І тарау. Педагогтың КӘсіби дамуының теориялық негіздері



бет2/15
Дата23.05.2022
өлшемі93,72 Kb.
#35339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Куурсовой Аяжаннн (1) — копия

Зерттеу базасы: 266 мектеп-лицей
Зерттеу жұмысының мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігімен қатар, оны басқару ісін тиімді ұйымдастыру, дұрыс бағыт-бағдар берілетін әдістемелік жұмыстарды жүргізу, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін зерттеу.
Зерттеу нысаны: қазіргі таңдағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі.
Зерттеу пәні. Педагогтың кәсіби дамуы және өзін-өзі дамытуы


Зерттеу міндеттері:
1. Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында мектеп ұжымының ықпалы.
2. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы ретінде.
3. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру.
4. Қазіргі заманғы мектептегі білім сапасын жетілдіру білім үрдісінің субъектілерін дамыту шарты ретінде.


Зерттеу болжамы: Егер педагог өзін-өзі қазіргі заман талабына сай жан-жақты кәсіби дамытса, онда педагог құзыреттілік терминімен қатар білім,іскерлік,дағдыны қолданса кәсіби маман болар еді


І ТАРАУ. ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Педагогтың кәсіби өсуі, өзін-өзі тәрбиелеу және оқыту мәдениеті


Оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған әлемге
әйгілі ғұламалар Я.А.Коменский, Ж.Руссо, Песталоций, Дистервег,
орыс ғалымдары К.Ушинский, Л.Толстой, А.Макаренко, В.Сорока-
Росинский, В.Сухомлинский және басқалары: «Егер кез келген адам
өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне жеткен күнде оны тәрбиелеудің
қажеті жоқ, өйткені оны тәрбиелеу аяқталды», - деген пікірді
дәріптеген. Өйткені олардың «оның тәрбиесімен басқа біреулердің
шұғылдануының қажеті жоқ, ол енді өзін-өзі тәрбиелей алады»деген
пікірге келгені педагогиканың тарихынан белгілі.
Адамның өзін тәрбиелеуіне ықпал ететін факторлар - қоғамның
немесе көпшіліктің пікірі, сынды қабылдау және өзін сынға алу
мүмкіндігі, ұжымдағы жағымды тыныс, жақын әлеуметтік орта,
ұстазы, дос-жараны, ата-ана және басқалардың көмегі.
1. Педагог, психолог ғалымдардың еңбектеріне және өз тәжіри-
бемізге сүйене отырып, адамның өзін-өзі тануы және оның нәтижесі
ретінде өзін-өзі тәрбиелеуінің мынадай тәсілдерін анықтадық:
- өзін-өзі талдау - бұл өзінің ой-сана ағымы мен сезім қызметінің
дұрыс-бұрыстығын ой елегінен өткізіп, саралау;
-жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын талдау іс-әрекеті, басқалармен
қарым-қатынасы, іс-қимылы, тағы басқа сараптау:
-өзінің сөйлеу мәнері мен сөздік қоры және сөзді ұғынуы ментүсінуін талдау:


- өзін өмір сүрген жақын ортадағы адамдармен салыстыру;
- өзін өзінің мұратымен салыстыру;
- өзін мұрат тұлғасымен салыстыру;
- өзін-өзінің жақын құрбысы мен салыстыру;
- өзін басқалармен салыстыру;
-өзінің ішкі жан дүниесіндегі кемшіліктерді саралау;
-өз бойындағы іштарлық, жалқаулық, салғырттық, өзімшілдік,
көреалмаушылық, қулықпен көзге шалыну, басқаларды азап-
тап пайда табу, адамдардың арасына іріткі салу секілді нашар
қасиеттердің бар-жоғын сараптаудан өткізу.
2. Бұларды анықтаған соң, енді олардың ішінен кейбір кемшіліктер
өз бойында бар болса, оларды жою жолдарын қарастыру керек. Осыған
орай мынадай өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін ұсынамыз:
- өз мінез-құлқын реттеу үшін өзіне бұйрық беру;
-белгілі бір істі жүзеге асырудағы жалқаулығын жою үшін өзін-
өзі мәжбүрлеу;
- өзін-өзі жаттықтыру - белгілі бір әдет, дағдыларды бойына сіңіру
үшін қолданылатын бір істі көп рет қайталау арқылы жаттығу;
- көндігу - әртүрлі өмір жағдайларына, жаңа өмір салтына, жаңа
тұрмыстық және кәсіптік талаптарға бейімделу үшін жүзеге
асырылатын ішкі саналық және сыртқы іс-қимылдық әрекеттер;
- әдеттену - жаңа мінез-құлық, жүріс-тұрысқа дағдылану үшін
істелетін тұлғаның өзіндік әрекеті;
-өзін-өзі қайраттандыру (қайрау) немесе жігерін жану арқылыбойындағы салғырттықты жою, жігер-қайратын ояту, өз ойымен сезіміндегі жасқаншақтықты жою үшін иландыру тәсілінқолдану;
- өзін-өзі бойындағы қуатына сендіру;
- өзін-өзі нандыру - ойша және сөз түрінде белгілі бір арнайы фор-
мулаларды орындау арқылы жүзеге асады. Өзімен-өзі кеңесуді
«қабырғаңмен кеңес» дейді халқымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет