«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Жасыл экономика мен тұрақты дамудың негізгі бағыттары



бет6/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Жасыл экономика мен тұрақты дамудың негізгі бағыттары

Жасыл экономика – экономикалық ғылымда экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады.
«Жасыл экономиканың негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:

  • шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;

  • шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес;

  • жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.

  • Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:




  • бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;

  • газбек жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;

  • қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;

  • климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық технологияларды қолдану;

  • қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;

  • кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және т.б.

Жасыл экономиканың қағидалары:

  • әділеттілік қағидасы (теңдік);

  • адамгершілікті құрметтеу қағидасаы (барлығы үшін өркендеу);

  • сақтық қағидасы (ғаламшарға шекті жүктемені есепке алу);

  • қатысу қағидасы (шешімдерді қабылдауда кеңінен қатысу);

  • басқару қағидасы (есепке бағыныштылық);

  • тұрақтылық қағидасы (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу)

  • тиімділік қағидасы (тұрақты өндіріс пен тұтыну)».

  • Жасыл экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталады.

  1. ҚР экологиялық заңнамасы.

Қазақстан Республикасының экология заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және айрықша экономикалық аймағында халықаралық құқық нормаларына сәйкес қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар, халықаралық шарттан оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісін шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, экологиялық қатынастарға тікелей қолданылады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа ретте, экологиялық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының басқа заңдарына енгізуге тыйым салынады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының экологиялық қатынастарды реттейтін нормалар қамтылған өзге де заңдары арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
5. Экологиялық қатынастар осы Кодекстің нормаларында реттелмеген жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет