6.Баяндауышы сан есімнен болған сөйлемді белгілеңіз. A) Оқушылар саны отыз. B) Біз екі-екіден бөліндік.
C) Біз үш түрлі кедергіден өттік. D) Екі шоқ гүл әкелді.
E) Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.
7. Қыстырма сөз қай сөз табынан, анықтаңыз. Үшінші, мен ақымақ емеспін. A) Жинақтық сан есім. B) Есептік сан есім.
C) Болжалдық сан есім. D) Реттік сан есім.
E) Бөлшектік сан есім.
8. Қосымшасыз сан есім - қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз. Қырық – екіге бөлінеді. A) Бастауыш. B) Пысықтауыш. C) Толықтауыш. D) Анықтауыш E) Баяндауыш. .
9.Меңгеруді көрсетіңіз.
A) Ұқыпты бала. B) Әжеме келдім. C) Шығарманың көркемдігі. D) Көз ілмейді.
E) Он шақты бала.
10.Толықтауыштық қатынасты тап. A) Жолаушылар аттанып кетті. B) Жаз. Күн ыстық.
C) Күн де батты, от та сөнді. D) Абай Құнанбаев – ақын.
E) Қаптаған аттыларға маған алыстан қарауға тура келді.
11. Жанаса байланысқан сөздерді тап.. A) Бір табын жылқы. B) Жиырма бірлерде. C) Ертелетіп шықты..
D) Үшінші орын. E) Мыңдаған қой.
12. Пысықтауыштық қатынасты көрсетіңіз. A) Арлы-ожданды B) Армандар үйге соқты C) Еріккеннің шатпағы
D) Шіркіннің сезімталын - ай E) Сонша уақыт жүрген екен.
13.Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.
A) Бәріміз уәдені орындадық. B) Жата-жастана айтарсыз. C) Мен ертең келемін.
D) Қашан келесіңдер? E) Біз тез келдік.
14.Жақсыз сөйлемді анықтаңыз. A) Сәуле кешікті.
B) Алтын асылдығымен қымбат.
C) Алматы көркеюде.
D) Ұялмас бетке талмас жақ беру керек. ,
E) Көп тыңда, аз сөйле.
15. Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз. A) Себеп-салдар. B) Кезектес. C) Қарсылықты. D) Түсіндірмелі. E) Ыңғайлас.
16.Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.