Жалпы талаптар:
1) жалпы білім күнделікті жазбаша жұмыстардың, ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады;
2) бақылау жұмыстарының тақырыптары мен жиілігі оқылатын тақырыптың ерекшелігін, оның ауырлығын және әрбір сынып оқушыларының сөйлеу ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады;
3) қорытынды бақылау жұмыстары әрбір тоқсанда, жарты - жылдықта бағдарламаның неғұрлым маңызды тақырыптарын өткеннен кейін өткізіледі;
4) бірінші даярлық сыныбында қорытынды бақылау жұмыстары әрбір жартыжылдықтың аяғында ғана өткізіледі;
5) қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу уақыты мектепішілік кестеге сәйкес анықталады. Бір оқу күні ішінде бір ғана жазбаша бақылау жұмысын өткізуге рұқсат беріледі.
61.Бақылау жұмыстарын, диктанттарды бағалау.
Бақылау диктанттары арқылы жазу дағдылары тексеріледі, сондықтан диктанттар бір бағамен бағаланады.
Диктантты және бақылау тапсырмаларын біріктіретін бақылау жұмысында (фонетикалық, грамматикалық және басқа талдаулар) екі баға қойылады (әрбір жұмыс түріне):
1) даярлық және бірінші сыныпта тексеру жұмысына 20 минуттан аспайтын уақыт беріледі, 2 және 3 - сыныптарда 35 минуттан аспайтын, 4 және 5 - сыныптарда - 40 минутке дейін беріледі;
2) даярлық сыныптарында диктанттар екінші жартыжылдықтан кейін жазылады және сауаттылық пен сөйлеу сабақтарында жақсы пысықталған буындар, сөздер, қысқа сөйлемдер беріледі;
1 - сыныпта диктант мәтіні сауаттылық және сөйлеу сабақтарында бірнеше рет талданған сөздер мен сөйлемдерден тұрады, диктантта пайдаланатын материалдың лексика - грамматикалық жағы тіл дамыту сабақтарында алдын ала дайындалған болуы керек, таныс емес сөздер тақтаға жазылады, диктанттағы сөздер көлемі жайлап арта береді, жылына 10-15 сөзге артады.
Ескерту: егер диктант қосымша грамматикалық тапсырмалармен бірге жүрсе, онда оның көлемі 10-12 сөзге дейін қысқаруы мүмкін.
62.Диктантқа арналған материалдың көлемі: