Ақ желкен – Перушка собачья – Acthusa cynapium L. Биіктігі 30-100 см, шатыргүлді тұқымдас, бір жылдық өсімдік. Сабағының іші іші қуыс, жапырағы қоңыр – жасыл түсті, оның астыңғы жағы жылтыр болып келеді. Ақ түсті гүлі шатырға ұқсас жинақталған. Жағымсыз сарымсақ иісі бар. Улы заты кониинге ұқсас алкалоид, толық ашылмаған. Әдебиетте ақ желкенмен жылқылардың, ірі қараның, шошқалардың уланғандығы туралы деректер бар. Ақ желкен өзінің улылық әсері жағынан у балдырғанға ұқсас.
ІІІ. Өзіндік зерттеу. 3.1. Шаруашылыққа сипаттама. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданына қарасты «Қара бұлақ» атты шаруашылық. Шаруашылық негізінен мал шаруашылығымен айналасыда. Яғни төрт үлік малдың барлығы дерлік кездеседі.
Үржар ауданы тау маңында орналасқандықтан климаты тым континентті, жылдық жауын-шашын 200-500мм, қаңтардың орташа. Ең көп жауатын кезі шілде мен тамыз айлары. Қысты күні қар жауу мөлшерінің биіктігі 30-40мм/см. Ал күннің жарығы, жылулығы ауыл шаруашылық өнімдерін алуға қолайлы жағдай туғызады.
Топырағы сұр, қызыл-қоңыр, тау шалғындық топырақ тараған. Өсімдіктер әлемінен боз, жусан, ши, қамыс тағы басқалар өседі. Жануарлардан қасқыр, қоян, түлкі, аю, суыр, арқар кездеседі. Тарбағатай тауы етегінде шөлейтте жусанды бетеге, бұта, тау аралық аңғарда тау шалғыны және көк терек, тобылғы, арша өседі. Жоғарғы бөлігінде альпі шалғыны-жазғы жайылым болып табылады.
3.2. Шаруашлықтың індеттік жағдайы. «Қара бұлақ» шаруашылығының індеттік жағдайы, негізінен бұл аймақта бруцеллез ауруы осыдан 10 жыл бұрын табылған болатын, қазіргі таңда ол аурумен көп мал ауырмайды. Негізінен бұл аймақта ауру жоқтың қасы болатын, бірақ бұл ауданға шет елдерден әкелінген малдардан қайта жоғалып кеткен аурулар жандануда. Ол шет елден әкелінген малдардың каратинге уақытылы тұрмауы, немесе үржар ауданының климатына бейімделе алмау салдарынан туындауда. Осыған қарамастан эзототрядттағы мамандар бұл жердің індеттік жағдайын жаұсату мақсатында, алдын алу мақсатында жоспарлы түрде қарқынды жұмыс жасауда.