I. ӨЗіндік жұмыстар химияны оқытудың негізгі формасы өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік



бет10/11
Дата16.09.2022
өлшемі88,05 Kb.
#39250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс.ХБ-31.Табылдиева Амина химия жартысы 1 (копия)

Тапсырма.
NaCL – натрий хлориді берілген. Жоспар бойынша осы заттың физикалық қасиеттерін сипаттап беріңіздер:



а) агрегаттық күйі;
ә) иісі;
б) балқуы;
в) суда еруі;
г) түсі;
д) электр тогын өткізуі;

Осы типтес көптеген тапсырмаларды орындағаннан кейін заттарды, құбылыстарды, фактілерді салыстырып қорытындылауға арналған жеке ізденіс сипатты тапсырмаларды ұсынуға болады.
Тапсырма.
Ас тұзы мен қант берілген. Олардың физикалық қасиеттерін мына жоспар бойынша салыстырңыздар:

а) агрегаттық күйі;
ә) иісі;
б) балқуы;
в) суда еруі;
г) түсі;
д) электр тогын өткізу

Аталған физикалық қасиеттері бойынша ас тұзы мен қанттың:
1) ұқсастықтарын; 2) айырмашылықтарын атап көрсетіп, оның себептерін түсіндіріңіздер.
Оқушылар қорытындылап тұжырымдауға қалыптасқаннан кейін шығармашылық сипатты тапсырмалар ұсынуға болады [12].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз бола алмайды. Ол – оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа білімдер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.


Өзіндік жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға пәнге, деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет