Байланысты: Курстық жұмыс.ХБ-31.Табылдиева Амина химия жартысы 1 (копия)
2.3. Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару кезіндегі өздік жұмыстар
Эксперименттік практикумдарды өткізу жоғарғы сынып оқушыларының өздік жұмыстарының бірі. Эксперименттік практикумдар үлкен бір бөлімді оқып болған соң жүргізіледі де қайталаушы қорытындылаушы сипатты болады.
Химиядан қорытындылаушы эксперименттік практикум келесідей жұмыстар түрінде берілуі мүмкін.
Эксперименттік практикум жұмыстары:
1. Газдарды алу, жинау, қасиетін тексеру;
2. Заттарды алу және шығымын тексеру;
3. Қатты заттардың және олардың ерітінділерінің берілген реактивтерді қолдануға арналған немесе реактивсіз сапалық анализі;
4. Заттар қоспасының құрамын және химиялық қосылыстың тазалығын химиляқ жолмен сандық анықтау [9].
Эксперименттік есептерді оқушылардың өз бетімен орындау қабілетінің көрінуіне орай екі типке бөлуге болады: біріншісі – қайта жаңғыртуға, екіншісі – өнімді есептер. Қайта жаңғыртуға арналған есептер белгілі бір білімді, практикалық іс – әрекетті және алдында орындалған тәжірибені қайталауға арналады.
Мысалы:
1.Күкірт қышқылының қасиеттерін сипаттайтын реакцияларды жасап керсетiндер;
2. Қосымша реактивті колданбай натрий карбонаты ерiтiндiсiн анықтаулар;
3. Тек бiр реактивті колданып кай пробиркада ас тұзы ерiтiндiсi қай пробиркада натрий гидроксиді барын анықтаңдар.
Эксперименттік есептерді шығаруға әзірлік жолдары темендегідей:
1. әр түрлі сарамандаык әрекеттердi окытушынын демонстрациялап керсетуі:
2. окушылардың химиялык экспериментті жасауға жаттыққандығын көрсететiн тәжрибелерді орындау;
3. заттарды алуға және олардың химиялык касиетiн зерттеуге арналған сарамандык жұмыстарды iске асыру.
Оқушылардың эксперименттік есептерді шығаруы келесідей кезеңдерден тұрады:
1. есеп шартын ой елегінен өткізу;
2. есептi теория жузiнде шығару;
3. реактивтер мен құралдарды әзірлеу;
4.есепті capaмандык жолмен шығару;
5. есептiң қорытындысын шығару [5].
Оттегі топшасы такырыбын өткенде оқушыларға күкірт қышкылы мен оның тұздарын анықтауға берілген есептерді ұсынамыз. Сульфат ионды анықтауға арналған реактивтермен жұмыс істеуін қадағалаймыз.
Ендi бiр зерттеушілердің ойынша оқушылардың еңбекке әзiрлiгi эксперименттік сабақтарда іске асырылады. Химиядан зертханалык жумыстар мен сарамандық сабақтар өзiндiк ерекшелiктерiмен айқындалады.
Химиядан эксперименттік сабақтарда оқушылар еңбектену дағдыларын қабылдап, іскерліктерін дамытады. Эксперименттік есептерді шығару оқушылардың білімін бақылайтын бақылау жұмысы іспетті, себебі оқушылар оған алдын ала әзірленеді. Химия сабақтарында эксперименттік есептер шығару оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда таптырмаc құрал деуге болады.