Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы. 111 нұсқасының «А» деңгейі 100.Табанының ауданы 300см2 кастролге 3,9 л су құйылса, столға қандай қысым түсіріледі. 101.Шегенің көмегімен 105 Па қысым түсіруге бола ма? Шеге ұшының ауданы 0,1 мм2болса, шеге басына қандай күш түсіру керек.
102.Екі бірдей ыдыс түтікпен қосылған. Біреуіндегі қысым 0,008 Па газ бар, ал екіншісі бос. Кранды ашса екі ыдыстағы қысым қандай болады?
«В» деңгейі 103.Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10 см2. Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршенінің ауданы 200см2. Үлкен поршенге әсер ететін күш қандай?
104. Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?
105. Аквариум сумен толтырылған. Ұзындығы 50 см, биіктігі 30 см аквариум қабырғасын су қандай орташа күшпен қысады?
«С» деңгейі 106. Көлденең қимасының ауданы 16 см2 квадрат (текше) тығынға керосинның әсер ететін күшін анықтаңдар. Керосин деңгейімен тығынның арақашықтығы (h) 400 мм.
107. Егер ұшақтағы барометр 100641 Па, ал жер бетіндегі қысым қалыпты болса (105 Па),ұшақ қандай қашықтықта ұшып барады?
108. Көлемі 4*0,3*0,25 м темірбетонплита суға жартылай батырылған. Оған әсер ететін Архимед күші неге тең?
V тарау. Архимед күші тақырыбы бойынша берілген есептердің І нұсқасының «А» деңгейі 109. Көлемі 0,4 м3 болатын дене суға жартылай батырылған. Денеге әсер ететін архимед күші қандай?
110. Су астындағы массасы 35 кг, көлемі 0,015 м3 тасты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
111. Судағы денеге 2500мН Архимед күші әсер етеді. Осы денені сынап қандай күшпен кері итереді?
«В» деңгейі 112. Қалқып жүрген ағаш білеуше 0,8л суды ығыстырып шығарады. Білеушенің салмағы қандай?
113. Көлемі 8дм3 тастың массасы 20 кг. Осы тасты судың түбіне толық батырмай ұстап тұратын күш қандай?
114. Егер архимед жасаған тәжірибеде патша тәжінің ауадағы салмағы 28,2 Н , ал судағы салмағы 26,4 н болса, тәж таза алтыннан жасалған ба?
«С» деңгейі 115. Салмағы 0,22 Н болатын темір кесегі,салмағы 0,01 Н болатын қосақтаса жіпке байланып, толығымен суға батырылған. Егер жіптің керілу күші Ғк=0.07 Н болса, тығынның тығыздығы мен көлемі қандай? Ауаның кері итеру күші ескерілмейді.
116. Іші қуыс темір шардың ауадағы салмағы 2,62 Н және керосиндегі салмағы 2,20 Н болса, шардың ішіндегі қуыстың көлемі қандай? Суреті бар.
117. Массасы 300 г альюминийден жасалған денені керосинге батырғанда оныңғ салмағы қандай болады?