1.4 Оқушылардың өздік жұмысының формалары мен түрлері
Химияны оқыту теориясы мен іс - тәжрибесінде әр түрлі өздік жұмысты өткiзуден мол тәжрибе жинақталған. Мектеп реформасының қазіргі кездегі қоғам мен әлеуметтік жағдайларға, еліміздің егеменді ел болуына байланысты алдыға қойып отырған мәселелердің бірі оқушының өз бетімен білім алуын құптап, дамыту. Сондықтан сабақ Устіндегі оқушылардың әр текті өздік жұмыстарына деген қызығушылық артуда. Бір жағынан оқытушы оку процесінің тиімділігін арттырса, екінші жағынан оқушылардын оку процесіндегі білімін өз бетімен жетілдіруіне мүмкіндік беріп жаңа білім негізін игеруіне жағдай жасайды. Өздік жұмыс әртүрлі формада жүргiзiледi. Олар ұжымдық, топтық, жекше болып жіктеледі. Ал оның түрлері әр алуан: оқушы эксперименті (зертханалық және сарамандық жұмыс), әр түрлі химиялық есептерді шығару, жаттығулар орындау, әдебиетпен жұмыс, программаланған оқу құралымен жұмыс, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, шығармашылық тапсырмаларды орындау (аспаптарды жобалау, құру, модельдер жасау және т.б.), бақылаушы сипатты жазбаша жұмыстар, бiлiмдi қорғау сабағы, қоғамдық білімді тексеру сабағы және т.б. Оку тәрбие жұмысы міндеттерін шешуде оқушылардың әр түрлі өздік жұмыстары сабақтың негізгі, қорытынды, білім бекіту бөлімдерінде колданылуымен маныздыӨздік жұмыс әр түрлі формада жүргізіледі. Олар ұжымдық, топтық, жекеше. Ал оның түрлері сан алуан: оқушы эксперименті (зертханалық және сарамандық жұмыс), әр түрлі химиялық есептерді шығару, жаттығулар орындау, әдебиетпен жұмыс, программаланған оқу құралымен жұмыс, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, шығармашылық тапсырмаларды орындау (аспаптарды жобалау, құру, модельдер жасау және т.б.), бақылаушы сипатты жазбаша жұмыстар, білімді қорғау сабағы, қоғамдық білімді тексеру сабағы және т.б.
Оқу тәрбие жұмысы міндеттерін шешуде оқушылардың әр түрлі өздік жұмыстары сабақтың негізгі, қорытынды, білім бекіту бөлімдерінде қолданылуымен маңызды [12] .
Сабақ үстiндегi топтық өздiк жұмыстың ұйымдастыруына тоқталайық. Оқушылардың пән бойынша бiлiмi негiзiнде сабақ алдында топтар калыптастырылады. Топтар құруда психологиялық сайысушылық, қызығушылықтар бағыты, кеш басшысы беделi сияқты факторлар да ескерiледi. Тәжрибе көрсетуi бойынша ең тиiмдi топ 4 оқушыдан тұратын топ деп есептеледi. Әрбiр топтағы оқушылардың пән бойынша деңгейі әр қалай, ал топтар бір бiрiмен деңгейлес болады. Топтың жұмысын көшбасшы бағыттап отырады. Көш басшыға қойылатын талап, ол пəндi жаксы бiлуi керек. Оның басшылығымен барлық оқушылар алған тапсырмамен жұмыс iстейдi, берiлген зертханалық жұмыстарды орындайды, ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап, тақтада ауызша жауап беруге немесе жазбаша жауап беруге әзiрленеді.
Өздік жұмысты өткізу уақытына, оны мұғалімнің қадағалауына және нәтижесін бақылауына байланысты келесідей жіктеуге болады [1 – кесте]
Кесте 1. Мұғалімнің қадағалауына және нәтижесін бақылауына байланысты өзіндік жұмыстың бөлінуі.
Жекеше өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың даму міндеті шешіледі. Қабілеті мен дайындық деңгейі әр түрлі оқушылардың бірдей ритммен жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Мысалы 8 - сыныптың аяғында немесе 9 - сыныптың басында оксидтер, қышқылдар, негіздер мен тұздар туралы дараланған тапсырмалар беруге болады [10] .
Төменгі деңгей үшін:
Магнийдің тұз қышқылымен тұзының, магний оксидінің, гидроксидінің формуласын жазып, атын ата. Құрылымдық формуласын келтір.
Орта деңгей тапсырмасы:
Магнийдің көмір қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұздарының формуласын жаз, құрылымдық формуласын келтір.
Жоғары деңгей тапсырмалары:
Темірдің (ІІІ) күкірт қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұзының формуласын, құрылымдық формуласын жазып атын ата. Темір (ІІІ) оксиді мен гидроксиді формуласын жазып, құрылымдық формуласын келтір.
Оқушы әрекетін ұйымдастыруына байланысты өздік жұмыстардың жіктеледі.[2–кесте]
Кесте 2. Оқушы әрекетін ұйымдастыруына байланысты өздік жұмыстардың жіктелуі.
Химиядан ақпарат жинау мен өңдеу жұмысының жүйесi орта мектепте бiртiндеп күрделену принципі бойынша журедi. Окушылар алдымен ғылыми көпшiлiк әдебиетпен, содан кейiн жоғары мектепке арналған әдебиеттермен танысады. Бiртiндеп алынган ақпаратты өңдеу сипаты да өзгереді. 8-9 сынып окушылар арнайы дәптерге ақпараттық мәлiметтердi терiп жазады немесе газет, журнал бетiнен алып желімдейдi немесе көшiрме аппараттан еткiзiп алады.
10-11 сынып окушылары тақырыптық реферат жазып, ғылыми шолу кұрастырады. Химияның алғашқы сабақтарынан бастап оқушыларға химия ғылымы әлемiнде болып жатқан жаңалықтар, химия өндiрiсi жаңалықтары жайлы қыскаша, жеткiлiктi, түсінікті деңгейде мәлiметтер берiледi. Ол мәлiметтер тiрек схемаларын, тiрек конспектiлерi мен сигналдарын кұруда қолданылады. Химияны жете меңгеру үшiн тек мектеп оқулығында берiлген материалмен шектелу жеткiлiксiз. Оқушы үнемi өзiнiң бiлiмiн ақпарат көздерiнен алынған материалдармен толықтырып отыруы керек. Дербестiлiк денгейi мен бөлiмдерiнiң санына орай оқушылардың өздік жұмысын төмендегідей типке бөлеміз.
1. Үлгi бойынша орындайтын өздік жұмыс. Оқушылардын бұл жердегi әрекетi зейiн койып тындап, алынган акпаратты кайталап айтып берумен шектеледi.
2. Қайта құрушы нұсқалық өздiк жұмыс. Оқушы алдынғы алған бiлiмiн қолданып қайта құру, тужырымдау, ой қорыту жүргiзiп пән ішілік және пән аралық байланысты орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |