10. Сан есімге қай септіктің жалғауы жалғанып тұрғанын көсетіңіз.
Оның жасы 30-дан асты.
A) Табыс. B) Шығыс .C) Көмектес. D) Жатыс. E) Ілік.
11. . Сөйлемдегі анықтауышты көрсетіңіз.
Сәндібек Шолпанға күміс жүзік тағатын болды.
A) Жүзік. B) Күміс C) Болды. D) Тағатын. E) Сәндібек
12. Күрделі сөзді көрсет.
А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.
Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.
13. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.
А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау. Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.
14. Мекен үстеуін тап.
А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.
С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.
Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.
15. Қалау райлы етістікті тап.
А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсің. Д) Әкелмессің. Е) Әкелгейсің
16. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды тап.
А) Қатар, бірге, қабат. В) Ма, ме, ба, бе. С) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
Д) Жайында, жөнінде, үшін, сайын. Е) Дейін, шейін, таман, қарай.
17. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті тап.
А) Жатырмыз. В) Жатырсыңдар. С) Жатырсың.
Д) Жатырсыз. Е) Жатырмын.
18. Көңіл-күй одағайын тап.
А) Арман. В) Айт. С) Моһ-моһ. Д) Сөйтіп. Е) Алақай.
19. Етістің қай түрі сабақтыны салтқа айналдыратынын белгіле.
А) Ырықсыз. В) Ортақ С) Дара, күрделі. Д) Салт, сабақтыЕ) Болымды, болымсыз
20. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсет.
Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.
А) Етістік. В) Сын есім. С) Үстеу. Д) Есімдік. Е) Зат есім.
21. Қатыстық сын есімді тап.
А) Жақсы. В) Қап-қара. С) Әдемілеу. Д) Жаманырақ. Е) Ашушаң.
22. Райдың қанша түрі бар екенін тап.
А) 4 В) 3 С) 2 Д) 6 Е) 5
Достарыңызбен бөлісу: |