Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
11. Вертикаль бойымен ауырлық күшінің әсерінен болатын қозғалыс. А нұсқасы 147. Горизонталь созылған қолдан еденге дейінгі ара қашықтықтыөлшеңдер (немесе шамамен мөлшерлеңдер) және қолдан түсіп кеткен нәрсенің түсу уақыты мен еденге созылу кезіндегі жылдамдығын есептеңдер.
148. Еркін түсу кезінде бірінші дененің екінші денеге қарағанда жерге түсу уақытысы 2 есе артық болды. Денелердің соңғы жылдамдықтарын және орын ауыстыруын салыстырыңдар.
149. Г.Галилей еркін түсу заңдарын зерттеу кезінде Пиза қаласындағы биіктігі 57,5 м көлбеу мұнарадан әр түрлі заттарды бастапқы жылдамдықсыз лақтырды. Осы заттар мұнарадан қанша уақыт құлады және олардың жерге соқтығысу мезетіндегі жылдамдығы қандай?
150. Бала ұзындығы 0,62 м-ге тең жіпке тас байлап алып вертикаль жазықтықта 2,11 с-1 –ге тең жиілікпен айналдырады. Жәпті жіберіп қалғанда , тас қандай биіктікте (максимум) көтеріледі.
151. Бала ұзындығы 1,14 м-ге тең жіпке тас байлап алып вертикаль жазықтықта 1,8+ с-1-ге тең жиілікпен айналдырады. Жіпті жіберіп қалғанда, тас қандай биіктікке (максимум) көтеріледі.
Б нұсқасы 152. Биіктігі 5 м тұғырдан секірген жүзгіш 2 м тереңдікке дейін суға сүңгіп кетті. Суда ол қанша уақыт және қандай үдеумен қозғалады?
153. Тасты биіктігі 20 м көпірден тік тастағанда су бетіне 1с –та жету үшін , оның бастапқы жылдамдығы қандай болуы тиіс? Бастапқы жылдамдығы болмаса, тастың осы биіктіктен түсуі қанша уақытқа созылар еді?
154. Бір дене қандай да бір h1 биіктіктен еркін түседі; онымен бір мезгілде екінші дене одан жоғарырақ h2 биіктіктен қозғала бастайды. Екі дене бір мезгілде түсуі үшін екінші дененің бастапқы υ0 жылдамдығы қандай және максимал көтерілу биіктігі қандай?
155. Садақтан тік жоғары атылған жебе 6 с өткенде жерге түсті. Жебенің бастапқы жылдамдғы қандай және максимал көтерілу биіктігі қандай?
156. Тік жоғары лақтырылған дененің көтерілу биіктігі 4 есе артуы үшін, бастапқы жылдамдықты неше есе арттыруы керек?
157. Допты тік жоғыры лақтырғанда ұл бала қыз балаға қарағанда допқа 1,5 есе артық жылдамдық береді. Ұл бала лақтырған доп неше есе артық биігірек көтеріледі?
С нұсқасы 158. Дене 80 м биіктіктен еркін түседі. Түсудің ақырғы секундында оның орын ауыстыруы қандай болды?
159. Егер дене соңғы екі секунд ішінде 60 м биіктіктен еркін түссе, оған қанша уақыт кеткен?
160. Қозғалыс басталғаннан кейін n-ші секундта еркін түсіп келе жатқан дененің орын ауыстыруы неге тең болады?
161. Жеткілікті үлкен шамадағы биіктіктегі нүктеден модульдері бойынша бірдей υ0=2м/с жылдамдықпен : екі дененің бірі тік жоғары қарай, екіншісі тік төмен қарай бір мезгілде лақтырылды. 1с,5с,t-ге тең уақыт аралығы өткеннен кейін денелер ара қашықтығы қандай болмақ?
162. Дене 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған, у=у(t) тәуелділігінң теңдеуін жазыңдар. Дене қандай уақыт аралығы өткенде: а) 15м; б) 20м; в) 25 м биіктікте болатынын табыңдар. Нұсқау у осін вертикальтік бағыттау керек; t=0 болғанда у =0 деп алу керек.