бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны.
Құқықтық мәдениет
1) құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;
2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;
3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;
4) құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процестерінің сапалық жағдайы;
5) құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);
6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).
3-тақырып. Қазақстан Республикасының негізгі құқық саласы – Конституциялық құқық
ҚР Конституциялық құқығы құқық саласы және заң ілімі сапасында.
Конституциялық-құқықтық нормалар және олардың түрлері.
Конституциялық құқықтағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.
Азаматтық ұғымы. Азаматтықты алу және тоқтату.
Сайлау құқығы.
“Конституция”
деген сөздiң латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген мағыналарды бiлдiредi.
Конституцияның ерекшелiктерi:
- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;
- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
Қазақстан Республикасн құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлер қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.