І тарау. ҒАбит мүсіреповтің Өмірбаяны және шығармашылық Қызметі 8


ІІ.3. Ғабит Мүсірепов – қазақ оқулықтарының тұңғыш авторларының бірі



бет7/19
Дата14.03.2023
өлшемі113,01 Kb.
#74058
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
stud.kz-97533 4

ІІ.3. Ғабит Мүсірепов – қазақ оқулықтарының тұңғыш авторларының бірі


Оқулық – шәкірттің бас оқу кітабы, әрі жалпы көпшіліктің, оқырман қауымның танымдық-тәрбиелік қажетін өтейтін аса бағалы рухани қазына. Ғабит Мүсіреповтің өзі жазған оқулықтары бойынша алдыңғы толқын – бірнеше ұрпақ өкілдері сауат ашты, білім нәрімен сусындады, ғибратты тәрбие үлгілерімен тәрбиеленді. Одан соң бертінгі буын, біздің замандастарымыз бен бізден кейінгі өскелең өркен тіл-әдебиет оқулықтарындағы жазушы шығармаларының мән-мазмұнынан тәлім-тәрбие алды. Күні бүгінде де мектеп қабырғасындағы сан миллиондаған жас жеткіншек бастауыш сыныптардан бастап, кемел суреткердің ұшқыр қаламынан туған көркемдік қасиеті биік туындыларын оқып, өсіп келеді.


Сондықтан, зерттеу еңбегімізде Ғабит Мүсірепов шығармашылығының жоғарыда аталғандай, бір қырына – оның алғашқы қазақ оқулықтарының тұңғыш авторларының бірі, дарынды дидакт, тамаша педагог, үлгі етерлік әдіскер-ұстаздығына мән берілуі керек.
Бұған сөз зергерінің бай әдеби-мәдени мұраларына жататын тамаша оқулықтары, оқу құралдары, оқу-әдістемелік еңбектері дәлел. Айталық, Ә.Байділдинмен бірігіп жазған «Қызыл әскер әліппесі» (Қызылорда, «Қазақстан» баспасы, 1929 жыл), одан соң жеке өзі жазған «Қызыл әскер әліппесі» оқулығы (Қызылорда, «Қазақстан» баспасы, 1930 жыл), «Жаңа күш: сауатсыздықты жоюға арналған әліппе» оқулығы (Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1931 жыл), І.Жансүгіровпен бірігіп құрастырған «Көркем әдебиет жинағы: орта мектептің 6-шы оқы жылы үшін» оқу құралы (Қызылорда, «Қазақстан» баспасы, 1933 жыл), Б.Майлинмен бірігіп жазған «Сауат үшін: сауаттандыру мектептеріне арналған әліппе құралы» оқулығы (Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1933 жыл), тағы да Б.Майлинмен бірігіп жазған «Сауатсыздар әліппесі» оқулығы (Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1934 жыл), Б.Майлин, Ә.Сытдықовтармен бірігіп жазған «Сауаттандырғыш: сауатсыздар әліппесі» оқулығы (Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1934 жыл), Ә.Сытдықовпен екеуі бірге жазған «Әліппе: үлкендер мектептеріне арналған» оқулығы (Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1936 жыл), Қ.Бекқожин, Қ.Жармағамбетовпен үшеуі бірге жазған «Қазақ совет әдебиеті», 10 класс оқулығы (Алматы, ОҚБ, 1948жыл), Қ.Бекқожин, Қ.Жармағамбетов, С.Сейітовтермен бірігіп жазған «Қазақ совет әдебиеті» оқулығы (Алматы, ОҚБ, 1949 жыл) т.с.с. оқу-әдістемелік еңбектері жазушының халық ағарту майданында елдің сауатын ашуға, ана тіліміздегі төл оқулықтарды жазу жұмысына шынайы жанашырлықпен белсене атсалысқанын айғақтайды.
Аталған оқулықтар мен оқу құралдарын жазу үстінде Ғабит Махмұтұлының ағартушылық қарым-қабілеті, ұстаздық ұлағаты барынша жарқырап танылғаны белгілі. Мұны оқулықтардың дидактикалық құрылымынан, әдістемелік нәрлілігінен, оқу оқу мәтіндерін берудегі автордың жай адам емес, кәсіби жазушы екендігін аңғартатын суреткерлік қолтаңбасынан анық байқауға болар еді.
Ғабит Мүсіреповтің «Әліппе» оқулығы – жай ғана оқу құралы емес, сонымен қатар жаңа социалистік құрылысқа аяқ басқан қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси өзгерістерді, әлеуметтік қопарылыс–құбылыстарды бейнелейтін көрнекті қаламгердің сол кезеңге өзіндік көзқарасын, ұстанған азаматтық позициясын, рухани–адамгершілік принциптерін анық аңғартатын зерделі зерттеу нысаны да. Әйтсе де, өкінішке қарай, осы күнге дейін жазушының жазған «Әліппе» оқулықтары – педагог–ғалымдар тарапынан да, әдебиетті зерттеуші ғалымдар тарапынан да тиісті назар аударылып,өз бағасын ала алмай келеді. Тіпті, кемел суреткердің қаламынан туған осынау мол мұра егеменді елдігіміз тұсындағы жаңа буын төл оқулықтарымызды жасау жұмысымен айналысып жүрген авторлар қауымының да көңілін аудармауы – ойландырарлық. Қалай дегенде де, «Әліппе» – Ғабит Мүсіреповтің елжандылық сезімінің ерекше ашыла түскен кезеңін көрсететін, қалың бұқараның сауатын ашу, білімін көтеру, сапалы тәрбие беру ісіне белсене үлес қосқанын, педагогтық–ағартушылық қызметіндегі тынымсыз ізденіс іздерін байқататын оқулық.
Ғабит Мүсіреповтің екінші бір тартымды жазылған оқулығы – 1931 жылы жарық көрген «Жаңа күш: сауатсыздықты жоюға арналған әліппесі». Бұл оқу құралы халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми–әдістемелік кеңес тарапынан мақұлданып, «Қазақстан» баспасынан 800000 дана таралыммен жарыққа шыққан.
Әліппе оқулығында қандай оқу тапсырмасы болсын, жеңілден ауырға қарай ауысып отырады. Мұнда автор ұлы ұстаз Ахмет Байтұсынұлының: «Сауаттану жас балалардың жүруге үйренгені мысалды: бастапқы кезде балалар аяғын бір басып, бір тұрады; одан соң апыл–тапыл басып жүруге жарайды. Одан кейін ақырын да болса, кәдімгідей жүретін болады. онан әрі жүгіруге жарайды; жүгіруге жарағаннан әрі жарысқа түсіп, жүрісті өнер есебінде қолдану даражаға жетеді», – деген әдістемелік тұжырымын мықтап ескергені байқалады. Ғабит Мүсірепов оқулығында осы мәселе үнемі басшылыққа алып отырған. Мысал үшін, әліппеде барлық әріптер өтілгеннен кейін әр түрлі сұрау–тапсырмалар мен оқу мәтіндері берілген.
Осы ретте «Жаңа күш: сауатсыздықты жоюға арналған әліппе» оқулығы елін сүйген жазушының нағыз патриоттық жанкешті еңбегі екенін қадап айтқан жөн. Кейінгі ұрпаққа соншалықты мол әдеюи–мәдени мұра сыйлаған қаламгердің педагогтік–ағартушылық саладағы көркем кестемен қалдырған соншама құнды оқулықтары мен оқу құралдары қызығарлық, қуанарлық. Бұл болашақ классик жазушының оқулық авторы ретіндегі ешкімге ұқсамайтын өзіндік құпия қырларын, қайталанбас қолтаңбасын паш етеді. Бұдан кемел суреткердің шынайы адамгершілік парасатын, ағартушылық биік рухын бағамдауға болатындай.
Ғабит Мүсіреповтің келесі бір шоқтығы биік еңбегі – Бейімбет Майлинмен қосарлы авторлықта жазған «Сауат үшін: сауаттандыру мектептеріне арналған әліппе құралы» (1933 ) кітабы нақты әліппе оқулығы болмаса да әліппе орнына пайдалана алатын көмекші құрал есебінде жарық көрді. Олар кітаптың алғысөзінде мұның себебін, егер «әріптің жазба түрін беретін болсақ, әліппе тез арада жазылатын болмады, ал оқытуды оңайлататын суреттерді берсек, басылу кешігетін болды, сол себепті әріптің жазба түрін оқытушының өзі көрсетіп, қосалқы материалдарды өзі толықтыруы керек» деп түсіндіреді.
Біз бұл зерттеу жұмысымызда ұлы суреткердің қаламынан туған оқулық, оқу құралдарының бәріне тоқталуды мұрат етпедік. Оның да өзіндік мәні бар. Өйткені, ғылым негіздерін, әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін әлемдік оқыту кеңістігіндегі дидактикалық талаптарға сай оқыту елімізде отызыншы жылдардан басталғанын ескерсек, бұл оқулықтар халқымыздың жаңа заманға, жаңа қоғамға қадам басу кезеңіндегі шешуші рөл атқарған алғашқы қарлығаштар, қадау-қадау рухани құны жоғары оқу құралдары еді.
Ғабит Мүсіреповтің оқулықтары – ұлы жазушының шығармашылық әлемінің әлі сыры ашылмаған, жалпы жұртшылыққа беймәлім нұр сәулелі тұстары. Кемеңгер қаламгер халқының сауатын ашуда қыруар жауапты істер атқарып, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, перзенттік борышын орындаудағы адалдығын, биік парасаттылығын танытқан. Бұл – мәңгі таусылмас тақырып, ұшан-теңіз мол мұра, байтақ байлық.

ІІ.4. Ғабит Мүсіреповтің ғылым – білім, өнер және тәлім–тәрбие туралы ғибратты сөздері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет