Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы. 1 нұсқа «А» деңгейі 82.Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге р=100 Па қысым түсіреді. Өлшемдері 50x90 болатын ауданға ауа қандай күш түсіреді?
83.Ауданы S1= 200 см2 гидравликалық таптауыштың поршені 20 кН күшпен әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы S2=6см2. Кіші поршень таптауыштағы сұйыққа қандай күшпен әсер етеді.
84.Биіктігі 35 см, ұзындығы 55см және ені 25см аквариумға ернуінен 3см төмен су құйылса, онда оның а) түбіндегі қысым ; ә) құйылған судың салмағы қандай?
«В» деңгейі 85.10 балдық желдің алдындағы тосқауылға түсіретін қысымы Р=1100 Па. Желдің ауданы 30м2 тосқауылға түсіретін қысым күші қандай?
86.Цилиндр ыдысқа сынап,су және бензин құйылған. Сұйықтардың көлемдері бірдей. Сұйық деңгейлерінің биіктігі 15 см болса,сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін жалпы қысымы қандай?
87.Ауданы 3см2 гидровликалық таптауыштың кішк поршені күштің әсерінен 15см төмен түсті. Үлкен поршеннің ауданы 9см2. Кіші поршенге 200 Н күш әсер еткендегі поршен көтерген жүктің салмағын және жүктің қандай биіктікке көтерілгенін анықтаңдар.
«С» деңгейі 88.Текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған. Оның ішіндегі судың массасы 65 г болса,судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай?
89.Баллонның ішіндегі қысым манометрмен өлшенеді. Су деңгейлерінің айырмасы ∆ Һ= 25см.
Атмосфералық қысым Р0 = 760мм сын. бағ.Баллондағы қысым қандай?
90.Цилиндр тәрізді қатынас ыдыстың ішінде су бар. Қатынас ыдыстың үлкенінің көлденең қимасының ауданы кішісінікінен 3 есе үлкен. Кіші ыдысқа биіктігі 25 см бензин құйылады. Сол кезде үлкен ыдыстағы су қандай биіктікке көтеріледі. Кіші ыдыстағы су қанша төмендейді?
Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы.
11 нұсқасының «А» деңгейі. 91.Көлемі 8м3 темір бағананың табан ауданы 2 м2 болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?
92.Гидровликалық престің кіші поршені F=600 Н күштің әсерінен 33 см төмен түсті. Осы кезде үлкен поршень 23 см-ге көтерілді. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?
93.Барометр тау бөктерінде 98650 Па, ал тау шыңында 90300 Па қысымды көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?
«В» деңгейі 94.Массасы 3 кг кір тасының табанының диаметрі 3см болса, ол үстел үстіне қандай қысым түсіреді?
95. Қалыпты атмосфералық қысымға тең болу үшін , су бағанының биіктігі қандай болу керек?
96. Гидровликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 5см, ал үлкен цилиндрінікі 60см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді?
«С» деңгейі 97.U тәрізді ауыздары ашық түтікшеге біртіндеп су құйылады. Түтікшенің бір жағында сынап бар. Сынап деңгейлерінің айырымы Δh=15мм. Су қандай биіктікке дейін құйылған?
98. Бензиннің ыдыс түбіне және бүйір беттеріне түсіретін қысым күші тең болу үшін ішіне толтырыла бензин құйылған радиусы 6см цилиндр ыдыстың биіктігі қандай болуы керек?
99.Бірдей үш қатынас ыдыстың ішіне жартылай су құйылған. (суретте) ыдыстың сол жағына Н1=25см,ал оң жағына Н2=30см биіктікке бензин құйылды. Сол кезде ыдыстың ортасындағы су деңгейі қанша биіктікке көтеріледі?