Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді тақырыпқа орай теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда зерделеу, жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін талдау, зерттеу нәтижелерін жүйелеп қорытындылау жүргізілді. Зерттеуде салыстырмалы-жүйелік, талдау және жинақтау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің жаңалығы мен теориялық маңызы:
Ғабит Мүсіреповтің кейбір педагогикалық ой-пікірлері алғаш рет ғылыми үрдіске қосылды;
Ғабит Мүсіреповтің өмір жолы мен шығармашылығындағы кейбір ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларға талдау жасалынды;
Ғабит Мүсіреповтің оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талданып, педагог екендігі дәлелденді;
Ғабит Мүсіреповтің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін педагогикалық үрдісте пайдалануға байланысты әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
жоғары оқу орындары студенттеріне арнап «Ғабит Мүсірепов тағылымдары» атты арнаулы курстың оқу бағдарламасы жасалынды;
зерттеу материалдарын мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарындағы лекцияларда кәдеге жаратуға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылды:
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығындағы педагогикалық идеялары мен оның қазіргі кездегі оқушы жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берерлік мазмұны.
Ғабит Мүсіреповтің оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарының бүгінгі педагогикалық үрдіспен сабақтастығы негізделді.
«Ғабит Мүсірепов тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасы студенттерге кәсіби бағдар беру жұмысында игі ықпал ететіні байқалды.
Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ