ІІ Тарау мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді жаңарту жолдары
2.1 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын ізгілендіру және дараландыру
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым теренірек меңгерге отырып, олардың ой-өрісін, білім дағдысы денгейін кеңейту, сана-сезімін, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулуға, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет.
Осыған орай, жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене эстетикалық тәрбие сапасын жақсарту қажетгілігіне көз жеткізітеді. Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жана технологиялар кім-кімді ле қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану - баланы жан-жақты терең ашуға, оған бағыт-бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділікті арттыруға көп септігін тигізеді. Оригами тәсілі арқылы қарапайым ойыншыктарды жасап, оны ертегі желісі бойынша театрландыруда - бала ойлауға, қиындықты жеңуге талпынып, өз жетістігіне қуанады. Оригами жолдарымен жасатған ойыншықтар - баланың қолынан келетін, шамаға шақ және қуанышты еңбек. Жәй қағаздың бейне бір ойыншыққа айналу үрдісі мен баланын әр түрлі әсер алуы бірге қатар жүреді. (таңдану, куану, өз жетістігіне және тапсырманы өздігінен аяғына дейін орындауын саналы түрде түсіну) Оригами арқылы бала белсенділіп дамып, саусақ кимылдары жетіледі, енбек нәтижесін көріп, қол енбегі барысында балада жан - жануарлар, құстар, т.б. заттардың бейнелерін жасауға деген қызығушылық пайда болады. Қол енбегін театрмен ұштастыруға болады. Жіптерден жасалынған қуыршақтарды қозғалту арқылы табиғи материалдардан жасалған бейнелер, компазициялар бойынша, қағаздардан оригами арқылы жасалынган бейнелерді театрмен ұштастырса қол енбегі қызықты да тартымды өтеді. Осындай жаңа технологиялар арқылы, яғни театрмен ұштастырылған қол енбегі барысында бата тілі дамып, шығармаларды кейіптендіруде өз еркімен әңгімелеуде батылдыққа, жігерлікке талпынып, ой-қиялы дамып отырады. "Құстар" тақырыбы бойынша табиғи материалдардан жасалған балалар жұмыстарын "Кімнін мекені жақсы" атты ертегісімен театрландырылса, қызықты, тартымды болады.
Адамның бүкіл ғұмыры тәлім-тәрбиеден тұрады. Ата-ана өз баласынан көз жазбай бақылап, дұрыс бағытта жөн сілтеп отырғанда ғана өнеге нәтижесіне жеткізеді. Осыған орай, баламен жұмысты ата-анамен байланыста жасаған өте тиімді. Қол енбегінде менгерген тәсілдерін бекіту ретінде отбасында бірігіп жасаған бұйымдардан көрмелер ұйымдастыру, балабақша мен отбасы байланысын бекіте түседі.
"Үй жануарлары мен олардын төлдері" тақырыбында балалардын ата - аналары арасында жұмсақ оныншықтарды тігу сайысын өткізіп, дайын ойыншыктардан қуыршақ театрын ұйымдастыруға болады. Мұндай істер "Жыл басына таласқан хайуанаттар" ертегісі бойынша балалардың өздігінен қуыршақ театрын көрсетуде дауыс ырғағын келтіруге, дұрыс сөйлеуге тыңдай білуге жаттығады.
Балалар қол енбек сабағында заттың пішінін, түрін, түсін ажыратуды үйренсе, сабақтан тыс уақыттарда шеберлік танытып, бұйымдар жасауға үйренеді. Балалардың қолымен жасалынған бұйымдар - пан-но түрінде, ойыншық немесе шағын картиналар, т.б. түрде жасалынып құрбыларының туған күн кешінде. мерекелер күндері отбасы мүшелеріне, айналасындағы үлкен-кішіге сыйға тартылады.
Балалармен ұйымластырылатын қол енбегінде жаңа технологияларды жиі қолдану бала ынтасын көтереді, қьзығушылығьн арттырады, дербес әрекетін дамытады. Қол еңбегін ұйымдастыруда әр түрлі материалдарды қолдану қажет: табиғи материалдар, қағаздар, қорапшалар, сірінке қораптары, паралондар. сымдар, жіптер, мата қиындылары т.б. Осындай бағытта ұйымдастырылған қол еңбегі нәтижесінде баланың көру мүмкіндігі қолдың саусақ қимылдары т.б. жетіле түседі, сонымен қатар үстел-үсті және қуыршақ театрымен, жасаған бұйымдарын тақырыпқа сай таныс шығарма мазмұнын әңгімелеп берумен байланыстырса балалар шеберлікке, шығармашылыққа шындала түседі. Осындай мақсаттар тұрғысынан балабақшамызда өткізілген бірнеше сабақ үлгісін әріптестер назарына ұсынуды жән көрдік.
Ыбырай Алтынсарнннің "Бай баласы мен жарлы баласы" атты шығармасынын желісі бойынша теартландырьпған есеп сабағының мақсаты: балалардың қарапайым арифметикалық түсініктерін қатыптастыруда шығарманы әнгімелеу арқылы, қызықты ойын, есеп, жұмбақ түрінде іске асырып, ақыл-ой белсенділігін арттыру. Кеңістікті бағдарлай білу, 1 ден 10-ға дейін (тура-кері ретпен) санан білу, уақытты бағларлай білу, геометриялық пішіндерді атау, ажырата білу білімдерін бекіту. Көрнекілікке негізделе балалар бітімін бір жүйеге келтіру. Есте сақтау, тапсырманы аяғына дейін орындауға тәрбиелеу. Сабақтың технологиясы: көркем сөздер, шығарманы әңгімелеу. сұрақ-жауап, театрландыру барысында тапсырмалар орындау, жеке жұмыс, ойын шартьш дұрыс орындау, санату, мадақтау, қорытынды. Жіп арқылы қозғалмалы қуыршактар (Асан мен Үсен, ат үстінде отырған малшылар) үйрек, ауыл көрінісі бейнеленген сурет-тақта, алмалы-салмалы шөптер арасында бейеленген үйрек жұмыртқасы, көлде бейкеленген үлкен-кіші балықтар, сандар ретімен нүкгені қосу арқылы балық бейнесін шығаруға арналған карточка, үйректі құрастыруға қажет геометриялық пішіндер сабаққа қажетті құралдарды пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |