I. ӨЗіндік жұмыстар химияны оқытудың негізгі формасы өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік


II. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ САБАҚ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ



бет6/11
Дата16.09.2022
өлшемі88,05 Kb.
#39250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс.ХБ-31.Табылдиева Амина химия жартысы 1 (копия)

II. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ САБАҚ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.
2.1. Жаңа тақырыпты өту кезіндегі өздік жұмысы

Оқушының жаңа тақырыпты өту кезіндегі өздік жұмысы деп оқытушының арнайы белгіленген уақытта, тікелей бақылауынсыз, бірақ басшылық жасауымен жаңа білім негізін қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмысты айтамыз. Өздік жұмыс оқытушы тапсырмасы барысында іске асады. Ол жекеше, топтық немесе фронтальдық болуы мүмкін. Оқушылардың жаңа сабақ өтудегі өздік жұмысымен танысу кезінде біз оқытушы мен оқушының ерекше әрекетімен істес боламыз. Оқытушы жұмыс мақсатын анықтап, оны ұйымдастыру құралдары мен тәсілдерін ұйымдастырып, жаңа материалды игеру барысын, бақылау түрлерін белгілейді. Оқушылар тапсырма мазмұны мен мақсатын түйсініп, өзінің танымдық әрекетін ұйымдастырып, тапсырманы шешу жолын жоспарлайды. Оны іске асыру үшін оны орындаудың мақсатқа бағытталған жолын таңдап, нәтижесін болжап, өздік бақылауды іске асырудың жолын ойластырады. Көпшілік ұстаздар оқу жұмысының әр түрлі формаларын: дәріс, семинар сабақ, сарамандық сабақ, білім қорғау, білімді қоғамдық байқау, оқу – ғылыми конференциясы, жобаларды қорғау сияқты жүргізе отырып ондағы оқушының өздік жұмысын ұйымдастыруға көп көңіл бөледі.


Мұндай жұмыс процесiнде мұғалімдер әр түрлі тапсырмалар, оқушының таным қызығушылығына сай дидактикалық ойындар, дербестілік деңгейіне байланысты сабақты бекітуге жаттығулар қолданып, проблемалық жағдаят туғызуға ұмтылады. Осының бәрі оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді [6] .
Мына авторлар кеслер Б.Я. Курочкина Н.Г. оқушылардың жаңа тақырып өту кезiндегi өздік жұмысын былай карастырады. Әрбір оқушыға арнайы нұсқаулар ұсынылады. Ол нұсқаулар негізінде оқушылар әр түлі әдіспен білім негізін алады: сыныпта немесе үйде кітаппен жұмыс, зертханалық жұмысты орындау кезiнде, сарамандық жұмыс үстінде және т.б. Осындай нұсқаулар жүйесін қолдану даралап оқытуды камтамасыз етіп, оқушылардың ойлау әрекетін, өздік, шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттырады. Әрбір оқушы өз күшіне орай жұмыс істеп өздерінің таным процесін реттеп, тиімді меңгере алады.
Оқушылардың дербестігінің қалыптасуында химиялық эксперимен үлкен рөл атқарады. [10]
Дұрыс ұйымдастырылған химиялық эксперимент білімді қабылдау процесi қызықты етеді. Ол өз кезегінде мұндай бiлiм негiзiнiң беріктігін қамтамасыз етеді. Сондықтан көптеген сабақтарда жаңа білімді алу үшін химиялық эксперимент жүргiзiледi. Ол оқушыларды бақылай, салыстыра білуге, қорытынды шығара білуге үйретеді. А.С.Максимов пен В.А. Хромашев өз мақалаларында химиялық реакция жылдамдығын оқыту тәжрибесiмен бөліседi және химиялық экспериментті жүргізу әдістемесін ұсынады. Ал Т.З.Савич окулығында мектеп бағдарламасы келемінде оқушылар бойында өздік жұмыс негiзiнде химиялық реакция туралы түсiнiктi калай калыптастыруға болатыны жайлы баяндалады. М.В.Зуева мен Т.С.Ярославцева еңбектерінде электролиттік диссоциация такырыбын өткенде өздік жұмысты ұйымдастыру әдістемесі берiлген. Л.С.Понтак зерттеулерiнде формула бойынша есеп шығаруға, формула құруға, алғашқы химиялық түсiнiктердi калыптастыруға арналған өздiк жұмыстар берілген [11].
Жана бiлiмдi қабылдауда өздiк жұмыстарды әр түрлі типтi материалды игеру кезінде қолдануға болатынын iс-тәжрибе көрсетіп отыр. Өздiк жұмыстар тек онай такырыптарды тусiндiру кезiнде емес, киын материалды ету кезiнде де тиімді [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет