ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп, сабағын креативті жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқу, «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды. Үшіншіден, инновациялық оқыту, ақпарат құралдарының, мультимедиалардың көбеюі мұғалімнің еңбегінде оқулықтарды жалаң пайдалануды артқа тастады. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады. Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алтын дәрежеге жеңуі мүмкін. Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымдарды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы тиіс. Оқушы ықпал ету обьектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.
Қазіргі уақытта мұғалім мына төмендегі сипаттамаға лайық болуы тиіс екендігі атап көрсетіледі: Ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы ізденіп, өзінің пәндік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімін, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы; Коммуникативті, қоғамдық ортада беделді адам болуы; Өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін қамқор, психолог болуы керек. Белгілі педагогикалық технологияның толық әдістемсін меңгерген, ғылымның әр саласынан хабар дар, жан – жақты білім болуы; Өз мамандығын жақсы көретін, біліктілігі жоғары,кәсіптік шеберлігін ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытатын адам болуы; Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесінежеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетікбілетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары,педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті,оқытудың жаңа технологияларын толықмеңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелердішығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маманпедагогты атаймыз. Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алтын шығармашылық деңгейін көтеру. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: "Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады",-дейді. Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үдерісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр. Біздер, академик В.Вернадскийдің айтуынша, әрбір адам қоғамның дамуынан, қоршаған әлемнің өзгерістерінен артта қалып келеміз. Сондықтан бұл мәселе әр адамның жасына, қызметіне қарамай, үнемі білім алу қажеттілігін арттыра түсетін фактор ретінде қарастырылады. Осыған орай, мемлекетіміздегі білім беру жүйесін жаңартудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басты мәселе де «өмірлік білімнен - баршаға, өмір бойы игерілетін білім ұстанымына» өту болып отыр. Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі оқу жылында бірінші рет тамыз педагогикалық кеңестерін мұғалім мәселесіне арнап: «Егемен Қазақстанның мұғалімі: оның әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесі» деген тақырыпта өткізді. Мұғалімнің әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесін көтеру қажеттігін алдымен білім беру және ғылыми қызметкерлерінің II республикалық съезінде еліміздің Президенті H.Назарбаев айтқан болатын. Мұғалімнің кәсібилігі туралы әңгіме қозғағанымызда өте көп мәселелік сұрақтар туындайды. Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беруі, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыруы тұрғысынан бағалау қажет-ақ. Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындарының білімді мұғалім ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлауы - күрделі үдеріс. Бүгінгі білім беру саласындағы көкейкесті мәселелердің бірі - біліктілікті арттыру. Яғни біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа дидак- тикасын жасау. Педагогика саласында «біліктілік» термині әртүрлі қырларда, соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады. Н.Кузьмина: «Кәсіби біліктілік- іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттердегі кәсіби біліктілік - бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңаша сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне сапалы мінездеме мен баға беру», - деп атап көрсетті.