І тарау. Педагогтың КӘсіби дамуының теориялық негіздері



бет8/15
Дата23.05.2022
өлшемі93,72 Kb.
#35339
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Куурсовой Аяжаннн (1) — копия

білімді маманның құзыреттілігін автор жоғары оқу орны түлегінің кәсіби
қызметгегі біліктілік пен іс-әрекетті атқаруға деген теориялық және
практикалық дайындығы мен қабілетінің бірлігі деп түсіндіреді. Бұл
ұғымның мәні кәсіби икемділіктердің жиынтығы арқылы ашылады.
Адамға кәсібінен тысқары жерде қажетті құзыреттіліктің кейбір жалпы
түрлері айқындалған. Бұлар өндірістегі, әлеуметтік тәжірибедегі өзгерістер
кезінде өз маңызы мен мәнін жоғалтпайды. Б.Т.Кенжебекон құзыреттіліктің
әр түріне кәсіпаралық жалпы компоненттердің мынадай түрлерін енгізеді:
мамандыққа құзыреттілік - өндіріспроцесін жоспарлауғақабілеттілік,
компьютермен,оргтехникамен жұмыс істей білу, техникалық
құжаттамаларды оқу, қол машықтығы;
жеке тұлға құзыреттілігі - өзініңеңбегін жоспарлауға, бақылауғажәне
реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешімқабылдауға үйреншіктіемес
(нестандартное) шешімдер табуға, қисынды теориялық жәнепрактикалық
ойлау; проблеманы көре білу, өз бетімен жаңа білім мен іскерлікті игеру
қабілеті;
дара құзыреттілік - жетістік мотивациясы жәнетабыстыңқорлануы, өз
жұмысының сапалы болуына ұмтылу,өзін-өзімотивациялауға қабілеттілігі,
өзіне деген сенімі мен оптимизм.
Адамға тірі организм ретінде ең алдымен, оның физикалық бар болуы
мен дамуын қамтамасыз ететін барлық құзыреттер тән. Осыған байланысты
Т.Е.Исаева адамның құзыреттілігіне жататын бірінші топқа бейімделу
құзыреттерін жатқызады. Автор интеллектуалды, физикалық, психикалық
дағдылардың жиынтығын, қоршаған орта мен табиғатқа қатысы туралы
білуін, шығармашылық пайда болу жолымен табиғи байлықтарды сақтау
және өзгермелі табиғи ортаға адамның бейімделуін түсіндіреді.
Әлеуметтік құзыреттіліктермен өзара кәсіби (кейде пәндік, әдістемелік
деп те қолданылады) құзыреттер тығыз байланысты. Т.Е.Исаева кәсіби
құзыреттерді - жүргізілетін пәннің ерекшелігімен қамтылған және оқытушы
ұстанатын, педагогикалық жүйеге сәйкес таңдалатын оқытудың әдістерін,
кәсіби тәжірибенің тәсілдерін, білім, іскерлік жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Әлеуметтік құзыреттіліктердің ішінен коммуникативті құзыреттерді де
ерекше атап өтуге болады, Д.Т.Қаңлыбаеваның пікірінше, коммуникативті
құзыреттер адамның қарым-қатынас жасау мәдениетіндегі практикалық іске
асыру болып табылады. Ол жеке тұлғаның өз бетімен іске асыруға, өзін
анықтауға дайындығын қамтамасыз етеді, қоршаған орта мен өзінің
арасындағы үндестікке жету шарты, адамның ішкі әлемін құру мен оны
байыту құралы болып саналады. Автор коммуникативті құзыреттер деп
құрылысы бойынша күрделі, жеке тұлғаның өздігінен жүзеге асуы мен
қарым- қатынастың негізгі міндеттерін табысты іске асыруын қамтамасыз
етеді және лингвистикалық іскерлікті меңгерумен, тіл мәдениетінің ерекше
әлеуметтік-мәдени нормаларын сақтаумен қарым- қатынас жасаушылар
арасында психологиялық заңдылықтарды орнатумен, жағымды атмосфераны
ұстаумен, жеке тұлғаның эмоционалды-сезім аймағының дамуымен
анықталады дейді.
Жалпы кәсіби құзыреттілік анықтамаларын жалпылай отырып, біз
келесідей қорытынды жасаймыз: оқытушыныңкәсіби құзыреттілігі
дегеніміз -бұл педагогикалық және тәрбие міндеттеріндұрыс шешу үшін
ғылымижәне практикалық білімдерін құра білуіскерлігінің жиынтығы.
Осы тұрғыдан оқытушыныңкәсібиқұзыреттілігінің негізгі көрсеткіштері
ретінде келесілерді атауға болады:кәсіби әрекетінің мақсаты мен міндеттері,
педагогикалық жағдаяттарғабайланысты психологиялық-педагогикалық
білімдерін кәсіби әрекетіндеқолдана білу іскерлігі, қазіргі білім беру
технологияларын меңгеру, педагогикалық қарым-қатынас жасау
модениетінің жоғары деңгейде болуы.
Сонымен, кәсіби-тұлғалық құзыреттердің осылайша жіктелуі оның
аяқталғанын көрсетпейді немесе көптеген құзыреттер жеке тұлға
потенциалына, әлеуметтік-мәдени қамтылуына байланысты өзгермелі болыпкеледі.
Кәсіби құзыреттіліктің мәнін, жоғарыда аталғандай, әр түрлі көзқарас
бойынша қарастыру, оның көпқырлы және өзгермелі түсінік екендігін
анықтайды. Оның мәні қоғамда, білім беру жүйесінде, ғылымда, мәдениетте
болып жатқан өзгерістерге сәйкес ауыстырылады және әр түрлі көзқарастар
бойынша қарастырылады. «Кәсіби құзыреттілік» түсінігінің мазмұнын
толықтыру да өзгеріп отырады, себебі ол көптеген факторларға байланысты:
педагогиканың және бір-бірімен шектес ғылымдардың дамуы, қоғамдағы
мәдениеттің жағдайы және т.б.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, «құзыреттілік»
термині білім, іскерлік, дағды, тәжірибе мен жеке тұлғаның қасиеттері
категорияларында қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет