І тарау. Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы



бет8/10
Дата02.06.2022
өлшемі294,5 Kb.
#36182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қорытынды
Қорыта айтқанда, бүгінгі заман XXI ғасырдын кеш басы, бүкіл дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Біз қанша дамып, басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәт те назардан тыс қалмауы тиіс. Бата - Ұрпақ - Өркен деген ұғым ерекше ескеріліп, бүгінгі күннің шыға қояр ең маңызды мақсаты да жан-жақты бала тәрбиесі болуы тиіс. Демек, жан-жақты жетілген білімді азамат дайындау қоғам алдындағы міндет болғандықтан мектепке дейінгі ұйымның да негізгі мақсаты баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, адамгершілікке баулып, білімге деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Осы дағдыларды меңгерту тәрбиеші мен ата-ана тығыз байланыста болу керек. Ата-аналарды балабақша өміріне қатыстыру жаңа заман жағдайында үйлесімді шешімді талап етеді. Бұл мәселені нәтижелі шешуте бізге «тәй-тәй» бағдарламасы жол ашып отыр. Соростың «тәй-тәй» технологиясы - тәрбие және оқыту процестерін ізгіліктендіруге, демократияландыруға бағыт алған қазіргі кезеңде әрбір сәбиге топтағы бір не бірнеше қызмет таңдауға еркіндік беру арқылы оның жеке тұлғалық қаблеттерін дамытуды көздейтін халықаралық бағдарлама. «Тәй-тәй» Халықаралық білім беру бағдарламасы сабақтарды қорытуға. тнянактауға өте тиімді деп ойлаймын.
Тәрбие барысында баланың жеке ерекшелігін, ақыл-ой сезім, тәжірибелік іс-әрекетінің даму деңгейін ескеру, оның айырықша қабілетгілігіне назар аударып, бағыт беріп отыру, білуге құштарлық, еңбекке белсеңділік мотивтерін ескеру.
Балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру мәселесін тәрбиеленуші-лердің дара жене айырқша даму деңгейіне қарай бағыттай, соны ескере ұйымдастыру, олардын ой еңбегінеі қызығушылық, бір іске құштарлық, еліктеушілік, шығарымпаздық ұмтылыс жасауына ұдайы көңіл бөлініп, дарынды баланың талантына бағыт беріп дамытып отыру. Тұжырымдамада көзделген негізгі мәселе осы аталған тәрбие түрлерін жаңа талап денгейіңде ұйымдастыру. Яғни тәрбиелей отырып, білім беруді бірыңғай, үзіліссіз сабақтастық принциптеріне сәйкес іске асыру мақсаты көзделген.
Мектепке дейінгі тәрбиені кешеңді ұйымдастыру нәтижесінде баланы жан-жақты дамыту арқылы жетілдіре қалыптастыру негізі қаланады. Баланың денсаулыгын нығайту, дене мүсінінің сымбатын жетілдіру, әуенді кимыл-қозғалыс жасату арқылы талғампаздыққа тәрбиелеуге жағдай жасалады.
Мектепте білім берудің негіз ұстанымдарына балалар енді мектепке жан-жақты дайындықпен келуі қажет дегенді білдіреді. Әсіресе, құрдастарымен, ересектер және педагогтармен қарым-қатынас мәдениеті аса маңызды. Сондықтан да балабақша нольдік деңгей емес, жалпы білім беретін мектептің деңгейі емес, ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді атқарушы, өзіндік әлеуметтік статусқа ие, жалпы білім беретін мектептің заңды бастапқы (алғашқы) буыны болып табылады. Балабақшалар ұйымдарының барлық түрлері мен типтері мемлекет тарапынан қорғалуы және сыртқы дүниемен қарым-қатынасы реттелуі, мектепке дейінгі білім берудің қаржылық қолдау ынталандырылуы қажет. Мектепке дейінгі білім беру институтын сақтап қалудың қажеттігін ойлағанда қоғамның ауқатты топтарының балаларын балабақшада оқыту, тәрбиелеуден гөрі өз қаражаттарын аямай гувернанткалардың жұмысын жоғары бағалау фактісі алаңдатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет