III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар
Педагогикалық ғылым практикасында оқушылардың танымдық әрекетінің негізінен үш деңгейі және оған сәйкес өзіндік жұмыстардың: 1) репродуктивті; 2) жеке ізденіс (эвристикалық); 3) зерттеу сияқты үш типі белгілі.
Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияның негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке ізденіс, яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады.
Репродуктивті тапсырмаларды орындау оқушының жадында білімнің ұзық сақталуына, өтілген материалды жан - жақты ойластырып бекітуіне мүмкіндік береді.
Тапсырмалардың төмендегідей оқу әрекеті тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беретіндей етіп таңдап құрастырылғаны жөн болады, олар: дайын үлгі бойынша тапсырманы орындау; ұсынылған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру; дайын нұсқау бойынша экспериментті орындау; оқулық мәтіні бойынша кесте құрастыру; кестені оқу; зат қасиетін, құбылыстарды және прибордың құрылысын сипаттау; оқулықтағы белгілі бір тақырыпты, кинофильм, видеофильм, диафильмнің мәтінін, мұғалімнің баяндағанын қайталап айтып беру; ұсынылған сурет бойынша прибор құрастыру; химиялық сөздік құрастыру; прибордың, зат құрылысының бөлшектерін бейнелеп салу; модельдер жасау және тағы басқа түрлі тапсырмалар. Тапсырмалардың мәтінін мұғалім өзі құрастыруына немесе сәйкес құралдардан дайын күйде алуына болады. Репродуктивті сипатты тапсырмалардан мысалдар келтірейік.
«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар
1)Анықтамадағы нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар:
«Қышқылдар – бір немесе бірнеше ... атомдары және ... қалдығы бар күрделі заттар. Негіздер - ... әрбір атомы ... атомымен байланысқан күрделі заттар».
Су әрі бастапқы зат, әрі реакция өнімі болатын әр түрлі типке жататын төрт химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар.
«Электролиттік диссоциация теориясы»
тақырыбы бойынша тапсырма
FeCL3 – темір (ІІІ) хлориді, НСL – тұз қышқылы, КОН – калий гидроксиді; HBr – бромсутек қышқылы; Na2SO4 – натрий сульфаты – электролиттер, себебі:
а) оларда иондық байланыс бар;
ә) оларда ковалентті полюсті байланыс бар;
б) оларда иондық және ковалентті байланыс бар;
в) олар суда еріп, ерітінділері электр тогын өткізеді.
Дұрыс жауаптың астын сызыңдар.
Осы типтес тапсырмалар қандай заттар электролит болатынын танытып қана қоймай, «Химиялық байланыс», «Зат құрылысы» тақырыптары бойынша білімдерін тексеруге мүмкіндік береді.
«Алғашқы химиялық ұғымдар»
тақырыбы бойынша тапсырма
Берілген кесте бойынша химиялық қосылыстар мен химиялық элементтерді бөліп жазыңыздар (заттың атын жазбай бірінші сызық жолға цифрмен белгілеңіз) [ 4 - кесте]
4-кесте. «Алғашқы химиялық ұғымдар» тапсырмасы бойынща берілген кесте.
Химиялық элемент...
|
Темір
Сүт
Мырыш
Ауа
Оттегі
Су
Көмірқышқыл газы
Натрий сульфаты
Топырақ
Алтын
Теңіз суы
|
Химиялық қосылыс...
|
Қоспа...
|
«Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы»
тақырыбы бойынша тапсырма
Осы тақырыпты оқулық мәтініндегі нұсқау бойынша эвристикалық әрекет тәсілін қалыптастыруға дайындауға болады.
Нұсқау:
Параграф мәтінін зейін қойып оқып шығыңдар.
Әрбір азат жолдағы басты ойды табыңыздар.
Параграфты қайталап оқығанда мына жоспарды
басшылыққа алыңыздар:
1.Қышқылдардың диссоциациясы: а) бір негізді қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу; ә) көп негізді қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу.
2. Сілтілер диссоциациясы және диссоциациялану теңдеулері.
3. Тұздар диссоциациясы және диссоциациялану теңдеулері.
4. HNO3, Ba(OH)2, Na2Co3 заттарының диссоциациялану теңдеулерін жазыңыздар.
«Оттегі. Оксидтер. Жану»
тақырыбы бойынша тапсырмалар
1. Параграф мәтінін зейін қойып оқып шығыңдар.
2. 5-кестені толтырыңыздар. [ 5 - кесте]
5-кесте «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша берілген тапсырма.
Ауаның тұрақты құрам бөліктері
|
Мүмкін болатын кездейсоқ қоспалар (аталуы және зат формуласы)
|
Зат формуласы
|
Көлемдік үлесі
|
|
|
|
Сондай-ақ жеке бір затты жан-жақты сипаттауға үйрету жеке ізденіс (эвристикалық) сипатты тапсырмаларды өз бетінше орындаудың алдыңғы басқышы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |