«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Атмосфераны өнеркәсіптік шығарындылардан тазарту тәсілдері



бет8/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Атмосфераны өнеркәсіптік шығарындылардан тазарту тәсілдері



  1. Баламалы энергия көздері.

Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады.
Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды.
Гидроэлектроэнергия.
Ядролық энергия немесе атом энергиясы.
Күн энергиясы.
Жел энергиясы.
Геотермальды энергия.
Ағыс энергиясы.
Биомасса.
Сутек.

  1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу стратегиясы.

Энергияның бейберекет тұтынылуын төмендетуге, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға жəне жылыжай газдарының лықсымасын қысқартуға ұмтылып жатқан шақта, энергия тиімділігі маңызды орын алады. «Жасырын» немесе «нөмір бірінші отын» деп аталатын энергия тиімділігін арттыру көзге айқын көрініп тұрған ақиқат болып табылады, өйткені ол, əдетте, инвестицияларды ақтайды жəне əрқашан қолжетімді болып келеді. Алайда, энергия тиімділігін бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді əзірлейтін деректердің болмауы кəсіпорындардың мəлімдемелерін іс-əрекетке айналдыруына жиі кедергі жасайды. Сонымен қатар деректер мен көрсеткіштерсіз энергия тиімділігі саясатын оңтайландыру жəне ілгерілеу мен сəтсіздіктерді қадағалау қиынға соғады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі саласындағы нормативтік-құқықтық база жəне техникалық реттеу
Қазақстан Республикасының 2050 ж. кезеңг арналған энергетикалық стратегиясы. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде бірқатар бағдарламалық-стратегиялық құжаттар бар:
●2010ж. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
●2012ж. «Қазқстан 2050» стратегиясы
●2013ж. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу кнцепциясы
●2015ж. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспары
Энергия үнемдеуді негізгі үш құрамдас бөлімнен тұратын құрылымдық схема түрінде ұсынуға болады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет