«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Экологияның мақсаттары, міндеттері және түсінігі, Экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы



бет9/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Экологияның мақсаттары, міндеттері және түсінігі, Экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы.

Экология — ағзалар және олардың өмір сүру ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтарын, биосфераның әр түрлі бөліктеріндегі тірі және өлі компоненттерді өзара әрекеттесуші біртұтас кешен түріндегі биогеоценоздар деп қарастырып, олардың өмір сүру және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Экологияның негізгі міндеттері:

  • биосфераның тұтас жүйе ретінде дамуы мен жұмыс істеуін зерттеу;

  • қоршаған орта компоненттерінің өзіне әсер етуші табиғи және туындаған антропогендік әсерге реакциясын зерттеу;

  • адам дамуының қоршаған ортаға әсерінің мүмкіндік шегін анықтау;

  • қоршаған ортаға түсетін әсер шектеуін сақтай отырып, қоғамның даму жолына, өмір сүруі мен әрі қарай дамуына кепіл болатын тұжырымды ұсыныс пен сипаттама дайындау.

Экология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы экология биосфера-дағы әр түрлі жүйелер мен қауымдастықтардың ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің принциптері мен сипаттамаларын зерделейді. Жеке экология белгілі рангты нақты топтарды зерделеумен айналысады: адам, қалалар, жануарлар және т.б. экологиясы. Экологияның басқа түрлерін де ажыратады.

  • Факторлық (немесе ауто-)

  • Популяциялық экология (немесе демэкология)

  • Биогеоценология

  • Экологияның «жаһандық экология» сияқты бөлімі салыстырмалы түрде жуырда пайда болды.

  • Геоэкология

  • Адам экологиясы

  • Қолданбалы экология

Қазіргі экология дербес ғылыми пән ретінде көптеген ғылыми бағыттар тоғысында пайда болды және биологиялық, техникалық, экономикалық, эстетикалық және басқа бағыттарды, адамның (қоғамның) басқа организмдер-мен және табиғаттың тірі емес элементтерімен өзара қатынастары мен өзара байланыстарын зерделейтін ғылымға айналды, «қоғам - табиғат» жүйесіндегі қатынастарды оңтайландыруға мүмкіндік туғызады.
Экология синтетикалық ғылым болып табылады. Аутоэкология, демэко-логия, синэкология биология, ботаника, зоология, география, климатология және т.б. сияқты ғылымдармен тығыз байланысқан. Әлеуметтік экология тарих, антропология, әлеуметтану, медицина, демография сияқты ғылымдарсыз зерделене алмайды. Қолданбалы экология техникалық және технологиялық ғылымдар салаларын, сондай-ақ экономика, табиғатты пайдалану, құқықтану, химия, физика мәселелерін қозғайды. Жаһандық экология саясаттанумен, әлемдік экономикамен және басқа ғылымдармен тығыз байланысқан.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет