І тарау. Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы


Тәрбие жұмысын жекелей және даралай жүргізу



бет6/10
Дата02.06.2022
өлшемі294,5 Kb.
#36182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -mektepke-deyingi-balalarga-mektep-aldy-dajarlyq

2.2 Тәрбие жұмысын жекелей және даралай жүргізу
Тәрбие барысында баланың жеке ерекшелігін, ақыл-ой сезім, тәжірибелік іс-әрекетінің даму деңгейін ескеру, оның айырықша қабілетгілігіне назар аударып, бағыт беріп отыру, білуге құштарлық, еңбекке белсеңділік мотивтерін ескеру.
Балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру мәселесін тәрбиеленуші-лердің дара жене айырқша даму деңгейіне қарай бағыттай, соны ескере ұйымдастыру, олардын ой еңбегінеі қызығушылық, бір іске құштарлық, еліктеушілік, шығарымпаздық ұмтылыс жасауына ұдайы көңіл бөлініп, дарынды баланың талантына бағыт беріп дамытып отыру. Тұжырымдамада көзделген негізгі мәселе осы аталған тәрбие түрлерін жаңа талап денгейіңде ұйымдастыру. Яғни тәрбиелей отырып, білім беруді бірыңғай, үзіліссіз сабақтастық принциптеріне сәйкес іске асыру.
Жоғарыда аталған тұжырымдама негізінде лаборатория ғалымдарының қатысуымен балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында ұлттық материалдарға негізделген төл туынды "Балбөбек" бағдарламасы осылайша дайындалды.
Бағдарламада 2 ден 7 жасқа дейінгі кезенде дене, ақыл-ой, эстетикалық тәрбие білім беру мазмұнын жетілдіруде балалардын психологиялық, физиологиялык және дербес жетілу ерекшеліктері ескеріледі.
Бағдарлама жасауда балабақшадағы тәрбие мазмұнынын жағдайын, балалардын білім, дағды денгейін, дүниеге көзқарасын қалыптастыру тәсілдерін бақылау, бұрынғы багдарламаларға талдау жүргізу, көршілес елдер бағдарламаларымен танысу нәтижелері негізге алынды.
"Балбөбек" бағдарламасының мақсаты-балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарын тұжырымдамаға сәйкес түбегейлі өзгерту.
Тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын халықтық педагогика негізінде жаңарту. Ата-баба мұрасы - өнер мен өнеге үлгілерінің лайыктыларын баланың құлағына сініре отырып, ойын арқылы бойына дарытып, санасына орнықтыру.
Сәбилік шақтан бастап әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, адамдық асыл қасиеттерді қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың білім-білік дағдыларын нақтылай отырып, тәрбиешілер жұмысының сапасан арттыру.
"Балбөбек" бағдарламасының міндеттері - тұлға ретінде баланың жеке басының іс- әрекетін дамыта оқыту теориясы негізінде, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жетілдіру.
Тәрбиелеу, білім беру жұмыстарында халықтық педагогикаға байланыстн материалдарды кешенді тұрғыда, тақырыптық жүйеде қолдану. Пәндік бағытта жүргізілген келген білім беру тақырыптарын бір-бірімен кіріктіре (интегралды) біртұтас, жүйелі іске асыру. Жаңа қоғамга лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жас, ақыл-ой, еңбек, дене эстетикалық тәрбие сапасын жақсарту.
Тәрбиешілер ата-аналар мен тәрбиеленушілер арасындағы педагогикалық ынтымактастықты нығайту.
- балабақшадаға өтілетін тәлім-тәрбие мазмұны халық педагогикасы негізінде жаңартылды;
- "балалардың жас шамасына сай даму ерекшеліктері" - деп аталатын бөлім М.Жұмабаевтың "Педагогика" атты еңбегі негізінде толықтырылды;
- баланың мінез-құлкын казақтын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптастыру көзделіп, бағдарламаға "Имандылық-инабаттылық тәрбиесі" деген жеке бөлім қосылды;
- әр топтағы күн тәртібіне өзгерістер енгізілді;
- балалардың білімі мен тәрбиесіне жыл аяғыңда қойылатын талаптар нақты көрсетілді,
- экологиялық, экономикалық тәрбиенің алғашкы қарапайым негіздерін қалыптастыру жайында мағлұматтар берілді;
- бағдарлама мазмұнын іске асыру үшін бұлар "Отбасы", "Балабақша", "Ойыншыктар", "Жыл мезгілдері", "Қазақстан Республикам менің", "Жануарлар дүниесі" - деп аталатын нақты тақырыптарға топтастырылды. Мұндағы мақсат-тәрбиешінің жұмысын женілдетіп, бала білуге тиісті білім-білік көлемін толық аңғартып, тәрбие мақсатын дәл анықтауға мүмкіндік жасау;
- бағдарламада көркем әдебиет бөлімі жоғарыда аталған әрбір тақырыптың мазмұнына сәйкес жүйелеңді;
- мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде тәлім-тәрбиені кешенді ұйымдастыру тәсілі қазақ тілінде тұнғыш рет ұсынылды.
Сонымен балабақшада өтілетін тәрбие жұмыстары жоғарыда аталған тақырыптар негізінде 2 ден 7 жасқа дейінгі сәбилер үшін кешеңді тәсілмен іске асырылады. Бұл тәсілдін әр топқа белгіленген апталық жүктемені азайтуға, балалармен әртүрлі өз бетінше шығармашылық жұмыстар жүргізуге, тәрбие аралық сазды (әуенді) дене сергіту жаттыгуларын көбірек қолдануға, тәрбие сабақтастығын жақсартуға мүмкіндік беретін тәжірибеде анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет