Мектеп. Бүгінгі мектептің мақсаты, міндеті — әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу, яғни, жоғарыдағы аталып өткен нәрселерді көріп өскен балаларды тәрбиелеу, білім нәрімен сусындату мұғалімдердің иығына түспек. Бұдан шығудың жолы — оқушыға педагогикалық-психологилық білім беру.
Адам бойындағы бар игі касиет мектеп қабырғасында қаланады Сондықтан еліміздің ертенгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең окытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келелі. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Бұл бағытта жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде басшылыққа алатын түрліше сабақ үлгілері мен қосымша оқу құралдары да жарық көруде. Соның бірі - халықаралық "Бөбек" қорының төрайымы Назарбаева Сара Алпысқызының "Өзін-өзі тану" сабағы.
Бұл пәннің мақсаты - әрбір адам өзінің жеке басындағы құндылықтарды қоғам мен өз елін дамыту игілігіне жұмсау мақсатында ұлттық, жалпы адамзаттық және адамдық құндылықтармен ұштастыра алатың Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Сондай-ақ жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының даму жөніндегі отандық бағдарламасын жасап, оны балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықтағы үздіксіз білім беру үрдісімен үйлестіру болып отыр.
Егер бұрын базалық білім беру ұғымы аясында жас ұрпақтың сауатын ашу мен оларға ғылым негізін игеру әрекеті түсіндіріліп келсе, қазіргі кезде бұл ұғым оқушылардың бойындағы адами кұндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамытуды, сондай-ақ әділдікке, зорлык-зомбылык жасамауға, бақытты бағалай білуге тәрбиелей отырып оқытуды талап етеді. Сондықтан білім беру жүйесінің негізін оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне назар аудару қажет. Жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісі мен берер тәлім-тәрбиесі мол болмақ. Ал оның бәрі адаммның бойында жас кезінен бастап каланса тұрақты қалыптаспақ. Сонда ғана дұрыс бағыт алып бағдарын ерте айқындаған баланың бойында бұл құндылықтардың қатары көбейіп,сапасы арта түседі.
Адамгершілік құндылық тәрбиесінде ұлттық тәрбие маңызды рөл атқарады. Ұлттық тәрбиенің кажеттілігі мен күрделілігін ұғыну аса жауапкершілікті талап етеді. Ол әрбір ұрпақ буындарының өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыруды қажетсінеді. Мәселен, бастауыш мектептің өзінде баланың барлык танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, білім алудың керек екендігіне оның көзіп жеткізу керек. Бұл кезенде гуманитарлық-эстетикалық бағытағы пәндер оларға жақсы ықпал етеді. Көп бағыттағы әрі салалы ұлттық тәрбиенің бір маңызды ұшы экологиялык, туған жер табиғатын ойлауға келіп тіреледі. Міне бала бойына адамгершілік құндылықтарын осындай пәндерді оқыту барысында қалыптастыру қажет. Ұлттық тәрбиенің өркенді мақсатының бірі - Қазақстандык патриотизм. Бұл жалпы өмірде сана-сезім, идеология, саясат пен тәрбие үрдісімен астарлас құбылыс. Жас жеткіншектерге ұлт каһармандарының бейнесі мен тіршілік қаракеттері әрқашан үлгі. Олардың еліне, жеріне деген сүиіспеншілігін, айтқан тәлім сөздерін баяндау арқылы бала бойына ата-бабалардың адамгершілік құндылықтарының көрінісін сіңіру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Жоғарыда атап өткен С.Назарбаеваның "Өзін-өзі тану" бағдарламасы бұл мәселенің алдын алуға арналған бірден-бір құрал болып табылады. Аталмыш бағдарлама арқылы Қазақстандағы орта мектептердің тәрбие үрдісі қолға алынып, жүзеге асса нұр үстіне нұр болар еді. Біздің мақсатымыз - қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.
«Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, бідімді де білікті, іскер де белсенді адамдар». Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады. Әрине «келешектің иесі - жастар», жастар өзінің ата – анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді. Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсынов «Қазақша оқу жайлы» еңбегінде – «....әуелі бізге елді түзетуді бала оқыту ісін тұзетуден бастау керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен түзеледі» деген болатын. Бұл ұлағатты ойдың құндылығы бүгінгі таңда барған сайын айқын сезілуде. Қазіргі заман талабына сай ұлттық білім оң нәтижесін беру үшін мына бағыттарды ұстануды жөн көрдім.
«Білім кілті - кітапта». Оқушыларға білім берудің экономикалық барлық саласында болып жатқан өзгерістерге сай білім беру мазмұны да өзгеріп, жаңару үстінде. Атап кетсек, Қазақстан Республикасы мемлекетінің Білім стандарттары, жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік құралдар дүниеге келуде. «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап тұруы, қауіпсіздігі бүгінгі оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күнгі дән дегеніміз – оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер. Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат оқушыларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек ете білуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ойлау, сөйлеу бір-бірімен тіл табысу қабілеттерін дамыту.
Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру маңызды жұмыстардың бірі. Егеменді еліміздің ғылым және білім салаларындағы түбегейлі өзгерістер оқу тәрбие үрдісінің даму тенденцияларымен де байланысты жетілдіріліп отырады.
Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында: ... Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды; оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін, оған тек сана – сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып тұр», - деп жазды. Бүгінгі күнде халқымыздың таудай талабы, шалқар ойы, биік сезімі білім беру саласын дамытуда ерекше көрініс тапты.
1997–2000 жылдары жарық көрген жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысының 1 – 4 сыныптарына арналған жаңа буын оқулықтары заман талабына сай дайындалған саяси, әлеуметтік мәні зор еңбек болып табылады. Мектептің бастауыш сатысындағы негізгі пәндердің бірі – «Әдебиеттік оқу», ал оның білім мазмұны «Ана тілі» оқулықтарында рәсімделеді. Білім мазмұнын кезінде А.Байтұрсынов, М.Дулати, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар көксеген «... балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін анық үйретіп шығару» (М.Дулатов) сияқты ой-пікрлер негізінде құру негізделді.
2-4 сыныптардағы пәнді оқытудың мақсаты нақтыланды: балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, әдеби сауатын ашу, оқырмандыққа баулу, рухани дүниесін кеңейту, адамгершілікті – ізгілікті, ұлтжанды – отансүйгіш, шығармашыл дара тұлға тәрбиелеу белгіленді. Пәнді оқытудың негізі мен мақсаты нақтыланды: балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, әдеби сауатын ашу, оқырмандыққа баулу, рухани дүниесін кеңейту, адамгершілікті-ізгілікті, ұлтжанды-отансүйгіш, шығармашыл дара тұлға тәрбиелеу белгіленді.
Пәнді оқытудың негізі мен мақсаты жаңа буын оқулықтарының құрылымы мен мазмұнын түбегейлі жаңартудың қажеттігін көрсетті. Ана тілі арқылы оқушы бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіруге басымдылық білдіреді. Бұл оқушының мәдени дағдыларды игеруіне, тәрбиені ізгілендіруге жағдай жасайды.
Ал енді 3 сыныптың «Ана тілі» оқулығының «Сарқылмас қазына» тарауында да жас жеткіншек рухани азық алатындай өте құнды, тәрбиелік мәні зор шығармалар берілген. Мысалы: «Төле бидің төрелігі» әңгімесіндегі Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласады. Екі жақтың да билері бас қасып, кеңесіп, татуласа алмай отырғанда он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмай:
О, игі жақсы, ағалар.
Өзегі талса, ел біткен,
Өзен бойын жағалар
деп, келісе алмай отырған билерді ымырагершілікке, ауызбірлікке шақырады. «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі? Дейді төрдегі би. Сонда Төле би:
О, би аға, он үште отау иесі демес пе,
Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?
Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,
Алакөз болу ағайын адамға лайық па?
О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда,
Жасырынып жауымыз?
дейді. Бұл шешендік сөзінің мәні ағайындарды алакөз болмай, бір-бірін құрметтеуге, сыйлауға және келісімге келуге шақырады. Және де «Бұйыра көрмеңіз айыпқа» деп көпшілік алдында кешірім сұрайды, бұл да болса адамгершіліктің бір тармағы емес пе?
Өркенің өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе,
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшірерсің.
Басыңа іс түскен бақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыр жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын – қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
деп келетін «Қазыбек бидің толғауы» әңгімесінде кекшіл болма, өршіл болма, басына іс түскен адамға қастық қылма деп дұрыс жолға тәрбиелейді.Ал, «Бала Әйтекенің билігі» әңгімесінде дұрыс шешім қабылдауға тура төрелік айтуға балаларды тәрбиелейді.
Міне, оқулықтарда осындай тәрбие берер көптеген поэтикалық шығармалар берілген. Алайда оқулықтардағы оқу материалдары әлде болса да дұрыс жүйеленбеген. 3 сыныптарда оқыту керек шығармалар 5-6 сынып оқулықтарында берілген. 5-6 сынып оқушылары заман талабына сай жасының ерекшелігіне байланысты ертегілер мен батырлар жырына әуесі мен қызуғышылығы төмен болады. Ал эстетикалық тәрбиенің тәрбиенің негізгі бастауы ертегілер мен батырлар жыры. Бұлар адамгершілік пен ізгіліктің – бастауы.
3-4 сынып оқушыларының жаттау қабілеті және есте сақтауы өте мықты болады. Батырлар жырын осы сыныптарда мүмкіндігінше көп жаттату керек. Ал ертегілерді олар өздерінің қызығушылықтары арқылы тез есте сақтап алады.
Ана тілін оқытудағы жалпы мақсат – оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсері өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту, ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеру.
Достарыңызбен бөлісу: |