Зерттеу мен талдау
1-тапсырма.
Әлем тарихындағы ювеналды юстицияның шығу тарихына шолу жасап, тиімділігі туралы ментальды карта жасайды.
ЕБҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды
2-тапсырма.
2.Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстицияның қалыптасу және даму мәселелері,маңыздылығы туралы ақпараттардан қазіргі елдегі ювеналды юстицияның жағдайымен оқып біліп танысып жағдаяттарды шешеді.
1.Он бес жасар сотталушының қорғаушысы Шевченко осыған байланысты прокурорға шағым түсірді Оның айтуынша айыпталушыдан жауап алуға тек мұғалім қатысып, психолог қатыспады
Қорғаушының шағымы қаншалықты негізделген?
2.Талғат (25 жаста) пен Жанна (16 жаста)
Үйленеміз деп шешті. Өтініш берген АХАЖ қызметкерлері үйленуге ниет білдірген, кәмелетке толмаған Жанна Талғат пен адам
некеге тұру үшін ата-анасының келісімін алу керек екендігі айтылды. Бірақ Талғат пен Жанна
бір жыл бірге тұрғанына сілтеме жасай отырып, оған қарсы шықты.
АХАЖ қызметкерлерінің іс-әрекеті дұрыс па?
3. «Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).
ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады.
|
Оқушылар әлем тарихындағы ювеналды юстицияның шығу тарихына шолу жасап, тиімділігі туралы ментальды карта жасайды
Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстицияның қалыптасу және даму мәселелері,маңыздылығы туралы ақпараттардан қазіргі елдегі ювеналды юстицияның жағдайымен оқып біліп танысып жағдаяттарды шешеді.
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
Критерийлерге сәйкес өзара бағалау немесе өзін өзі бағалауды қолдануға болады.
«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»
|