І тарау. Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы


Қазіргі заманғы бағдарламалардың өзіндік ерекшелігі



бет7/10
Дата02.06.2022
өлшемі294,5 Kb.
#36182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -mektepke-deyingi-balalarga-mektep-aldy-dajarlyq

2.3 Қазіргі заманғы бағдарламалардың өзіндік ерекшелігі

Қазіргі заманғы бағдарламалардың өзіндік ерекшелігіне байланысты осы тақырыптарға орай аптаның бір күнінде тәрбиенің бір саласына баса көніл бөлініп, қалған тәрбие түрлері алғашқымен сабақтас, біріктіре жүргізіліп, іскерлік дағдыларды меңгерту, қайталау, бекіту жұмыстары серуенге шыққанға дейін жеке және шағын топпен жүргізіліп, тиянақталады да, күш тәртібі кезіңде өтілетін сол күнгі тәрбие жұмыстары мақсатына, мазмұнына сай тіл дамыту, санау, әуенді қимыл-козғалыс, бейнелеу, имандылық-инабаттылық кездерінде берілетін біліммен байланысты жүргізіледі.


Мектепке дейінгі тәрбиені кешеңді ұйымдастыру нәтижесінде баланы жан-жақты дамыту арқылы жетілдіре қалыптастыру негізі қаланады. Баланың денсаулыгын нығайту, дене мүсінінің сымбатын жетілдіру, әуенді кимыл-қозғалыс жасату арқылы талғампаздыққа тәрбиелеуге жағдай жасалады.
"Балбөбек" бағдарламасын әзірлеу барысында баланың құқығын қорғау мәселесі тәрбиелеу мен білім беру бағытында жүзеге асырылатын білім мазмұнында сабақтастыра жүргізуте мән берілді.
Тәлім-тәрбиені ізгілеңдіру, демократиялық бағытта жүргізуді ескере отырып, баланың еркімен санасу, онын талап тілегіне назар аударып, бағыт беріп отыру, дербес әрекетін дамыту, денсаулығын сақтау, шынықтыру, жеке тұлғаны қалыптастыру, балабақшадағы күн тәртібін бұлжытпай орыңдау, баланың мұктаждығын өтеу сияқты мәселелер бағдарлама мазмұнында толық қамтылғандықтан оны жеке тақырып ретінде ұсыну қажетсіз деп табылды. Себебі бұл бағдарламаны іске асыру кезіндегі тақырыптарда әрі қарай нақтылана түседі.
Бүгінгі тандағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда мектепке дейінгі кезендегі жүйеде жұмыс тәсілдерінін жаңа түрлерін табу, балаларды еңбекке тәрбиелеп баулуда нарықтық қатынас жағдайына бейімдеу талап етіліп отыр. Осыған орай балалар мен үлкендер арасындағы қарым-катынаста ақыл-ой міндеттерін шешу бағытында әр түрлі танымдық үрдістерді дамыту үшін ойын әдіс-тәсілдері кең қолданылады.
Қазақ халқында "баланы ойын өсіреді" - деген даналық сөз бар. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі шынығады, көнілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі қалыптасады. Заман өзгерген сайын адам баласынын басынан өткендері балалардың ойынында көрініс табады. Ен бастысы,ойын барысында жан-жақты ойлануға, тез арада шешім қабылдауга тура келетіндіктен, ойын бала тәрбиесіндегі ерекше құбылыс.
Ойын-тәрбие құралы болғандыхтан қоғам құрылысының өзгеруіне қарай оның мән-мазмұны да өзгеріп, түрленіп отырады, ол балаларды еңбекке баулу, әзірлеу барысында тиісті жүйе бойынша жүзеге асырылады. Соған байланысты сонғы кездерде балалар ойынының негізгі тақырыбы-жаңа оқиғаларға толы, базар, нарық түріндегі ойындар араласты. Ойынның басқа түрлерімен бірге ересектер мен мектепке даярлық топтарында балаларды ауылшаруашылық, өндірістік, коммерциялық салаларға арналган сюжетті-рольді экономикалық ойындарда балалар негізінің "Базар" ойынын ойнайды. Балалар"Базар ойынында "сатушы"және "сатьш алушы" болып бөлініп ойнайды. Ал "менеджер" атты экономикалық ойында балалар несие алуды, банкротқа ұшырауды, жеке меншікке дүкен, асхана, театр алуды игеріп, нарықтық қатынасқа түседі, экономикалық ойындар үрдісінде нарық туралы түсінік алады.
"Балбөбек" бағдарламасын дайындауда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын ұлттық негізде жанарту, оларды жан-жақты дамыту сапасына қойылатын талапты күшейту, сонымен бірге жас ерекшелігін ескере отырып, денесінің дұрыс өсуіне физиологиялық жағынан ауыртпалық түспеуін, балалар менгеруге тиісті білім мөлшерінің дәлдігін қадағалау мәселелері мұқият ескерілді.
Бүгінгі заман XXI ғасырдын кеш басы, бүкіл дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Біз қанша дамып, басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәт те назардан тыс қалмауы тиіс. Бата - Ұрпақ - Өркен деген ұғым ерекше ескеріліп, бүгінгі күннің шыға қояр ең маңызды мақсаты да жан-жақты бала тәрбиесі болуы тиіс. Демек, жан-жақты жетілген білімді азамат дайындау қоғам алдындағы міндет болғандықтан мектепке дейінгі ұйымның да негізгі мақсаты баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, адамгершілікке баулып, білімге деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Осы дағдыларды меңгерту тәрбиеші мен ата-ана тығыз байланыста болу керек. Ата-аналарды балабақша өміріне қатыстыру жаңа заман жағдайында үйлесімді шешімді талап етеді. Бұл мәселені нәтижелі шешуте бізге «тәй-тәй» бағдарламасы жол ашып отыр. Соростың «тәй-тәй» технологиясы - тәрбие және оқыту процестерін ізгіліктендіруге, демократияландыруға бағыт алған қазіргі кезеңде әрбір сәбиге топтағы бір не бірнеше қызмет таңдауға еркіндік беру арқылы оның жеке тұлғалық қаблеттерін дамытуды көздейтін халықаралық бағдарлама. «Тәй-тәй» Халықаралық білім беру бағдарламасы сабақтарды қорытуға. тнянактауға өте тиімді деп ойлаймын.
Окыту әдісін баланың антуымен зерделеуге болады, бірақ осы әдісті қолдану машығын тек сабақ барысында ғана игеруге болады. Топтағы орталықтарда жұмыс істеу барысында балалар: бір-бірінен үйренуге; өз ойларын еркін айтып қорытынды жасауға, шешім қабылдай білуге үйренеді, бірлесіп жұмыс істеуге, өздерінің білімдерін, тәжірибелерін іс жүзінде, пайдаланады.
Балабақшамызда аталған бағдарлама негізінде мына төмендегідей жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда Тәрбиеші-мамандармен балабақша ішінде семинар ұйымдастырылды.
Белсенді оқу орталыктары жасақталды.
Ашық сабақтар өткізілді.
Ата-ана бұрышында «менін көңіл-күйім», «мейірімді лебіздер» тақырыбында хат алмасу және тілек білдіру жұмысы ұйымдастырылды.
Ата-аналарды орталыққа тарттык.
Конференция өткізілді. «Менің отбасым» такырыбында.
«Біз бақытты отбасы» атты ата-аналар газеттері шығарылды.
Ең бастысы, тәрбиешілер шығармашылығына жол ашылды. Осы бағдарлама мен жұмыс істеу барысында тәрбие ісімізде оң өзгерістер болғанын байқап жүрміз. Топтағы 20-25 балаларды оқытып. олардың әрекетін басқару бір ғана тәрбиешіге оңай емес. Өйткені, тәрбиеші әр сабақта 4-5 баламен жұмыс істеп, олардың білімді меңгергендігіне көзіп жеткізе алады. Өкінішке орай, 10-15 бала назардан тыс қалады. Демек, топтағы балалар саны тәрбиешінің оларды толық басқара алатын санынан аспауы тиімді. Демек, бала саны 6-10-ға дейін азаюы керек. Сонда ғана тәрбиеші мұнша баламен жұмысты шығармашылық деңгейде жүргізе алады. Бұл проблеманы шешуге балаларды «тәй-тәй» бағдарламасы бойынша орталықтарға бөліп оқыту әдісі көмектеседі деп ойлаймын.
Бала тәрбиесінде отбасы басты роль атқаратыны белгілі. Өйткені кішкентай бала отбасына өте жақын да тәуелді және ата-анамен тығыз байланыста өмір сүреді. «Сорос» бағдарламасының үлкен бір ұтымды ерекшелігі оқыту-тәрбие жұмысына отбасылардың тікелей қатысып, атсалысуы. сабақ өткізуге көмектеседі. Тағы бір ескеретін жайт - сабақ сапасы жоғары, әрі оның нәтижесінің жақсы болуы тәрбиешіге өте байланысты. Тәрбиеші әр сабақты жаңа технология негізінде өткізсе, сабақ сапасы да артады.
Жаңа технология үрдісінің талабы - бүлдіршіндерге білім беруде мақсатқа жету, балалардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін артыра отырып, сабақта үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Қазіргі кезде жаңа технология баланың кез-келген сабаққа қызығушылығын оятып, болжау қабілетін қалыптастырады.
Бұл «тәй-тәй» технологиясын көбінесе қорытынды сабақта пайдаланған тиімді.
Бұл технологияны қолданудагы мақсат.
Балалардың бойына білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Балалардың барлығын сабаққа ынталы түрде қатыстыру.
Пән аралық байланысты нығайту.
Балалардың сауаттылығын арттыру.
«Тәй-тәй» бағдарламасының басқа технологиялардын ерекшелігі:
Таңертеңгі жнын өткізу.
Орталыктарға бөлініп шағын топ-пен жұмыс істеу.
Кіріктірілген сабақтар жүргізу.
Тақырыптық оқыту.
Осы ерекшеліктердің тиімділігі мынада:
Біріншіден таңертенгі жиын балаларды сезімталдыққа, ұйымшыл-дыққа, табиғат кұбылысы мен өмір құбылысын байланыстырып суреттей білуге, ойып толық жеткізуге, байқағыштыққа үйретеді.
Екіншіден орталықтарға бөлініп шығып топпен жұмыс істеу оқушыларды бір-бірін сыйлауға, бір-бірінің сөзін бөлмей тыңдауға, бір сөзбен айтқанда мәдениеттілікті үйретеді, бірлікте, ынтымақта жұмыс істеуге дағдыландырады.
Үшіншіден кіріктірілген сабақтар мен тақырыптық оқыту арқылы балалар ғылымның әр саласын бір-бірімен байланыстыра білуге, бір тақырып айналасында зерттеу жүргізуге үйренеді.
12 жылдық білім беру жүйесіне кешудің алғашқы қадамынын бірі ре-тінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі ұсын-ған шағын кешенді мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына арналған (Мира Имансерікқызы Нүсіпбекова әзірлеген) «Қарлығаш» бағдарламасының жобасы еліміздің барлық облыстарына сынаққа берілгені мәлім. (С қосымша)
Осыған орай Шымкенттегі Республикалық «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының филиалы Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының мамандары мен бағдарлама авторы Нүсіпбекова Мира Имансерікқызын шақырып әдістемелік кеңес өткізді. Онда автор әріптестеріне жеке нысанда білім мен тәрбие беру қызметін көркем шығармалар аясында әртүрлі дамытушы орталықтарда жан-жақты қарастырғанын түсіндірді. Бір сабақтын ұйымдастыру құрылымын тілге тиек ете келе әр сабақта тәрбиешінің жеке шығармашылығына назар аударды. Осындай сабақ үлгілерін кеңеске қатысушылар - Шымкентгегі №75 «Ақбидай» меңгерушісі (Шякина Зинайда Ивановна), №15 «Жадыра» меңгерушісі (Тлеубердиева Фатима Сманқызы) шағын кешенді балабақшаларында көріп, ондағы балалардың дербес іс әрекеттеріне риза болды. Мұның өзін сынаққа түскен «Қарлығаш» бағдарламасының ұтымды олжасы деуге болады. Республикадағы әріптестерімізге бұл бағдарламадағы сабақтың сызбасын ұсынып, осы жүйеде өткен сабақтар баланың көңілін қуанышқа бөлейді деген сенімдеміз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет