Кәсіби біліктілік - бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъектінің үнемі
өсу үстінде болатын өзін-өзі дамыту үдерісі. Осыдан келіп кәсіби біліктілікті іс-әрекеттегі субъектінің жеке интегративті қасиеттерінің мінездемесі ретінде қарастырудың өзектілігі туындайды. Әдебиеттер мен нормативтік құжаттарда: «Оқытушының кәсіби біліктілігі ретінде оның педагогикалық қызметі, педагогикалық қарым- қатынасы, мейлінше жоғары деңгейде жүзеге асырылатын еңбегі, мұғалімнің жеке қасиеттерінің жүзеге асырылу көрсеткіштері, оқушыларды тәрбиелеу және оқыту ісіндегі биік нәтижелер мен жетістіктері ескеріледі». Өз кезегінде «білікті маман - мамандыққа тән нормалауды меңгерген, өз бетінше кәсіби мақсаттарды жүзеге асыра алатын, уәждемесі мен өзін-өзі жүйелеудің жоғары деңгейін иемденген, өзін-өзі басқара білетін адам», - деп көрсетіледі. Кез келген білім беру мекемесінде кәсіби шеберлікті көтеру мәселесі педагогикалық ұжымды қалыптастыру кезеңінен басталады. Оқытушының кәсіби шеберлігін, біліктілігін көтеру - білім беру сапасын көтерудің ең маңызды шарттарының бірі. Кәсіби шеберлікті қалыптастыру - оқытушының шығармашылық
жеке тұлғасын қалыптастыру, жаңаны қабылдауға деген дайындықты қалыптастыру, педагогикалық инновацияларға деген қабылдауларын дамыту. Біліктілік - игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде
орындалуы тез, дәл, саналы теориялық және тәжірибелік әрекеттерге даярлық. Жүйенің мазмұны мен мақсатын, әдіс-формаларын, ұстанымдарын, білім алушылар мен оны ұйымдастырушылар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту жаңа нәтижелерге әкеледі. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі - осы дидактикалық жүйедегі негізгі бөлік оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінеміз. Орыстың белгілі педагог ғалымдары Н.Крупская, А.Луначарский, A.Макаренко, В.Сухомлинский, Н.Блонский және басқалары - мұғалім даярлаудың негізін қалаушылар. Қазіргі ғалым педагогтар, психо- лог әдіскерлер В.Сластенин, С.Полянский, Л.Керімов, А.Қадыров, А.Щербаков, К.Әбдімажитұлы, Н.Кузьмина, т.б. жоғары оқу орын- дарын білім мен біліктілікті, кәсіби іскерліктерді жетілдірудің және мұғалімдерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудың бірден-бір үдерісі ретінде дәлелдейді. Біздің елімізде кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: орта мамандар
даярлайтын арнайы оқу орындары, жоғары мамандар даярлайтын оқу орындары. Кәсіптік білімнің негізі - жалпы және политехникалық білім. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет. Сонымен, мұғалімнің кәсібилігі іс жүзінде жас ұрпақты өміргеәлеуметтік қажеттілік деңгейінде дайындап шығаруды қамтамасызететін оның психологиялық, педагогикалық және ғылыми-пәндікбілімдері мен оларға сәйкес мәдени-адамгершілік бейнесі және беделіжиынтығының жоғары сатысы болып табылады. Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ -кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты.