Қоғам, мемлекет, заман туралы Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.
Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.
Отан, туған жер туралы Елің үшін - мақтан, елің үшін - қайғыр.
Еліңе опасыздық - туған анаңа опасыздық.
Туған елімді, туған жерімді жамаңдай алмаймын - бірақ жаным ашынғандықтан ашынған сөз ауызға түседі.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жұртқа жұмыс істеуді үйретуден гөрі, жұмыс істеуіне бөгет жасамауды үйрену керек.
Тіл туралы Тілдің бояуы бозарып, қыры сынбауы керек.
Біздегі ең үлкен трагедия - басшыларымыз әдебиетімізді ана тілінде оқи алмайды. Орысша оқиды, орысшасы арқылы бағалайды.
Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар.
Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағында танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі.
Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.
Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеудің біріне көңіл аудармау - үлкен қылмыс.
Этика, эстетика дегендердің тым нәзік сырларын әр халық өз тілінде ғана еркін түсінсе керек.
Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, Со ақылды айта алар тіл жоқ.
Жаман тіл - мәдениетсіздіктің белгісі, елмен байланыс үзілуі.
Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады.
Мінез-құлық туралы Мінездің сиқы: екі аяғы есерлік, ессіздік дейтін екі баспалдақта тұрған адам сияқты екен.
Паңдық, надандық, тәкапарлық, асқақтық не айтқызбайды.
Мінез: от басында күл шашып, күпілдеген көпірме.
Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық. опасыздық, кісі өлтіру сияқты көне қалыптағы тағылық жаңа өнерлі түрін тауып, өрлеп барады.