2.Жақсыз сөйлемді анықтаңыз. A) Сәуле кешікті. B) Алтын асылдығымен қымбат.
C) Алматы көркеюде. D) Ұялмас бетке талмас жақ беру керек. ,
E) Көп тыңда, аз сөйле.
3. Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз. A) Себеп-салдар. B) Кезектес. C) Қарсылықты.
D) Түсіндірмелі. E) Ыңғайлас.
4.Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
5.Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ол асып та, тасып та сөйлейді.
B) Қарағым, бермен екл.
C) Ақылды қарттан нақыл шығады!
D) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
E) Ерлік көрсеткен ер болар.
6. Дәннің химиялық құрамын екі топқа бөлуге болады Қабысуды тап..
A) Дәннің құрамын
B) химиялық құрамын
C). құрамын бөлуге болады
D) екі топқа бөлуге болады
E) топқа бөлуге болады
7. Анықтауыштық қатынасты табыңыз. A) Ойбай. B) Жалықпай іздену. C) Сарөзектен едім.
D) Үйге кірді. E) Ышқынған долы дауыл.
8.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 2. B) 3. C) 4. D) 5. E) 6.
9.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді анықтаңыз. A) Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз.
B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.
D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.
E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.