I кіріспе II негізгі бөлім


Жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету міндеттері



бет3/6
Дата05.01.2023
өлшемі81,58 Kb.
#60487
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
куросовой 2

Жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету міндеттері.
Жас өспірімдік шақ баланың жыныстық толысуымен басталып, ересектік орын алғанға дейін созылатын, көптеген физиологиялық және әлеуметтік жағдайларға байланысты шектері анықталатын жас кезеңі. Бұл кезең 14-18 жас аралығында өтеді және көптеген өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста пубертаттық кезеңде болады. Осы физиологиялық процеске байланысты ұл – қыздардың бір – біріне көз салып, жыныстық қызығушылығы орын ала бастайды. Жас өспірімдік кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар материалдық жағынан әлі ата – аналар қарауында. Мектепте оған, екінің бірінде, сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі үлкендердің айтқанын сынамастан орындауды талап етеді. Бұл жағдай мектептен басқа жердеде анық байқалады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары болашақта некелеуге өз отбасын құруға әзірлену кезеңінде. Сондықтан, психолог алдында тұрған үлкен міндеттерідің – жыныстық тәрбие, болашақ отбасы өміріне даярлау, қарым – қатынас мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық — саяси қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу орнын анықтау. Бұл міндеттері жүзеге асыру баладан ұзақ уақыт мақсатты даярлықты талап етсе, үлкендер жағынан баланың мұқтаждығын жақсы түсініп оған кеңес беріп, қол ұшын беруді қажет етеді. Мамандық таңдау баланың жалпы дүниетанымдық ізденістері мен өмірлік жоспарларында орнығып, нақтылады.
Жас өспірім есейген сайын таңдау қажеттігі күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы нмесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішіне неғұрлым шындықа жақынын, қабылдауға келетін варианттарды таңдау керек болады.
Сондықтан мамандыққа баулу, баланың мамандық таңдау мотивациясын, қызығушылығын, ден саулығын және анатомо-физиологииялықмүмкіншілігін зерттеп кәсіби бағдар беру – психолог алдында тұрған екінші міндет болады.
Жас өспірімдік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша толығырақ түсініп білгісі келеді. Өзін-өзі бағалау дың екі тәсілі бар. Оның біріншісі-өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелермен салыстырып бағалау, ал екіншісі-әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегінділердің пікірлерін салыстыру.Осы тәсілдер арқылы құрылған баланың өз «менің бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.»
Мұнда нақты «мен» (қазір қандаймын), динамикалық «мен» (қандай болғым келеді), м ұраттық «мен»(өзімнің адамгершілік ұстанымдарыма байланысты сондай болуға тиіс тімін), қиалдағы «мен»(қолымнан бәрі келетін болса сондай болар едім!) т.с.с. көз алдына елестетін «мен» бейнелері бар. Өзін-өзі талдау нәтижесінде балалар өзін обьективті, төмен немесе асыра бағалауы мүмкін. Балалар психолог көмегімен «мен» көріністерін анықтауға, оны зерттеуге мүмкіндіктері болуы керек.Сондықтан әр баланы өзін-өзі танып білуге үйрету психологиялық қызметтің ке лесі міндеті.
Осы шақта эгоцентризм, невротизм белгілері болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар жас өспірімдік рефлекцияның тереңділігі мен қанықтылығына байланысты көптеген әлеуметтік (әлеуметтік тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсия-экстроверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (отбасында тәрбиелену жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынасы, оқыған кітаптарымен көрген кинофилмдерінің сипаты) факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсысына қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.
Жас өспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жас өспірімдік ұғвм мен оның нақты дәрежесі әр балада әр түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтар жоғалады.
Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана бболу керек деп санайды. Ал екіншілерінде екі, үш және оданда көп достар болады. Тіптен барлық таныстарымен достасатындар да кездеседі. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын проблемаларының бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән мағынасын балаларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.
Жас өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздықтан үрейлене қорқады, аз уақытта да жалғыз қала алмайды.Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше көңіл бөліп, әрқайсысына жеке-дара қажетті көмек көрсету керек. Бұл жас өспірімдерге пмсихологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.
Адамның күрделі интелектілік операцияларды меңгеруді және ұғымдық аппаратының баюы, теориялық интелектінің қалып тасуы және көрініс беруі жас өспірімдік кезеңде жетіледі. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсумен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда күрделі де дара сипат береді.
Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдау ға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олар дың шығармашылық қабілетін, білім мең герудегі дербестік дәрежесін артьтыруға аса маңыз беру қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердің қалыптасуы оқытудың сипаты мен қатар пси хологиялық түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз бай ланысты. С он дықтан пси холгтің келесі міндеті – жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық дамуына ықпал жасау.
Осы аталған, тағы да баланың жас ерек шеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жас өспірімдермен жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды.
Бүгінгі таңда оқу – тәрбие үрдісінде психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту, психологиялық денсаулығын сақтау бүгінгі таңда білім беру жүйесінде педагог-психологтардың жауапкершілік арта түсуде. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп Адамның ішкі жан дүниесінде көптеген ойлар, барлық ой арқылы жасалатын ақпараттар сол жерде пайда болып, жоғалып жатады. Яғни, бұл ақпаратқа негізделген ойдың пайда болатын жері – тамыры дейді. Үнемі жамандық жайында ойлайтын адамның жаман ойларға, яғни ақпараттарға толы, қоқыс төгетін алаңға ұқсайды. Ол ақпараттар ұйықтап жатқанда, ояу жүрген кездерде үнемі адамның сыртқы санасына ықпал етіп отырады да, оны төңірегіндегі адамдарға зиян келтіруге, зомбылық, келемеждер жасауға уайымдауға,қайғы-қасірет тарттыруға итермелейді.Қазіргі таңда қоғамдағы байсалды мәселенің бірі-буллинг мәселесі.Буллинг бала –бұл дегеніміз қандай да бір жан дүниесіне нұқсан келтірілген, ыза кек сақталған,немесе өкпе назы бар .Бұл рухани кесел десе де болады. Ата-аналар кейде тәрбие мәселесінен қателіктер жіберіп отырамыз.Сондықтан заманауи оқушыларға жақсы қонымды ой қалыптастыратын әдістерді бірте бірте қолдана бастадық. Нәтижелері де қорытынды бере бастады. Заманауи әдістерді өз ұлттық психологиямызға, сай қолдана білу, соның ішінде аффирмация (латын тілінен аударғанда - "растау") - күнделікті қайталау арқылы адамның ойын жақсы арнаға бұру, мақсаттарын айқындау, армандарының орындалуына көмек беру. Ғаламтор желісінде бұл әдістер көп кездеседі. Олар сурет, аудиозапись немесе жазба түрінде әр түрлі болады. Мысалы, аффирмация алға ұмтылу үшін ,оқуға ынтасын өсіру, өмірге қызығушылық, мамандықты дұрыс таңдауға және т.б. қолданады. Сондықтан жеткіншектердің жасерекшеліктерін ескере отырып, осы жаңашыл әдістерді қолданудамыз. Әрбір адамның өзіне аффирмация жазуы дұрыс деп ойлаймын, себебі оның көмегі көп және нәтижесі бар. Ең бастысы, қойған мақсатқа жетуде үлкен үміт ұялатады, ішкі ықыласын (мотивациясын) көтереді. Позитивті көңіл-күй қалыптастырады. Егерде қызық бола бастаса, аффирмация, визуализация т.б жазуға кірісейік. Бастамас бұрын шарттарын түсіндіре кетейін.
· Біріншіден, бұл әдіс-тәсілдерге атүсті қарауға болмайды. Оған бар жан-дүниемен сену керек, егер, тіпті, 0.1%-ға болсын күмән туындаса, ол іске аспайды.
· Екіншіден, күнделікті қайталау жақсы нәтижеге алып келеді.
· Үшіншідіен, дайын аффирмацияларды оқығанша, өзіңіздің аффирмация жазғаныңыз дұрыс. Себебі, сіз өзіңізге нақты не керек екенін білесіз, демек аффирмация толықтай өзіңізге тән болады және жуырда орындалады.
· Төртіншіден, аффирмация қысқа да, нұсқа болу керек. Мысалы, «Мен әлемдегі ең бақытты жанмын» «Менің арманым орындалады» т.б.
Бұл дегеніміз ұлттық психологиямызда бұрын соңды айтылып келген «Жақсы сөз жарым ырыс, толмай тұрған ырысың толады» деген сөз.
Қазақстандық және алыс, жақын шет мемелекеттік психологтарының түрлі әдебиеттерін, ақпараттық жүйені,газет-жураналдарды пайдалана отырып, ыждағаттылықпен орынды пайдалана біле бастадық. Сондықтан, өскелең ұрпақтың жанына жол салатын,өз мақсатына айқын жетуге жетелеу «Мен ойымды өзгерту арқылы, өмірімді өзгерттім» міне, осындай позитивті ойларды қалыптастыру біздің жұмысымыз.
· Аффирмация күнделікті қайталау арқылы адамның ойын жақсы арнаға бұру, мақсаттарын айқындау, армандарының орындалуына көмек беру;
· Визуализация елестету қиял арқылы мақсат қою, жете білу;
· Релаксация жеңіл әуенмен ынталандыру сөздерін тыңдау(психологтың);
· Арттерапия элементері (ертегі терапиясы, әуен терапиясы, фототерапиясы, құм терапиясы т.б).
Бұл әдістермен мектеп педагог-психологтары өз практикамызда қолданып келеміз. Оқушыларды алға ұмтылу үшін оқуға , өмірді сүюге,мамандық дұрыс таңдауға,емтихан тапсыруда,мақсаттарына айқын жетулеріне мотивация береді. Яғни бұл әдістердің көмегі болмаса, зияны тимейді. Ең бастысы, қойған мақсаттарына жетуіне ,өздеріне деген сенімділік арттырады, үлкен ықпал береді.
Білімалушыларға сенімді мінез-құлық дағдысын бойына сіңіруде бірнеше психологиялық жаңашыл әдістердің ұғымына, кажеттілігін, маңыздылығын ic жүзінде нақты мысалмен көрсетуді практикамызда қолдана бастадық.
Оқушы негізгі әрекеті - оқу, яғни мақсатты түрде жүйелі, тыңғылықты білім алуға, кәсіби дағдыларды үйренуге ұмтылуы. Оқушытік шақты (негізінен 18-25 жас аралығы) адамның басқа жас кезеңдерінен бөліп алып, өзінше әлеуметтік-психологиялық қауымдастық ретінде терең әрі ауқымды зерттеген профессор Б.Г. Ананьев бастаған психологтар мектебі.
Оларды зерттеу нәтижелері бұл шақта адам интеллекті ең күшті даму кезеңі болатындығын, оның аса күрделі әрі әр адамға тән ерекшелігі және өзгермелі келетіндігін көрсетеді. Мысалы, 18-20 жастағылардың көру, есту, қимыл-қозғалыс сезгіштіктері ең жоғары дәрежеде (оптимизм) болады.
Көру кеңістігінің көлемі 20-29 жас аралығындағы өзінің максимум (ең жоғары толысу) жетеді.
Зейіннің көлемі, ауысуы (бұрылуы) талғағыштығы 18 жастан 33-ке дейін қарқынды өсіп - дамып, 34 жастан кейін олар төмендей бастайды.
Ал зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын болар-болмас ғана өзгереді екен. Қысқа мерзімді сөздік жадының ең жоғары өрлеуі 18-30 жас аралығында деп келсек, өзара мерзімді сөздік жадыға ол 18-ден 35-ке дейінгі кезеңге сәйкес келеді.
Ал, бейне жадысының адам жасының өзгеруіне тәуелді болымсыз болып келеді. Логикалық ойлау қабілетінің ең күшті кезеңі 20 жаста байқалады. Содан кейін ол біртіндеп төмендей береді. Егер осы қабілет деңгейін 20 жаста 100 пайыз деп алсақ, ол 30 жаста 4 пайыз төмендейді, 40-та 13 пайыз, 50-де 20 пайыз, 60-та 25 пайыз, 70-ке келгенде 40 пайызға төмендейді екен.
Оқушылардың негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдап алған кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке толық ие болам деп бар ой-санасын, әрекетін бағыттау және осы бағытындағы тұрақтылық қасиеті. Егер оқушы болашақ кәсібін дұрыс таңдай алса, ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы да құштарлығы да жоғары болады.
Ал бұл жолда қателессе, болашақ мамандығы туралы мағлұматтары аз болса, онда оқуға деген ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу нәтижелері негізінен оқушылардың оқуға деген ынта-ықыластарының жоғары деңгейде болатындығын көрсетеді.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде оқушылардың басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда білім деңгейі, танымдық мотивтері жоғары болады әрі олар мәдениет мұраларын игеруде үлкен белсенділік танытады.
Жалпы, оқушытер тобына тән нәрсе әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын интеллектуалды және әлеуметтік толысудың гормониясы. Оқушылардың осындай ерекшеліктері ұстаздардың әрбір шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарауға, оларды тұлға ретінде қабылдауға итермелейді.
Оқушы шақ - адам баласының кісі болып, тұлға болып қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл шақта жастардың алуан түрлі нәрселерге ынта-ықыластарының артуы шыңына шығады, олардың әр істе үлкен табыстарға жетуі байқалады (спортта, өнерде, ғылымда, техника салаларында және т.б.).
Болашақ қайраткерлер, кәсіп иесі - маман ретінде оқушы жастардың әлеуметтену процесі өте қарқынды өтеді. Адам өмірі үшін рухани қажеттіліктің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.
Сонымен қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі. Педагогикалық әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін сараптау барысында оқушытің білім алуы үшін ең қажетті процес “түрткі” ұғымын толығырақ қарастыруды жөн көрдік.
Ал, түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда қызығушылық пайда болады. Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі.
Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас. Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді.
Былайша айтқанда түрткіні тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз. Түрткі жөнінде және оған анықтама беруге байланысты ұсынылған пікірлер баршылық. Мысалы: түрткі психологиялық құбылыс, іс-әрекетке деген ынта-ықыласты қозғаушы күш, қызығушылық; түрткі әрекеттенуші тұлғаның таңдауына лайықты болған себепке байланысты қарым-қатынас; түрткі өзінің қажеттілігін өтеудегі бағдары және іс-әрекет пен қарым-қатынастағы адамның санасындағы түрткінің көрінісі т.б. Ал, оқыту түрткілері - бұл оқушының әрекетіне әсер ететін әртүрлі бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер оқушының таланттылығы өзі оқитын объектінің жұмысына бағытталған болса, онда танымдық түрткілер жоғарылай түседі. Егер оқушының таланттылығы, білімділігі оқуға басқа адамдармен қарым-қатынасында байқалса, онда танымдық түрткілермен қатар әлеуметтік түрткілер де пайда болады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары адамда да оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктеріне байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде біреуіне нақты тұрақтамайды. Мұндай “көрсе құмар” әуесқойлық қасиеттер адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай Қ.Б. Жарықбаев, Ә.Алдамұратов т.б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше материалдық, қоғамдық саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т. б. болып келеді.
Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары: оқуға, ғылымға (математика, химия, биология, философия т.б.), ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің түрлеріне, мамандықтарға байланысты болып бөлінеді.
Эстетикалық қызығулар: кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне тағы басқаларға сәйкес жіктеледі. Адам объектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады, осы тұрғыдан қызығуды тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады.
Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады да, жанама қызығу – бұл әрекеттің түрткі нәтижесінен қажетсінуінен туындайды. Мұндай қызығу барысында адам көздеген мақсатқа біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге т.т. қызығу. Жанама қызығу тұрақты болып келетін болса, адамның ісі оңға басып, ол әр нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады.
Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мысалы: бір адамдар саяси мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға, әдемілікке қызығады. Ал, үшінші біреулері ғылыми теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.
Мектеп жасындағы балаларда қарапайым танымдық қызығушылықтарымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулары да кездеседі.Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей бір әрекеттермен айналысуы қажет. Мұғалім не тәрбиеші балалардың қызығуын тәрбиелеуде олардың өзіне әлі де мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру үшін әрекет жасауы керек.
Сонда ғана бала рухани өмірге бай, зерігуді білмейтін, жан - жақты, қабілетті адам болып шығады Жалпы педагогикалық ғылыми еңбектерде қызығу, қызығушылық ұғымы деп қарастырылуда. Ал, педагогиканың тәжірибелік аспектісінде қызығушылық деп қолданылғандықтан екі сөз мағыналас, бұған екі сөздің мағынасы өзгермейтіндіктен, біз ғылыми еңбегімізде қызығушылық деп қолдандық. Қызығушылық қалыптасуы үшін адам бойында сенімділік туындауы керек. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана өз мақсатыңа жетуге мүмкіндік туады.
Оқушы өмірінде оқу – іс әрекеттің негізгі саласы. Оқу – сабақ, сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қалыптастыру – бірге жүретін үрдістер.
Оқудың міндеті – оқушыларға ғылымның негізгі ілімін, ақыл-ой еңбегінің дағдысы мен әдісін үйренуден тұрады. Тәрбиелік міндеттер оқушылардың дүниетанымына, ғылыми ілімнің негізіне, табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік көзқарасын, өзінің сендіру мүмкіндігін құрайды және сендіру мүмкіндігін арттырады. Олар оқу үрдісінде оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еркіндікке, тұрақтылыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа, саналылыққа, істі аяғына дейін жеткізуге, шындыққа, өзіне деген сындық қатынасқа, іскерлік пен жауапкершілікке уағыздайды.
Дамушы міндеттер – оқушылардың интенсивтік құрылымын талап ете отырып, психикалық (сезіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, еркін, сөйлеу) логикалық және бейнелі, көркем ойлау үрдісінің түрі, кез келген шығармашылық міндеттің шешімі, сезім мен ерікте мәдениеттіліктің пайда болуы.
Білім беру - ұлттық және жалпы адамзаттың қазыналары, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Білім беру, оқыту, тәрбиелеу – еңбек ету үрдісімен бірге жүреді.
Еңбек үрдісі нәтижелі болу үшін, қажетті білімді, дағды мен іскерлікті, икемді жүйелі түрде меңгеру, оқу арқылы бала қоғамдағы ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін өз бойына сіңіреді. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді.
Білімді меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі үрдіс. Білімді игеру үлкен сапалылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Мәселен, баланың жасы өскен сайын оқуға деген қызығушылықтарының, түрткілерінің де мазмұны өзгереді. Түрткімен бірге қызығу, дағды және икем де бірге қалыптасады.
Дағды адам әрекетінің қай-қайсысын да ерекше маңызға ие болады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді, іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, алдына қойған мақсатына жетуге күш-қуатын пайдаланады. Ал икемділік - адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеттілігі. Икемділік білім мен тәрбиеге негізделеді.
Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады дейді Қ.Б.Жарықбаев. Адамның қызығуы әртүрлі істерді өз дәрежесінде орындауға ұмтылудан туады. Ал, түрткі сол істерге итермелейтін күш. Сонымен, түрткі – адамның белгілі қажеттіліктерін қанағаттандырудағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш болса, білімге, оқуға итермелейтін оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда түрткілердің маңызы зор.
Оқушылардың оқуға деген негізгі екі түрлі мотивтері болады:
1 Табысқа жету;
2 Танымдық мотив.
Танымдық мотив оқу - танымдық әрекеттің, яғни ойлау іс-әрекетінің негізін құрайды. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуация кезінде пайда болады да оқушылар мен оқытушылардың қарым-қатынасының дұрыс жағдайда өрбуіне өсіп, дамиды. Ал, табысқа жету мотивтері оқыту процесінде танымдық және кәсіби мотивтерге бағынышты болады. Оқушылардың даму ерекшеліктерін зерттемес бұрын адам, жеке тұлға ұғымдарын қарастырып, анықтама беріп өтсек.
А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады.
Оқушы шақ - жастық шаққа кезең. Жастық шақ адам өміріндегі көптеген өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл кезеңінде физиологиялық жетілу процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік статусты игереді. Бұл кезеңдегі жастардың негізгі проблемаларының бірі - өзіндік сана сезімімен тұлғалық дамуын айтуға болады.
Бұл кезеңде адамның жеке тұлға болып қалыптасуына жанұясы, қоршаған ортасы, тәрбие, салт-дәстүрлер әсер ететіні мәлім. Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы заңдылықтары қалыптасқан. Жеке адамның даму процесін қарастыратын болсақ, бұл ’’процесс’’ латын тілінен аударғанда алдыға қарай қозғалу, өзгеріс деген сөзді білдіреді.
Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың,адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. “Дүниетаным - адамның табиғат,қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы”деп қарастырады З. Серікқалиұлы.. Аталған тұжырымдарға орай отандық психолог С.М.Жақыпповтың “Танымдық іс-әрекет психологиясы” еңбегінде оқу-тәрбие процесінің тиімділік, дәстүрлік оқыту жүйесімен жаңаша оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеттің жолын ұсынды. Ғылыми еңбектерді сараптай келе танымдық іс-әрекеттің жүргізілу жолдарын төмендегідей бағыттарда қарастырылған.
Бағыттылық - жеке адамның маңызды қасиеті, адамның қоғамдық тірі ағза ретінде дамуының динамикасы.
Қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі.
Мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты.
Түрткілер - қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе идеалды объектісі және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-қозғалыстар.
Мотивация - бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі. Темперамент - индивидтің психикалық әрекетінің жүйкелік динамикалық ерекшелігі жағынан мінездеме беру.
Қабілеттілік - қандай да бір немесе бірнеше әрекетті жемісті атқарудағы психикалық қасиет. Қалыптасатын негізгі, өзекті қасиеттер.
Мінез-құлық - адамның өміріндегі қарым-қатынасты оның барлық қимыл-қозғалыстары мен қылықтарының танылу ерекшеліктері немесе белгілері.
Белсенділік - қоршаған ортадағы ақиқат шындық пен өзара қимылының өлшемі, кез-келген әрекеттің немесе қимыл-қозғалысы орындалуындағы өнімділігі және қарқындылығы.
Өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін реттеуге бағытталған.
Талаптану, ниеттену - мінез-құлықтың мотивициялық компонентіне жатқызылады.
Ерік - кедергі қиыншылықты жеңудегі қажеттілік.
Адам - өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттіліктердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш - сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады.
Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа жетуге тырысады. Ал, қажет дегеніміз- адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы.
Қажеттілік - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете алмайды.
Ғылыми әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Мотив дегеніміз - белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас.
Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша айтқанда мотив тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
Танымдық түрткі:
1 оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау түрткілері;
2 өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері;
Әлеуметтік түрткілер:
1 кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
2 тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
3 ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Адам бойында түрткі яғни мотив туындаған кезеңде қызығушылық пайда болады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді,білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары оқушыларда оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Оқушылардың ақыл-ойына келсек, мұның өзі жасөспірімдік кезеңге қарағанда сапа жағынан да, көлем жағынан да біршама қалыптасып қалған. Қалыптасуда мынадай екі тетік бар: біріншіден, бұлар өзі қоршаған әлеумет ортасынан соның ішінде жеке адамдар арасында кездесетін неше түрлі қатынастың мәнісіне түсініп, әр нәрсенің себебіне және одан шығатын нәтиженің мәнісіне түсініп, әр нәрсенің дүниеде себепсіз нәтиже болмайтынын ұғына бастайды.; екіншіден, егер бұл кезеңде ересек уақытының көбін мұң, фантазия сияқты нәтижесіз объектілерге жіберетін болса, енді сол фантазиядан нәтиже шықпайтынын біліп, күші мен жігерін шындық нәрсені меңгеруге жұмсайды. Осының өзі ақыл-ойдың дамуындағы үлкен жетістіктің бірі .
«Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек», – деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ендігі ең үлкен, жауапты мақсат білім ордаларына қатысты болып отыр. Ол мақсат, мүдденің бірі-12 жылдық білім жүйесіне көшу. Жаңа білім жүйесі мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелерді анықтауда жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуді қажет етеді.
Қазіргі уақытта осы жаңа жүйе бойынша көптеген жұмыстар нақтыланып, маңызды істер тындырылуда. Әрбір мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылықпен ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. Осыған орай бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. «Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»-деп атап көрсеткендей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны жаңғыртылуда. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы сабақ берудің әдіс-тәсілдерін, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіреді. Аталмыш бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жүйесін енгізді.
«Білім негізі бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім. Сондықтан баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылықпен ойлауға, өз бетімен шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету қажет. Оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бізден тәрбиешілерден өнімді жұмысты талап етсе, балалардан сол бастауыш сынып оқушысына лайықты тұлғаны талап етеді. Ол дегеніміз, балалардың алған білімдерін меңгеруі үшін көп еңбекті қажетсіндіреді. Оны жүзеге асыру жолдары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуды міндеттейді. Яғни, оқу тәрбие барысындағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, сол арқылы қарым-қатынас жасай білуге үйрету өзекті мәселені танытады.
Адамның есте сақтау қабілетінің мәні мен маңызы ерекше ғой. Мектеп қабырғасында тиісті бағдарламаны балаға меңгеріп, білімі мен білігін дамыту үшін оның есте сақтау қабілетіне жүк те артып отыр. Осы орайда есте сақтау қабілетінің жұмысын жеңілдету үшін, мәліметтерді есте сақтаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет.
Баланың кез келген іс-әрекеті оның жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Қолданылатын әдістің тиімділігі оның нәтижелілігінің кепілі болады. Егер есте сақтау қабілетін іс-әрекет деп танысақ, онда сәйкесінше қандай да бір мәліметті есте сақтауға септігін тигізетін арнайы іс-әрекетке байланысты әдіс-тәсілдерді меңгер қажет болады. Әрбір саналы адам мақсатты түрде есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді меңгерсе, өзінің есте сақтау жадын тиімді әрі рационалды түрде дамыта алатындығы ғылыми түрде дәлелденген.
Бала мектепалды даярлық сыныпқа келген кезде оқуға үйрету үшін, әуелі сөйлемдерді сөздерге, сөзді буындарға, буынды дыбыстарға бөлу жұмыстарын атқарады. Бұл мезгіл, талдау кезеңі болып есептеледі. Осы кезеңде бала тек дыбыстарды ажыратуға ғана үйренбейді, оларды буынмен оқып жаттығуға ерекше көңіл бөледі. Егер бұлай жасамаса сөздерді, сөйлемдерді оқып үйрену көпке созылып кетеді. Ал жаттығуды бірнеше жасағаннан кейін бала қайтадан топтау кезеңіне көшіп, дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрастыру әдістері арқылы оқиды. Әрине, бұл кезеңде бала мәтінді бірден оқып кете алмайды. Тек соңғы кезеңде бала біраз жетістікке жеткесін, дағды автоматтануға айналады.
Қорыта келгенде қажырлы еңбек барысында есте сақтау қабілеттің дағдылары бірнеше бөліктерден тұратынын анықтаймыз:
- Белгілі бір мәліметті тез есте сақтауға көмектесетін бейнелі шартты белгілер болуы тиіс. Мысалы, «Мнемотехника» әдісінің Мнемотаблицамен жұмыс тәсілі, дыбыс және оның әріп таңбасын, әңгіме мазмұнын есте сақтап, оны сол шартты белгілерге қарап толық мәлімет беруге оңтайлы.
- Есте сақтаған мәліметтерді бейнелі образдарға айналдыру қабілетінің болуы; Бұған мысал ретінде, «Ассоциация» әдісін дәлел ретінде алуға болады.
- Мәліметті ұзақ уақыт бойы есте сақтау дағдысын қалыптастырып, қажетінде еске түсіртетін зейін тұрақты болуы тиіс;
- Жадымызда мәліметтердің байланысын есте сақтау үшін көмек көрсететін тірек образдар жүйесі болуы тиіс.
Білім саласына түрлі технологиялар енгізілуде. Сол технологиялардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап, оқу қызметінің әр кезеңінде тиімді қолдана білу қажет. Қазіргі кезде мектепетер интерактивті тақталармен жабдықталған. Сол аталмыш техникада дидактикалық материалдарды қамтамасыз етіп, балалардың қызығушылық қабілеттерін ашып сөздің айтылуын, оқылуын, жазылуын, суретті интерактивті тақтаға шығарып қойсақ, оны өру арқылы, тыңдау арқылы есте сақтап қалу қабілеттерін жақсы дамытуға болады. Психолог ғалымдардың айтуынша: «Көрнекіліктерді қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал жасап, есте сақтау қабілетін нығайтады екен».
Есте сақтау қабілетін тұрақтандыру үшін қарапайым қағидаларды да ұстанған дұрыс. Ғалымдар есте сақтаудың бірнеше жолдары барын мәлімдеді. Мысалы, бос уақытта сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Бұл жерде суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес, бастысы - сурет ойды тынықтырады. Ойдың тынығуы есте сақтау қабілетін жоғарылатады. Көзге арналған жаттығулар да естің дамуына пайдалы. Егер таңертен күнде 30 секунд жаттығу жасап отырса, есте сақтау қабілетіміз 10%-ға жақсарады. Бұл да ғалымдармен дәлеледенген.
Сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру - миды жұмыс істеуге арналған ең тиімді әдістер болып саналады.
Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады. Себебі, адам жалаң аяқ жүрген кезде, аяғын жарақаттап алмайын деп айналасына барлай арап жүреді емес пе, мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есті жақсартуға көмектеседі екен. Келесі тәсіл – жазу. Қазіргі кезде қолмен жазу қалып келеді. Көбінесе біз пернетақта көмегімен жұмыс жасаймыз. Дегенмен, есте сақтау қабілетімізді жақсарту үшін бір ауық қолға қалам алып, жазу жазып та тұру өте қажет.
Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр заттарды көтерген кезде есте сақтау 20%-ға жақсарды делінген. Биікке өрмелеу, шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы. Себебі, тепе-теңдікті сақтау арқылы жады жұмысы жақсара түседі екен.
Бір сөзбен айтар болсақ, миды үнемі жұмыс істетіп тұру қажет.
Сөзімнің соңында ес туралы мынадай метафораны айтқым келеді: Есті кішкентай және әлсіз, сабырлы және тыныш, мүмкін үлкен және мықты өсіп, дамып келе жатқан ағашпен салыстыруға болады (немесе орманмен де). Ал, енді қандай ағаш өсіретініміз - ол өзімізге байланысты.
Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін, ұмыта бермейді.
Олар мида сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. 
Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс зейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытына байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту деп аталады. Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін - бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады. 
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар.
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Ес адамның әр-алуан іс-әрекекттерімен байланысты болып тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет