ҚҰҚЫҚ негіздері


Құқықтың негiзгi функциялары



бет5/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Құқықтың негiзгi функциялары:

  • Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
  • Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Құқықтық норма

  • құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже - қағида.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

  • Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы).
  • Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
  • Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық, баламалы, салыстырмалы.

Құықықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:

  • 1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан.
  • 2. Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі – мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.
  • 3. Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
  • 4. Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі. Сондықтан бұл кесімдер құқывқтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.
  • 5. Нормативтік-құқықтық кесім – мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет