І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім


Жылқы аскөгі – Конский укроп – Oenanthe aquatic Lam



бет16/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
stud.kz-55662

Жылқы аскөгі – Конский укроп – Oenanthe aquatic Lam. Бастапқы жерде, көлдер мен өздердің жағалауында өсетін бір жылдық шөп тәріздес өсімдік. Іші қуыс, жұмыр бұтақты сабағы бар, биіктігі 1 м, шатыршагүлді жапырағы бар. Гүлі ұсақ ақ түсті, шатыр тәріздес.
Өсімдіктің улы заты қарамай тәріздес энанти – энантотоксин. Әсіресе жас өсідіктің тамыры улы болып келеді. Энантиннің әсері цитотосиннің әсеріне ұқсас. Сонымен қатар құрамында улы терпен фелландрен бар эфир майы анықталған. Ол май әсіресе тұқымына көп шоғырланған – 2,5 % - ға дейін. Өкпелердің, тыныс жолдарының кілегей қабықтарын жарақаттайды, үлкен дозасы наркоздық әсер етеді.
Өсімдікті кептіргенде оның улылығы жойылмайды. Улану жылқыларда, ірі қарада, қойларда тіркелген. Улану көбінесе жіті түрде өтеді: қарқынды түрде шаншу құбылысы, тартылу, салдану байқалады. Ауыр жағдайда мал әлсірейді, депрессия, өлім – жітімге ұшырайды.
Өлген малды сойғанда асқазан мен ішектердің, өкпелердің кілегей қабықтары ісінген, қызарған, тіндер мен ағзалар қанталаған.
Емі у тамырмен уланғандағыдай.
У балдырған – Болиголов – Conium maculatum L. Биіктігі 1 метрге жететін, қызыл - қоңыр дақты сабағы бар, екі жылдық шатыргүлді өсімдік. Өсімдіктің сабағындағы дағы оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады. Жапырағы жасыл – қара түсті, оны ысқылағанда жағымсыз иіс сезіледі. Гүлі ұсақ, ақ түсті, шатыр тәрізді орналасқан. Улы заты алкалоид конин өсімдіктің барлық бөліктерінде де кездеседі, әсіресе жапырақтарында өсімдік гүлденер алдында көп шоғырланады. Кониин жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат. Орталық жүйке жүйесіне, қозғалатын нерв үштеріне әсер етеді, салдандырады, секрецияны ұлғайтады. Бастапқыда уланған мал шатяқтап қозғалады,артынан қозғала алмай қалады. Малдың ауызынан сілекей ағады, жиі – жиі есінейді, көздің қарашығы бастапқыда кішрейді де, артынан ұлғаяды. Бас, мойын еттері тартылады. Сезімталдық реакциясы жоқ. Алғашқыда қан тамырларының өзегі тартылады, артынан капиллярдың өзегі кеңейеді, тамыр соғысы жиілейді, дем алысы қиындай бастайды. Дене қызуы қалыпты жағдайда болады, тек өлер алдында төмендейді. Зәр үнемі бөлінеді, содан жағымсыз иіс пайда болады. Кониин сезімтал нерв үштерін жансыздандырады, оның жапырағын қолмен ысқылағанда қолда жергілікті анестезия пайда болады.
Өсімдіктің жағымсыз иісіне байланысты мал оны жемейді, тек аса ашыққан мал оны жеп улануы мүмкін. Ондай деректер сирек болсада әдебитте кездеседі. Жылқы малы улану үшін 2 – 2,5 кг, ірі қараға 4- 5 кг керек көрінеді. Өсімдіктің улылығы оның өсу жағдайына, топырақтың құрамына және ауа райына байланысты екенін естен шығармаған жөн.
Емі бірінші кезекте жүрек пен тыныс алу ағзаларының қызметтерін реттеуге бағытталуы қажет. Асқазанды жуумен қатар терінің астына кофеин жібергеннің нәтижесі жақсы. Іш өткізетін дәрілерді береді, жаңа сауылған сүтті ішкізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет