Күш және масса тақырыбы бойынша берілген есептердің 11 нұсқасының «А» деңгейі 64. Көлемі 2 л өсімдік майының массасы m=1840 г.Майдың тығыздығы қандай?
65. 3 Н күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.
66. Массасы 2 кг ыдысқа көлемі 6 л бензин құйылған.Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
«В» деңгейі 67. Көлемі 15∙10 м³ заттың массасы 110-ға тең болса, осы заттың 1 м³-нің массасы қандай?
68. Гипстен жасалған плитаның іші қуыс болады, массасы 5 кг, көлемі 0,0042 м³ плитаның ішіндегі қуыстың көлемі қандай?
69. Мензуркадағы көлемі V1=110 мл суға шыны тығын салғаннан кейін судың көлемі V2=180 мл болған.Тығынның массасы қандай? ρш=2,5∙10³ кг/м³.
«С» деңгейі 70.Массасы 3кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бір қалыпты сүйрегендегі үйкеліс коэффициенті 0,3 ке тең болса, серіппе қаншаға ұзарады?
71.Темірден және алюминийден жасалған заттардың көлемдері бірдей. Егер темірдің массасы алюминийдің массасынан 12,75 г артық болса, осы заттардың массалары қандай?
ρ1=7,8 г/см ³; ρ2=2,7 г/см³;
72.Қабырғаға сүйеулі тұрған сүймеге әсер
ететін күштерді атаңдар және оны салып көрсетіңдер.
Күш және масса ІІІ нұсқасының «А» деңгейі 73.Бальза- ең жеңіл ағаш. Оның 100 см3 көлемінің массасы 12 г. Бальза ағашының тығыздығын
есептеңдер.
74.Машина 3 т жүк тасымалдауға арналған.Әрқайсысының ұзындығы 2 м, ені 80см және қалыңдығы 2мм болыпкелген темір текшелерінің қаншасын тиеуге болады?
75.Салмағы 800 Н адамның массасы қандай?
«В» деңгейі 76.Көлемі 1м3 және тығыздығы 240кг/м3 тығыннан жасалған пластинаны көтере алар ма едіңдер.
77.Өзара әсерлесу кезінде арбашалардың жылдамдықтары ∆υ1=20м/с, ∆υ2=60м/с болып өзгерді.
Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?
78.Динамометр серіппесі 4 Н күштің әсерінен 5мм ұзарды. Серіппені 16мм ұзартатын жүктің салмағын анықтаңдар.
«С» деңгейі 79.Қозғалмай тұрған массасы 30кг үрлемелі қайықтан массасы 45кг бала жағаға секірді.Қайық 1,5м/с жылдамдыққа ие болды.Баланың жылдамдығы қандай?
80.Динамометр көмегімен ағаш кесегі стол үстімен жылжиды. Динамометрдің көрсетуі 4Н болса,стол беті мен кесек арасындағы үйкеліс күші неге тең?
81.320 Н күштің әсерінен серіппе амортизаторы 9 мм жиырылды. 1,60 Н күштің әсерінен серіппе амортизаторы 9мм жиырылды. 1,60 Н күштің әсерінен серіппе қанша мм-ге қысқарады?