Түсініктер: принцип, оқыту, тәрбие, түзету, дамыту, әлеуметтік бейімдеу
1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері Принцип дегеніміз - білім беру, түзету үрдісінің ұйымдастырудың сипаты мен ерекшеліктерін анықтайтын және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардын танымдық әрекетін басқаруды реттейтін, негізгі заңдылықтармен тұрақты талаптар жүйесі.
Оқыту принциптері мұғалім мен оқушылар іс - әрекеттерінің ішкі елеулі жақтарын бейнелейді, мазмұның және ұйымдастырылу формаларында оқытудың тиімділігің анықтауға мүмкіндік береді және оқытудың нақты обьективті зандылықтарын көрсетеді. Принциптерді білу және оларды оқытуда толық, дұрыс жүзеге асыру арнайы педагогтың шеберлігінің негізін құрайды, арнайы білім берудін сапасына тікелей қатысы бар мәселе.
Оқыту принциптерінің саны мен аттары жөнінде біртұтас пікірдің жоқтығына қарамастан, олар негізінен оқыту заңдылықтарын түсінуде бір мазмұнды, бір ой мен мақсатты көрсетеді. Осы заңдылақтар тұрғысынан қарағанда оқуға және білім беруге қойылатын белгілі, тұрақты талаптар шығады. Оқытуда принциптер осы талаптар арқылы жүзеге асады.
Жалпы оқу теориясында тарихи қалыптасып, ғылыми негізделген, дидактикалық принциптер арнайы оқытуда да жүзеге асады. Арнайы педагогикада оқыту принциптері педагогика ғылымы дамып, мақсаттардың өзгеруіне тәуелді өзгереді. Оқыту принциптері барлық түрдегі арнайы мектептерге ортақ болғанына қарамастан, әр мектептің өзегеше мақсаттарына тәуелсіз, тек оқыту технологияларын нәтижелі жүзеге асыруда маңызды. Кемтар балаларды оқыту принциптерін жүйегі келтіру үшін арнайы мектептегі оқыту жалпы дидактикалық принциптермен бірге арнайы өзгеше принциптерге негізделетінің ескеру қажет.
Дәстүрлі жалпы дидактикалық принциптер: оқытудың тәрбиелігі, ғылымилығы, жүйелігі, қол жетерлігі, көрнекілігі, саналылығы мен белсенділігі, білім, білік дағдаларының беріктігі, оқытудың жекелік сипатқа ие болуы. Кейде білімділік мақсатқа сәйкес бұл принциптердің екі не үшеуін біріктіріп те қарастыруға болады. Ол кезде принциптердің саны азаяды. Принциптер жүйесі баланың оқытудағы дамуының барлық жақтарын көруге мүмкіндік береді.