Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
12. Бастапқы жылдамдық горизонтпен бұрыш жасай бағытталған жағдайдағы Ауырлық күшінің әсерінен болатын қозғалыс. Жасанды серіктер мен ғаламшарлардың қозғалысы. А нұсқасы 163. Бала допты 20 м биіктіктегі терезеден горизонталь бағытпен лақтырды. Егер доп үйдің іргесінен 6 м қашықтыққа түссе, доп жерге дейін қанша уақыт ұшқан және қандай жылдаьдықпен лақтырылған?
164. Егер лақтыру жылдамдығы екі есе артатын болса, едәуір биіктіктен горизонталь лақтырылған дененің ұшу уақыты және ұшу алыстығы қалай өзгереді?
165. Дене υ=10м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылған , ұшу алыстығы лақтыру биіктігіне тең. Дене қандай h биіктіктен лақтырылған?
166. Күн жүйесіндегі Шолпан ғаламшарының массасы 4,88*1024 кг, ал орташа радиусы 6,1*106 м болса, осы ғаламшардың еркін түсу үдеуін, бірінші ғарыштық жылдамдықты табыңдар.
167. Күн жүйесіндегі Марс ғаламшарының массасы 6,43*1023 кг, ал орташа радиусы 3,38*106 м болса, осы ғаламшардағы еркін түсу үдеуін , бірінші ғарыштық жылдамдықты табыңдар.
168. Айдың Жерді айналу орбитасымн қозғалысының орташа жылдамдығын есептеңдер Рым, 14- кестені қараңдар.
Б нұсқасы 169. Горизонталь лақтырылған дене екі есе аз биіктіктен алғашқыдағыдай қашықтықта түсу үшін оның жылдамдығын қалай және неше есе өзгерту керек?
170. Серіппелі пистолетті жоғары қарай тік атқан кезде оның «снаряды» Н=1 м биіктікке көтеріледі. Егер пистолет h=64 см биіктікте горизонталь орнатылған болса, снаряд қандай қашықтыққа барып түседі. Снарядтыың ұшып шығу жылдамдығы екі жағдайда да бірдей деп есептеңдер.
171. Көкжиекке 450 бұрышпен лақтырылған диск ең жоғары h биіктікке көтерілді. Дискінің ұшу алыстығы қандай?
172. Осло қаласында өткен жарыстарда спортшы найзаны 90 м 86 см-ге лақтырды. Егер найза сондай жылдамдықпен горизонтқа осындай бұрыш жасап, Токиада лақтырылса, қандай қашықтыққа түсер еді? Ослодағы еркін түсу үдеуі 9,819 м/с2, ал Токиада 9,798 м/с2.
173. Жер бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналып ұшуы үшін жасанды серіктің жылдамдығы қандай болуы керек? Оның айналу периоды қандай?
174. Жер бетінен 300 км биіктікте ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы қандай? Оның айналу периоды қандай?
С нұсқасы 175. Бала биіктігі 5 м тік жағадан суға сүңгіді, оның жүгіргеннен кейін горизонталь бағытталған жылдамдығы 6 м/с еді. Баланың суға жеткен кездегі жылдамдығының модулі мен бағыты қандай?
176. Зеңбіректен көкжиекке бұрыш жасай, атылып шыққан снаряд 12 с ұшты. Снаряд қандай ең үлкен биіктікке көтеріді?
177. Жер бетімен салыстырғанда 12,7 м биіктіктен горизонтальмен 450бұрыш жасай , дене 27,4 м/с жылдамдықпен лақтырылған. 1) Жер бетімен салыстырғанда ең үлкен көтерілу биіктігі, Н; 2) ұшу уақыты, t; 3) ұшудың горизонталь алыстығы, S; 4) жерге келіп ұрылғандағы жылдамдығы υ неге тең екенін анықтаңдар.
178. Фобостың (Марс ғаламшарының серігі) қозғалып жүрген шеңбердің радиусы 9400 км; ал айналу периоды 7 сағат 40 мин-қа тең. Марстың массасын анықтаңдар.
179. Жер бетінен 21600 км қашықтықта ұшып жүрген серіктің айналу периодынан неше есе артық болады?