«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның құрылымы



бет4/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері емтихан сұрақтары Асылтас

Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның құрылымы.

Биосфера биос – өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) – шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар
В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық заңдары (принциптері):
1) биосферадағы химиялық элементтердің биогендік миграциясы өзінің максималды көрінуіне ұмтылады. Яғни өмір әрқашан өзіне жайлы кеңістікті толтыруға тырысады;
2) геологиялық уақыт аралығында түрлердің эволюциясы биосфера атомдарының биогендік миграциясының ұлғаю бағытында жүріп отырады, яғни олар өсіп өнуге, көбеюге ұмтылады;
3) Жер тарихы бойында оны қоныстану сол кездерде тіршілік еткен тірі заттар үшін ең жоғарғы мүмкіндікте болды.

  1. Биосфера ресурстары.

Күн энергиясы – жер биосферасының жылу балансы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеріп тұрады. Жер мен күннің ең аз ара қашықтығы 147 млн. км. қаңтар айының басында, ал ең үлкен ара қашықтығы 152 млн. км. шілденің басында байқалады. Жер Күн шығаратын энергияның 5бөлігін ғана алады.
Көміртегінің айналымы . Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалапры арқылы өтіп, тыныс алу , ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады.
Азот айналымы . Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды . Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып топыраққа өткізеді.
Фосфор мен күкірт зат айналымы . Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де оларды өсімдіктер пайдаланады.
Оттегінің циклы . Жердегі оттегінің циклы шамамен 2000 жылда, судың шамамен 2 млн. жылда жүріп өтті. Бұл заттардың атомдары жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткен.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет