21.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 2. B) 3. C) 4. D) 5. E) 6.
22. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.
А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.
Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.
23. Мекен үстеуін тап.
А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.
С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.
Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.
24. Қалау райлы етістікті тап.
А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсің. Д) Әкелмессің. Е) Әкелгейсің
25.Одағайдан жасалған көсемшені табыңыз. A) Байжан әрі жылап, әрі айқайлап жіберді.
B) Ол бізге жалт-жалт қарады.
C) Алдымнан жақсы кезіктің, шырағым.
D) Уһлеп, аһлап әзер жеттім.
E) Әлди-әлди ұйықта, жаным бөбегім.
І нұсқа Жауаптары 1. Е 2. В. 3.А. 4 Е 5. Е. 6.В. 7.Е 8.Д 9.С 10. С 11.Д 12. Д. 13Д. 14.С. 15.А 16.С 17.В 18.Е 19.Д 20. Д 21. Е 22.В 23.В 24.Е 25. Д
ІІ нұсқа 1.Қазақ әліпбиінде неше дыбыс бар? А) 11 В) 37 С) 12 Д) 35 Е) 25
2. Қатыстық сын есімді белгілеңіз. A) Шексіз. B) Қызғылт .C) Жап-жасыл .D) Жақсы E) Көкшіл. 3. Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз. A) Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ. B) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен C) Өнер алды – қызыл тіл. D) Өнерлі өрге жүзер. E) Туған жер алтын бесік. 4. Сын есімнен болған пысықтауышты табыңыз. A) Жұртшылық оған қатты сүйсінді. B) Оның мінезі – қатты. C) Қорыққанынан бір орында қатты да қалды. D) Бұрын-соңды мұндай қатты адамды көрмеппін. E) Қатты зат – тас 5. «Білгір» сөзі сын есімнің қай түріне жататынын көрсетіңіз. A) Негізгі сын есім. B) Асырмалы шырай. C) Күрделі сын есім. D) Қатыстық сын есім. E) Сапалық сын есім. .