осындай жаттығулар арқылы есте сақтау қабілетімізді күшейте отырайық! 18 Материалды қалай есте сақтауға болады: Еңбірінші есіңе түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгіоқиғаларды, дәлелділердің дұрыстығын тексер. Оқулықты оқи отырып, ең негізгі пікірлерді бөліп ал - бұл жауаптың тірек бөлімдері. Жауаптың жоспарын құрып, жауабын кішкене қағаздарға жаз. Есте сақтаудың тиімді түрлері: Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек. Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде, үлкенінен бастаған дұрыс. Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек. Бәріненде тиімдісі саналы түрде есте сақтау. Сондықтан материалды ойланып, аздап оқу тиімді. Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып оқуға жіберген уақыт тиімдірек. Егер екі тапсырмамен жұмыс істесең, үлкенінен бастағаның дұрыс. Ұйықтағанда адам есте сақтамаса да, ұмытпайды. Жұмыс қабілетін сақтау шарттары: Ой және дене еңбегін алмастыру керек; Гимнастикалық жаттығулар жасағанда баспен тұру, тоңқалаң асу жаттығуларын көбірек жасау керек, бұл жаттығулар ми жасушаларына қанның құйылуын күшейтеді. Көзді сақтау керек, әр 20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек. (кітаптан көзді алып, алысқа қарау керек). Теледидар хабарларын неғұрлым аз қарау керек 19 Ойлау қабілетін қалай дамыту керек 1. Егер кӛп білгің келсе мұқият тыңдауды, дұрыс жауап беруді үйрен. 2. Ақылды болғың келсе парасаттылықпен сұрақ қоюға, мұқият тыңдауға, айтуға ештеңе қалмаса үндемеуге, салмақты жауап беруге үйрен. 3. Білімді ойлаусыз игеру мүмкін емес, білімсіз ойлау да мүмкін емес. 4. Ойлау қабілетіңді дамытсаң санаңды біліммен толықтырасың. 5. Білім кӛзі болып кітап, мектеп, теледидар, адамдар болып табылады. Олар заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпарат береді. 6. Ойлау сұрақтардан басталады. Барлық ашылулар «Неге?» және «Қалай?» сұрақтар арқылы жасалынған. Сұрақ қоюға? Оған жауап табуға үйрен. 7. Ойлау – дайын стандартты шешімдер керекті нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде белсене түседі. Сондықтанда ойлауды дамыту үшін зат немесе құбылысты жан-жақты кӛре білу әдеттегіден жаңаны байқай білу іскерліктерін қалыптастыру. 8. Затта немесе құбылыста түрлі белгілерді байқау, ойлау қасиетіне қажет заттар немесе құбылыстарды ӛзара салыстыру қабілетін игеру 9. Адам объектінің белгілерін неғұрлым кӛп байқаса, оның ойлауы соғұрлым жетілген. Бұл іскерлікті зеріктікке, аңғарымпаздыққа арналған ойындарда, логикалық есептер мен басқатырмаларды шешкенде жаттықтыруға болады. 10. Ойлау мен сӛлеу бӛлінбейді. Ой дамуының міндетті түрдегі шарты – оқығанын еркін жеткізу, пікір-сайыстарға қатысу, жазба сӛйлеуін белсенді қолдану, ӛзің аяғына дейін түсінбейтініңді басқаға айтып беру. 20 Есте қалдырылатын немесе қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай түрлері 1. Қозғалыс немесе моторикалық ес - ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимылқозғалыстарды есте қалдыру мен қайта жаңғыртып отыру. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. 2. Образдық ес - заттар мен құбылыстардың нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда кӛрініп отырады. Оқушыларда сабақтың материалын жақсы есте қалдыру үшін бейнелік есті пайдалануға болады. Ол үшін, мысалы, информатика сабағында берілетін тапсырмаларды компьютерде әр түрлі сурет, схемалармен түрлі-түсті етіп берсе есте жақсы сақталып, балалар ұмытпайды және қажет кезде тез қайта жаңғырта алады. 3. Сөз-логикалық ес - ұғым, пікір, ой қорытындыларын есте қалдыра алу қабілеті. Естің бұл түрі философтар мен математиктерде жақсы дамыған. Сӛз-логикалық естің оқу процесінде маңызы зор. 4. Эмоциялық ес - сезімдерді есте қалдырып отыру. Естің бұл түрі бойынша оқушыларда сабақтағы, сыныптағы жағымды, жағымсыз сәттер, мұғаліммен қарым-қатынастың ұнамды, ұнамсыз жақтары жақсы есте қалады. Жеткіншектердің таным процестерін зерттеу. Сөздер қатарын есте сақтау әдістемесі Сӛздік тестерді вербалдық интеллектін зерттеу әдістері деп атайды. Мақсаты: қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін бағалау және вербалдық интеллектін дамыту. Барлық вербалдық тестерді қолдану барысында балаларға бірнеше қосымша тапсырмаларды орындату арқылы олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жұмысы жүргізіледі. Ұсынылып отырған тесті орындау барысында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен мән беріледі. Балаларға тапсырмаларды орындауға арналган 6-ға бӛлінген бір парақ қағаз таратылады. Оның әрқайсысына тапсырмадағы сӛздер қатарымен орындалатын операциялардың біреуі толтырылады да, жауап парақ сол сәтте психологқа қайтарылып беріледі. Әр қатардағы сездермен алты тапсырма орындалады. Оқушыларға тестті орындау тәртібі түсіндіріледі: "Қазір мен сӛздер қатарын асықпай оқимын. Ол сӛздерді сол ретімен есте сақтаңыздар. Бір сәт ӛткеннен соң мен белгі беремін, ал сіздер естеріңізде қалған сӛздерді берілген парақтың біріншісіне жазып, оны маған тапсырыңыздар". Орындау ережесі түсіндірілгеннен соң келесі тәртіп бойынша зерттеу жүргізіледі. Қағазға жазылған 15 сӛз бір рет асықпай, анық оқылады. Бір-екі секунд ӛткеннен соң балалар сӛздер ретін бұзбастан бірінші параққа жазып береді. Бұл бірінші тапсырма. Оны орындау нәтижесі балалардың қысқа мерзімдік ес кӛлемін кӛрсетеді. 26 Бірінші тапсырма: 1-ші вариант: (Бірінші тапсырма ретінде келесі сӛздер қатарын қолдануға болады) 1. Май; 2. Қол; 3. Шар; 4. Ой; 5. Күн; 6. Киім; 7. Мезет; 8. Күміс; 9. Аяқ; 10. Бет; 11. Қоян; 12.Балық; 13. Мұрын; 14. Мата. 15. Жыл. 2-ші вариант: (Жоғарыда айтылган тәртіп бойынша тапсырманы екінші рет орындатуға болады) 1. Сӛз; 2. Мұрын; 3. Бас; 4. Шкаф; 5. Мыс; 6. Кӛйлек; 7. Сабын; 8. Қүлак; 9. Түлкі;10. Ай;11.Балға; 12. Сагат: 13. Асхана; 14. Шеге; 15. От. Екінші тапсырма Бірінші тапсырманы орындап болғаннан соң зерттелінушілермен ауа райы т.с.с. мәселелер бойынша әңгімелесу жүргізіледі. Бұл тәсіл балалардың кӛңілін тапсырмадан басқа нәрсеге аудару үшін қолданылады. 10 минут ӛткеннен соң екінші параққа алдында оқылған сӛздердің есте калғандары қайта жаңғыртылып жазылады. Бұл екінші тапсырма. Оның кӛмегімен ұзақ мерзімдік ес кӛлемін ӛлшеуге болады. Бағалау шкаласы 1: (ес кӛлемін бағалау) 9 және одан көп сөздің реті бұзылмаған - жоғары; 5-8 — орта; 1-4 — төмен. Қорытындылау барысында сӛздер саны және олардың реті сақталғаны ескеріледі. Ес кӛлемі ӛлшенгеннен соң интеллекті зерттеуге және дамытуға арналған тапсырмалар 27 орындатылады. Оның нәтижесін бағалау келесі шкала бойынша жүреді. Бағалау шкаласы 2; (интеллектуалдық дамуын бағалау) Тапсырмаларды толық және мағыналы орындаған — жоғары; Төрт-бес тапсырманы орындаған - орта; Тек біріншіден үшіншіге дейін орындаған - төмен. 3-ші тапсырма Үшінші паракқа алдыңғы; жаттығудан үш сӛзді еске түсіріп. сол сӛздерді қолдана отырып сӛйлем құру, келесі үш сӛзді еске түсіріп, олармен сӛйлем құру тапсырылады. Жалпы алты сӛзді қолдана отырып екі сӛйлем құру керек. 4-ші тапсырма Тӛртінші парақка есте қалған сӛздерді түгел қолданып және сӛйлемдер құруға қолданылған алты сӛз негізінде қысқа әңгіме жазу тапсырылады. Ол әңгіме ертегі болуы мүмкін немесе ӛмірде болган оқиғалардан қызық бір кӛріністі жазып беруге болады. 5-ші тапсырма Бесінші параққа есте қалған сӛздерді қолдана отырып достарына, туыстарына мереке күнімен құттықтау хат жазу ұсынылады 6-шы тапсырма Алтыншы параққа есте қалған сӛздерді қолдана отырып мультфильмге сценарий жазу керек. Тапсырма орындалғаннан соң сценарийлар конкурсын ӛткізіп жіберген артық болмайды. Ӛйткені мұндай тапсырма баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасайды. 28 Ассоциативтік ес көлемін анықтау әдістемесі Мақсаты: балалардың ассоциациясының кӛрініс беруін және ассоциация бойынша есте сақтау механизмінің қалыптасқанын анықтау. Зерттелінушілерге тестті орындау тәртібі түсіндіріледі: "Мен сӛз тіркестерін жұптастырып оқимын. Мысалы: '"трактор-дала". Ал сіздер оқылған сӛздерді жақсылап тыңдап, әр сӛздің екінші сӛзбен қандай белгі бойынша жұптастырылғанын, олардың бір-бірімен байланысын түсініп есте сақтаңыздар. Сӛз тіркестерін оқимын. Екі секундтан соң әр жұптың бір сӛзін ғана қайтадан оқимын. Ал сіздер сӛз жұптарының екіншісін естеріңізге түсіріп, оны жауап параққа жазыңыздар. Мысалы: мен "трактор" деген сӛзді оқығанда сіздер оның жұбы "дала" деген сӛзді жазасыздар". Тапсырмалар: 1. Жаңа - үй 2. Құрыш - эксковатор 3. Кеш - түн 4. Машина - дӛңгелек 5. Су - құбыр 6. Есік - терезе 7. Шу - тыныштық 8. Қатынас - тіл 9. Материал - ағаш 10.Қате - жазу 11.Мәдениет - кітап 12.Күндіз - азан 13.Стол - журнал 14.Даналық - оқу 15.Қоңырау - сабақ 16.Сәуле - дыбыс 17.Мереке - би 18.Ақша - киім 19.Спорт - күрес 20.Мәскеу-қала Бағалау шкаласы: Дұрыс жазылган сӛздер (+) белгіленеді. Қалып кеткен және басқа сӛзбен жаңғыртылған сӛз жұптары дұрыс жауапқа есептелінбейді. 15 және одан кӛп (+) - ассоциативтік ес кӛлемі жақсы; 10-14 — орта; 1-9 — тӛмен. 29 Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеудің кӛптеген ерекшеліктері бар. Бірінші және екінші сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу тестері олардың оқу және есеп шығару шеберлігі енді қалыптасып келе жатқанын ескере отырып, жасалған. Ал үшіншітӛртінші сынып оқушылары сауаты ашылған, оларкӛптеген жазба түрде берілген тапсырмаларды ӛз беттермен орындап шығуға мүмкіндіктері бар. Осы ерекшеліктерін ескере отырып бастапқы оқыту кезеңіндегі балаларды зерттеу барысында арнайы жасалған тесттер қолданылады. Мекепке қабылданған баланың оқу мазмұнын толық меңгеруге даярлығын анықтаудың маңызы ӛте үлкен. Психолог баланың даму деңгейін жан-жақты диагностикалау барысында осы қасиеттерді бағалаумен қатар олардың таным процестері дамып, оқытуға қажетті деңгейге жетуі мүмкін. Барлық диагностикалық тесттерінің түзетуـдамыту әсері ӛте мол болғандықтан оларды орындатудың ӛзі дамытулық әсерін тигізеді Мектепке енді, қабылданған баланың әлеуметтік статусы ӛзгергенімен ол әлі ақыл-ой, интеллектуалдық даму жағынан мектепке даярлық тобындағы кезіндегідей. Сондықтан олардың таным процестерін зерттеуге мектепке қабылдау кезінде қолданылған әдістемелер модификациясы, немесе С.Д. Забрамная, Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер әдістемелері ӛте ыңғайлы болады. Сонымен қатар мектепке қабылданғандарды зерттеуге және олармен танысу үшін әңгімелесуге арнайы жасалған әдістемелер бар. Олар "Қисынсыздыктар", «Мен қай жерде тұрамын» "Менің кӛшем» «менің достарым», «10 сӛз», «10 сан» т.б. Бұл жерде осы әдістемелер кӛмегімен балалардың оқытуға даярлық деңгейін анықтау жолдары кӛрсетілген.