ҚҰҚЫҚ негіздері


Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады



бет7/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады:

  • субъект
  • объект
  • субьективтiк құқық
  • заңды мiндеттер

Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар.

  • Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.

Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) -

  • қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.

Субъективтік құқық

  • бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар және соған сәйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар.

Заңды міндет

  • бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет–бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.

Заңға негiзделген айғақтар

  • құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тiршiлiк жағдайлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет