ҚҰҚЫҚ негіздері



бет6/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Заң

  • мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.

Заңның белгi, нышандары:

  • 1. Мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органы немесе референдумда қабылданған, бекiткен кесiмi.
  • 2. Ең күрделi мәселелер туралы қабылданған кесiм.
  • 3. Заңның өзiне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады: заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекiту; заңды жариялау.
  • 4. Заңды ешкiм өзгертпейдi, толықтырмайды. Тек қана қабылдаған орган өзгерте алады, толықтырады.
  • 5. Заң - барлық нормативтiк актiлердiң негiзi, дiңгегi. қоғамда заңның үстемдiгi қалыптасу керек.

2-тақырып. Құқықтық қатынастар. Заңи міңез-құлық және құқықбұзушылық. Заңдық жауапкершілік.

  • Құқықтық қатынастар ұғымы және ерекшеліктері. Құықтық қатынастар құрамы. Субьективті құқық және заңдық міндет.
  • Құқықтық қатынастар субьектілері мен обьектілері. Құықтық қатынастардың жіктелінуі. Заңдық фактілер ұғымы және турлері.
  • Құқыты жүзеге асыру нысандары. Құқықты түсіндіру.
  • Заңи мінез-құлық ұғымы және белгі-нышандары. Заңи мінез-құлық түрлері және ниеттері.
  • Құқық бұзушылық ұғымы, белгі-нышандары. Құқықбұзушылық құрамы. Құқықбұзушылық түрлері.
  • Заңдық жауапкершілік ұғымы және белгі-нышандары. Заңдық жауапкершілік қағидалары. Заңдық жауапкершілік түрлері. Заңдық жауапкершілікті және құқыққа қайшылықты жоятын мән-жайлар.
  • Тәртіп, құқықтық тәртіп және заңдылық. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

Құқықтық қатынастар

  • құқыққа байланысты, құқық негiзiндегi қатынастар болып табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен байланысты үш негiз болуы керек: 1) құқық нормасы; 2) субъективтiк құқықтар мен мiндеттер; 3) заңға негiзделген айғақ болуы керек.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

  • а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;
  • ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;
  • б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;
  • в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;
  • г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет