бет 4/21 Дата 10.10.2022 өлшемі 370 Kb. #42255
Мемлекеттiң саяси режимiн , оның қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепiлдiктерi, демократиялық институттарды қолдануынан бiлуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режимдер болып бөлiнедi. Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне: - экономикалық; - әлеуметтiк ; - қаржы реттеу; - мәдениет бағытындағы; - экологиялық ; - құқықтық тәртiптi реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне: - шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту; - мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту ; - мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру; - дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру ; - мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары: Заңның үстемдiк етуi. Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi. Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы. Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы. Азаматтық қоғамның қалыптасуы. Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi. ҚҰҚЫҚ мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін , басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту. Достарыңызбен бөлісу: