13. Үйкеліс күшінің әсерінене болатын қозғалыс. А нұсқасы 190. 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автобус авариялық тежелуден кейін қанша уақыт өткенде тоқтайды? Авариялық тежелу кезіндегі кедергі коэффициенті 0,4-ке тең.
191. Автомашина доңғалақтарының жолмен сырғанау үйкелісі коэффициенті 0,25 болса, горизонталь жолда 36 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан машинаның бұрылу доғасының ең кіші радиусын табыңдар.
Б нұсқасы 192. Массасы 50 кг бала төбешіктен шанамен сырғанап, горизонталь жолмен 10 с ішінде 20 м жүріп барып тоқтады. Үйкеліс күшін және үйкеліс коэффициентін табыңдар.
1 93. 36- суретте көрсетілгендей шектік жылдамдық тағайындалған
жол белгісінің тұсында жүргізуші авариялық тежелу жасады.
Мемлекеттік автоинспекция (МАИ) инспекторы доңғалақтардың
ізі бойынша тежелу жолы 12 м-ге тең екенін анықтады. Егер
кедергі коэффициенті (резеңкенің құрғақ асфалтьпен) 0,6 болса,
жүргізуші жол жүру ережесін бұзған ба? 36-сурет
С-нұсқасы 194. Автомобиль кузовында бір нәрсе жатыр. Автомобиль 1,6 м/с2 үдеумен орнынан қозғала бастаған кезде, нәрсе қозғалмай бұрынғы орнында қалды (автомобильге қатысты алғанда), ал 2 м/с2үдеумен тежелген кезде нәрсе козовқа қатысты алғанда орнынан жылжыды. Үйкеліс коэффициентінің мәні қандай аралықтарда болғаны?
195. Горизонталь жол үстінде автомобиль радиусы 16 м бұрылыс жасайды. Егер сырғанау үйкелісінің коэффициенті 0,4 болса, автомобиль жолдан шығып кетпеуі үшін, ең көп деген жылдамдығы қандай болуы тиіс? Ал қыста үйкеліс коэффициенті 4 есе азаятын болса, ол жылдамдық неше есе өзгереді?
15. Денелердің бірнеше күштің әсерінен қозғалысы. Горизонталь және вертикаль бағыттағы қозғалыс. А нұсқасы 196. Жүк толтыра тиелген, массасы 15 т автобус орнынан 0,7 м/с2 үдеумен қозғалды. Егер қозғалысқа кедергі коэффициенті 0,03 болса, тарту күшін табыңдар.
197. Кедергі коэффициенті 0,005 болғанда тепловоздың ең үлкен тарту күші 300 кН-ға жетсе, ол 0,1 м/с2 үдеумен массасы қандай составты тарта алады?
198. Үзіліске беріктігі 15 кН арқанмен массасы 500 кг жүкті көтергенде, үдеу қандай болғанда ол үзіліп кетеді.
199. Көтергіш кран массасы 1 т жүкті көтереді. Егер жүк 25 м/с2 үдеумен қозғалса (өте аз уақыт қана), көтерудің бастапқы кезінде арқанның керілу күші қандай болады?
Б нұсқасы 200. Динамометрге бекітілген массасы 400 г білеуше горизонталь бетпен бір қалыпты қозғалысқа келтірілді. Бұл кезде динамометрдің көрсетуі 1 Н болды. Екінші жолы білеушені солбетпен үдете қозғады.Сонда динамометрдің көрсетуі 2 Н болды. Үдеу неге тең?
201. Электровоз массасы 3250т составты орнынан қозғайды. Егер кедергі коэффициенті 0,005 , ал максимал тарту күші 650 кН болса, поезд қандай үдеумен қозғалып келеді?
202. Массасы 1 т «Жигули» автомобилі орнынан қозғалып, 20 с өткеннен кейін жылдамдығын 30 м/с-қа жеткізді. Егер кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болса, тарту күші қандай?
203. Автомобильдің тарту коэффициенті (тарту күшінің ауырлық күшіне қатынасы ) k=0,11. Кедергі коэффициенті µ=0,06 болған кезде автомобиль қандай үдеумен қозғалады.
С нұсқасы 204. Массасы 65 кг спортшы он метрлік мұнарадан секіргенде 13 м/с жылдамдықпен суға енеді. Ауаның орташа кедергі күшін табыңдар.
205. 25 м Биіктіктен ағаш сынығы 2,5 с ішінде құлап түсті. Ауаның орташа кедергі күші ауырлық күшінің қандай бөлігі болады?
206. Массасы m болат құйманы судан қатаңдығы к арқанмен а үдеумен көтереді. Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Арқанның х ұзаруын табыңдар. Судың кедергі күші ескерілмейді.