І тарау. ҒАбит мүсіреповтің Өмірбаяны және шығармашылық Қызметі 8



бет8/19
Дата14.03.2023
өлшемі113,01 Kb.
#74058
түріӨмірбаяны
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
stud.kz-97533 4

Адам өмірі туралы

  1. Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

  2. Әр адамның өмірінде ұзақ күн, ұзақ түндері болады. Қысқа күн, қысқа түндері де болады.



Ақыл-ой туралы

  1. Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

  2. Көз көргенді - ой таниды.

  3. Ұшқыр ой, ізденгіш ой, тапқыр ой - ол бір адам. Құр кеуде, жұрттан көргенді өзімдікі дейтін, басқаның ойын иемденіп, іске асырарда көз шығарып, бас жаратын - бұл екінші адам.

  4. Ой да - тұтқындалады.

  5. Ақылдылықтың да пайдасы тиеді, ақымақтықтың да пайдасы тиеді: алғашқысын әр кезде күтесің, соңғысы өзі келіп ұрынады.

  6. Ойға қонар ой өлмейді.

  7. Ойға сепкенің - өспей қалмайды.

  8. Көбіктің көлеңкесіндей ғана елес беретін ойлар болады.



Асыл сөз туралы

  1. Ойсыз сөзде - көркемдік те жоқ.

  2. Көркем сөз - жанның сәулесі.

  3. Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп ала алмайсың: оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің!

  4. Көркем сөз суықта да өседі, ыстықта да өседі, күндіз де өседі, түнде де өседі. Тек ақ мамық төсекте өспейді, әлпештеген алақанда өспейді. Сынсыз өспейді, талас-тартыссыз өспейді.

  5. Сөз қасиеті-көркемдігіне, ой қасиеті - шындығында.

  6. Көркем әдебиет деген ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдірет болмаса, төрт аяғын тең басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ.

  7. Көркем сөздің сұлулығы - сағымдай құлпырмасын, өзендей толқысын.

  8. Есті сөзді естігісі келмеген адам - саңырауға тең.

  9. Дүниеге алдымен келген сөз болады! Сөз!!!

  10. Сөзді қалай болса солай пайдалана берсең - сөздің де жүзі мұқалып, ұшы майырылады, айтайын дегенің құлаққа қонбайды.

  11. Асыл сөз атқан оқтай: жай кетпейді.

Еңбек туралы
Өмір бойы құмырысқадай қыбырлап еңбек еткен адам дүниеге түсініктілікпен қарайды. Осы жолда өз ой-күшін, қуатын сарп етеді де, өмірді өз тағынан құлатпайды.
"Тәуекел ет те, тас жұт - ажалың құдайдан" деген сөз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет