I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


Даярлық 1 - 4 - сыныптардағы білім алушыларға арналған диктанттарды бағалау нормасы



бет97/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

11. Даярлық 1 - 4 - сыныптардағы білім алушыларға арналған диктанттарды бағалау нормасы
63.Даярлық, 1 - 4 - сыныптардағы білім алушылардың диктанттарын бағалау нормасы:
«5» бағасы - егер орфографиялық қателер жоқ болса, дистрафиялық бір, екі қате және бір түзету жіберіледі;
«4» бағасы - егер бір - үш орфографиялық қателер болса және дисграфиялық екі - үштен аспайтын қате болса және бір сөзде жіберілген қате қайталанса, ол бір қате болып саналады;
«3» бағасы - егер бес - алты орфографиялық қателер және төрт - бес ерекше қате жіберілсе;
«2» бағасы - егер сегіз - тоғыз орфографиялық және дисграфиялық төрт қате жеберілген болса, көп қате болса бір қойылады.
Ескерту: жалпы моторика және қолының ұсақ бұлшық ет қозғалысы бұзылған балалар бар сыныпта материал көлемі аздап азайтылуы мүмкін. Осындай балаларға жазуы үшін бағасын төмендетуге болмайды. «Ерекше күрделі құрылым» кемістікті 3 - ші нұсқа бойынша оқитын балалар үшін есту диктантының орнына орфограммалары түсіп қалған мәтіннен көшіріп алу сияқты басқа тапсырмалар беруге болады. Ерекшелікті (дисграфиялық) қате және сөздің құрылымының бұзылғаны: орнын ауыстыру, қосулар мен кемістікке байланысты басқаларды жеке тәртіп бойынша қарау керек.


12. Грамматикалық тапсырмаларды бағалау
65.Диктантқа арналған грамматикалық тапсырмаларды орындауды бағалау:
«5» - егер барлық тапсырма орындалған болса;
«4» - егер тапсырманың Ү орындалса;
«3» - егер тапсырманың жартысына жуығы орындалса;
«2» - егер тапсырманың жартысынан кемі орындалса;
«1» - егер барлық тапсырмалар дұрыс орындалмаса немесе мүлдем орындалмаса.
Мазмұндаманың және шығарманың көмегімен балалардың мәтін мазмұнын дұрыс беру дағдысы, сөйлемдерді дұрыс құру дағдысы, тыныс белгілерін қоюы тексеріледі.


13. Мазмұндама мен шығарманы бағалау
66.Мазмұндаманы жазу 2 - сыныптың бірінші жартыжылдығынан бастап енгізіледі. 2 - сыныптың екінші жартыжылдығында шығарма жазуға кіріседі. Мазмұндамалар мен шығармалар мәтіні бөлшекке жеңіл бөлінетін хабарлық сипатта болуы тиіс. Сөздер мейілінше таныс болуы керек. Мұғалім балаларды мәтіндерді бөлуге және жоспар құруға үйретеді. Жыл бойы кемінде 10 мазмұндама және шығарма жазылуы керек. 4 - сыныпта хабарлық сипатындағы мәтін мазмұны және құрылымы жағынан күрделене түседі, суреттеу сипатындағы элементтер енгізіледі. Мазмұндама жоспары педагогтың басшылығымен жасалады. Оқу жылы бойы 10 - нан 15 - ке дейін мазмұндама мен шығарма жазылуы керек.
67.Мазмұндама мен шығарманы бағалауға, мазмұндамаға арналған мәтіндер көлемі.



Сынып

1 – ші деңгей

2 – ші деңгей

3 – ші деңгей

2 -сынып
3 -сынып
4 -сынып

25 -35
35-45
55-65

20-30
30-40
50-60

-
20-30
30-40

68.Күрделі құрылымдық кемістігі бар сыныптар үшін сөздердің саны азаяды және оқушыға баға, егер:


«5» - мазмұндама мен шығарма тақырыбына толығымен сәйкес келеді, мазмұны бойынша бірден аспайтын қате, бір орфографиялық және бір ерекшелікті қате жіберілуі мүмкін;
«4» - жұмыс негізінен тақырыбына сәйкес келеді, екі - үш түрлі қателер жіберілуі мүмкін;
«3» - жұмыс тақырыпты толық және нақты ашпаған және үш - төрт
стилистикалық, үш - төрт орфографиялық, үш - төрт ерекшелікті қате
жіберілген;
«2» - жұмыс тақырыбына сәйкес келмейді, жеті - тоғыз түрлі қате жіберілген;
«1»-жұмыс тақырыбына сәйкес келмейді және онда тоғыздан астам орфографиялық және жетіден астам ерекшелікті қате жіберілген.
Ескерту: ерекшелікті қате сөздің дыбыстык - әріптік құрамын бұрмалау және құрылымның бұзылуына сөздерді ауыстыру, мағыналық ауыстыру, грамматикалық, сездерді тастап кету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет