Архимед күші Тақырыбы бойынша берілген есептердің ІІ нұсқасының «А» деңгейі 118. Суда қалқып жүрген ағаш білеуше 0,75 м3 суды, ал толығымен суға батырса, ол судың 1м3 көлемін ығыстырып шығарады. Білеушеге әсер ететін кері итеретін күштерді анықтаңдар.
119. Толығымен керосинге батып тұрған тығынға 50 Н архимед күші әсер етеді. Тығынның көлемі қандай? шпен ығыстырар еді?
120. Суға толығымен батырылған денеге 3000 мН архимед күші әсер етеді.Егер осы денені бензинге батырса, қандай кү
«В» деңгейі 121. Дененің салмағы 8 Н, ал көлемі 500см3 болса, дене суға бата ма?
122. Массасы 60 кг бала суда тұр. Егер бала денесінің су бетінен жоғары тұрған бөлігінің көлемі 3дм3 болса, баланың бүкіл денесінің көлемі қандай?
123. Әрқайсысының көлемі 1,3 м3 болатын 6 бөренеден жасалған салдың көтеру күші қандай?
«С» деңгейі
124. Динамометрге мыс пен күмістің қоспасы ілінген. Олардың ауадағы салмағы 2,35 Н, ал судағы салмағы 2,11 н болса, қоспадағы мыс пен күмістің массаларын анықтаңдар?
125. Теңізде мұз қалқып жүр. Мұздың 200м3 көлемі судың бетінде болса, оның жалпы көлемі және суға батып тұрған бөлігінің көлемі қандай?
126. Іші қуыс альюминий шар суда тепе-теңдік қалыпта қалқып тұр. Егер қуыстың көлемі V1=16,75 см3 болса, шардың көлемі қандай?
Жұмыс. Қуат. Энергия.
1 нұсқа «А» деңгейі 127. Ат арбаға 450 Н күш түсіріп, оны 0,5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартса, ат 2 сағатта қандай жұмыс істейді?
128. Массасы 100т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып, 9 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?
129.Иіндіктің ұштарына Ғ1 = 2 Н және Ғ2 = 20 Н күштер әсер етеді.
Иіндіктің ұзындығы 1,2 м болса, оның тіреу нүктесі қай жерінде орналасады?
«В» деңгейі 130. Пайдалы қуаты 10 кВт су насосы 15 м тереңдіктен 1,5 ішінде көлемі қандай суды көтеріп шығарады?
131. Иіндіктің иіндерінің қатынасы 10:2 . Онымен жүгі бар жәшікті 15 м биіктікке көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек?
132.Көлбеу жазықтықтың биіктігі 1,5 м, ал ұзындығы 12 м. Массасы 150 кг жүкті жазықтық бойымен көтеру үшін 230 Н күш керек болса,көлбеу жазықтықтың ПӘК-тің анықтаңдар.
«С» деңгейі 133.Жерде жатқан массасы m=150 кг, ұзындығы ℓ= 2 м біртекті сырықты тік жоғары қою үшін қандай жұмыс істеу керек?
134.Массасы 12 кг, ұзындығы 50 см сырықтың екі ұшына массалары m1 = 30 кг және
m2=5 кг жүк ілінген. Сырық тепе-теңдікте болу үшін тіреуді қай жерге қою керек?
135.Массасы 50 т жүкті 0,5 м биіктікке көтеру үшін ПӘК-і 75% болатын гидравликалық таптауышты пайдаланады. Кіші поршеннің бір жүрісі 0,3 м –ге тең.Егер үлкен поршеннің ауданы кіші поршеннің ауданынан 80 есе артық болса, онда кіші поршен қанша жүріс жасауы керек?