I. ӨЗіндік жұмыстар химияны оқытудың негізгі формасы өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік



бет5/11
Дата16.09.2022
өлшемі88,05 Kb.
#39250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс.ХБ-31.Табылдиева Амина химия жартысы 1 (копия)

1.5 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру

Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз бола алмайды. Ол оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа білімдер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.


Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өңдеу, т.б.
Өзіндік жұмыстар оқытудың әр түрлі кезеңдерінде жүзеге асады, арнаулы сабақ түрінде де өтуі мүмкін. Оқушылардың әрбір дербес жұмыстарын өзіндік жұмыс деп санауға болады. Мысалы, оқушы тәжірибе жасағанда басшы нұсқауларды басшылыққа алып, тәжірибенің орындалуы. Бұл жұмыстардың репродуктивті өзіндік сипаты бар. Жоғары деңгейдегі өзбетінше жұмыс істеу ізденушілік сипатта жүзеге асады. Оқушы тапсырманы алғаннан кейін, оқу мақсатын анықтап, ойланып, өз бетінше орындау жолдарын белгілейді, оны шешудің тиімді әдісін таңдап алады. Мүмкін бұл есепті шешудің жаңа жолын табуы, осындай өзіндік ізденістер шығармашылық шешуге әкеледі. Өзіндік қиындықтарына, танымдық сипатына карай берілетін тапсырмалар күшті оқушыларға, орташа және әлсіз оқушылар деп топтастырылады, оқушылардың өздері нұсқаларды таңдайды. Нұсқаның бірінші тобына шығармашылық шешімді қажет ететіндері алынады, ал екіншісі – болжаудың дұрыстығын тексеретін, ал үшіншілеріне - репродуктивті сипаттағы тапсырмалар беріледі [1] .
Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істету арқылы оқушылардың дербестігін, өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады.
Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасуы – олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты [3].
Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың өз бетiмен бiлiм негiзiн қалауда окулықпен жұмыс үлкен рөл аткарады.
Мұндай жұмысты іске асыруда Металдар тақырыбы колайлы. Сондықтан бұл тақырыпты оқымас бұрын алдымен кай сұрақтарды фронтальды әңгіме кезiнде, кайсысын оқушылар өз бетiмен қарастырғаны ұтымды екенін анықтап алған дұрыс. Тапсырмаларға қысқаша түсініктеме берiлiп, сабақ соңында тексеруші сұрақтар арқылы қандай тапсырмалар үйде қиындық туғызатынын анықтайды. Тәжірибе көрсеткендей өздік жұмыс алынған білімді жетілдіруге қызығушылық туғызады, алған білімін іс - тәжрибеде қолдануға үйретеді, ақыл-ой әрекетін ұйымдастырады. Проблемалык оқыту идеясы мектеп қабырғасында білім беру жүйесіне кеңінен енiп сенiмдi теориялық негізді құрайды. Проблемалық тәсiлдi қолдану оқушының талдау, жүйелеу, қорытындылап болжау іскерлігін дамытады. Сабақ үстінде оқулықтың әдістемелік аппаратымен жұмыс iстеудi де ұйымдастыруға болады [6] .
Ол үшін алдымен оқушыларға оқулық мәтінінің белгiлi бiр бөлiгi өз бетімен оқуға тапсырылады. Сонымен бірге оқушыларға оқулықтың әдістемелік ақпаратын еске сақтау ұсынылады (сұрақтар, жаттығулар, есептер, сызбанұсқалар, кестелер т.б). Бiр мезетте оқушыларды параграфта баяндалған мәтін бойынша жоспар құрып, сұрақтар таңдауға, схема жасауға, жауаптарын тірек схемасы түрiнде белгілеуге тапсырма беріледі. Мектептiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып оқушылар бойында өзбетімен білім алу икемділігі мен дағдысын дамыту есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет